Ерлік - мәңгі есте! (Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Тақырыбы: Ерлік- мәңгі есте!

Мақсаты: 9-мамыр Жеңіс күні туралы мағлұмат беру. Соғыс ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Зал ішін мереке күніне арнап безендіреміз. Сол жақ қабырғаның жоғарғы бөлігіне «9-мамыр Жеңіс күні»- деген жазу ілінеді. Түрлі түсті атлас ленталармен салют бейнеленіп, шарлармен әсемделген. Одан төмен вазадағы гүл шоқтары қойылған. Залдың төрінде плащ- палатка орналасқан, ал оның жанында автоматтар мен мылтықтар. Көрермендер алдына бірнеше жерден гүлдер қойылған. А. Пахмутованың «Жеңіс күні» музыкасының сазымен балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Осыдан көп жыл бұрын сонау сұрапыл соғыс басталған шақта дүниеге келген сәбилер –бұл күндері алпысты алқымдаған ел ағалары. Әйтсе де, сол бір қайратты жылдар жыл сайын қайта жаңғырып өткенді еске салады. Сол жаңғырықтар жеткіншек ұрпақты бейбітшілікке, Отан сүйгіштікке үндейді!

Қош бол, досым, жақыным,

Уақыт тығыз, сөз қысқа!

Кетіп бара жатырмын,

Сұрапыл бір соғысқа-деп ақын Қасым ағамыз жырлағандай бұл 1941 жылғы 22 маусым еді. Соғыс осылай басталды. Міне сол сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да биыл 71 жыл толып отыр.

Магнитофоннан А. Александров пен В Лебедев-Кумачтың «Священная война» өлеңі баяу орындалып тұрады. Енді осы Ұлы мерекеге орай бір топ бүлдіршіндер өлеңдер оқиды.

1.Марлен:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән көрік.

2.Әлихан:

Жеңіс келді әке боп,

Жеңіс келді, алақай.

3.Аида:

Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын ағалар!

Ұмытпайды ешқашанда,

Жауынгерді балалар.

Енді бүлдіршіндеріміз «Бала,бала, балақан» әнін орындап береді.Тағы да кезекті өлең оқуға берейік. Қазір сіздерге бір топ бүлдіршіндер өлең оқып береді.

4.Жұлдыз

Алаулап гүл жарады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса!

5.Минара:

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса.


6.Әділжан:

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық бала бейбіт күнді қолдасын.

Жүргізуші: Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

«Достық» биін көріңіздер,

Өнерге баға беріңіздер-деп алдарыңызға «Көңілді достар» биімен бишілер тобын шақырамыз. Енді біздерге Аружан, Рустам, Елсияр, Зульфия өлең оқып береді.

7. Аружан:

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі.

Әлия аты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

8.Рустам:

Болмасын соғыс болмасын,

Тыныштық болсын әлемде.

Болмасын соғыс болмасын,

Бақыт қонсын жеріме.

9.Елсияр:

Әкем шопан ауылда,

Мойымаған дауылға.

Еңбек ері атанған,

Сыйлы бүкіл ауылға.

10.Зульфия:

Атам Отан қорғаған,

Онда қорқақ болмаған.

Алтын жұлдыз кеуде де,

Нағыз батыр ол маған.

Енді әнші қызымыз Альбинаның орындауында «Ойыншықтар» әнін тамашалаңыздар.

Ортаға бір топ бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

11.Анель:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,

Көктем! Шуақ!

Тоғызыншы май күні!

12.Руслан:

Благодарим, солдаты вас,

За тишину, за мир.

В котором мы живем.

13. Әли:

Сөнбе ешқашан күніміз,

Тілейді мұны жеріміз.

Тілейді мұны еліміз,

Тілейміз мұны бәріміз.

14. Элана:

Батыр Ана-анам да

Батыр-үлкен ағамда.

Ал үйдегі әжеміз,

Алғыс айтар заманға.

Би: «Қара жорға»

15.Айхан:

Отанымның гүлі көп,

Өсіріп, баулып, баптаған.

Бақытты елдің ұлы боп,

Жүргеніме мақтанам.

16. Аңсаған:

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл-бәйшешек еш уақытта солмасын.

17. Бибарыс: Міне, сондай ата-анам,

Мен үлкеннен бата алам.

Батырлардың үйі деп,

Бізді ауылда атаған.

18.Мирлан:

Жамандық Алла бермесін

Ұрпақтар соғыс көрмесін.

Тілегіміз біздің де,

Әрқашан күн сөнбесін!

Енді балалардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін!» өлеңін тамашалаңыздар. (Балалар ерекше шаттықпен, аса қуанышпен жалауша, ақ көгершін, гүл, шар ұстап толқып тұрады).

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні,

Тоғызыншы май күні!-деп бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Балалар музыка ырғағымен залдан шығып кетеді.