Арулар сайысы Көктем аруы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: "Көктем аруы"
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүгін сізге арналған,
«
Көктем аруы» сайысын бастайық.
Жаны – сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі асқар, - Күн ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр ару
Көрік болған көгімде жұлдыздар – ай,
Бай болсын қыздарымыз ізгілікке.
Жақсы дәстур көп біздің ішімізде,
Қол соғып, қошеметпен шақырамыз,
Мың бұралған арулар сәлем береді көпшілікке – дей отырып, сахнаға аруларды шақырамыз.
Әуен: Ұл балалар қыздарды ерекше құрметпен ортаға алып шығады.
1 ару: Бет пішіні, дене мусіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті:
Серікқызы Айзада.
2 ару: Баппен сөйлеп, биязы күліп жүзі жылы, өзі ұян, тәні нәзік қыз
Туманова Камила.
3 ару: Тақпақ айтып тақылдайды, топтың сабырлы да ұяны –
Мақсот Нұршат.
4 ару: Сөзі салмақты, ісі тиянақты, дене бітімі жинақы қыз
Төлеген Аяулым.
5 ару: Көз жанары өткір, бет әлпеті бал - бұл жанған, тәні шымыр қыз
Ажен Перизат.
6 ару: Сөзі өткір, өзі пысық, келбетті, өрескелдікті сүймейтін қыз
Кенжебекқызы Дильназ.
7 ару: Әр нәрсенің мәні бар,
Ғарифолла Айәсемнің өз орны бар. 8. ару:Топтың ұяң қызы, ақылды биязы қызы Қарақасан Жаннұр 9.ару: Сызылып сөйлейтін, елді өзіне баурайтын , тобымыздың білімдісі Серік Іңкәр 10.ару: өзі сұлу, өзі салмақты, сөзі балдай Қарамурзиева Самал 11. Ару: Ақылды, қылықты,тәртіпті сұлуым Игілік Көркем 12.ару: Ән айтса тез айтатын, ертегіні әдемі айтатын ару Сокол Гаухар




1 – ші байқаудың шарты: Ал енді қымбатты арулар, Сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты өзін - өзі таныстыру.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бугінгі сайысымызға бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
1 - ші ару
 
Келдім мен міне бүгін сың алуға,
Сыңалып үлкендерден үлгі алуға.
Саламын бар өнерді осы ортаға,
Береді әділ қазы әділ баға.
Сұраңыз менің аты - жөнімді
Мырзагереева Диана Ерболқызымын
2 - ші ару
 
Халқымның өнерінен таққан тұмар,
Қыз едім сұлулыққа жаны құмар
Сәлемімді иілген қабылдандар,
Келтірген өнердің де сөздің парқын,
Қызымын Қайраттың атым Камила,
3 - ші ару
 
Демеймін басқалардан асып кетем
Шабытты қостым көптің дүрмегіне.
Сайраған елімнің бір бұлбұлымын
Халқымның қадірлейтін, Даяна атты қызымын.
4 - ші ару
 
Сан топта жарыстарда жеткізбеген
Келмеген қатарыма, ешкім жақын.
Бұл сайыс үлгі аларлық болмақ өрнек
Келген жан, сан өнерді көзбен көрмек,
Руым алаша, Бауыржан қызы Жангүлмін.
5 - ші ару
 
Жібектей шәлі орамал кестелеген,
Өнерді жиып алып дестелеген
Биікке қанат қаққан бір қызыңмын,
Сәлемдесіп алайын көпшілікпен!
Аидар қызы Ақтоты деген мен боламын.
6 - ші ару
 
Елігі ем – еркін жүрген кең даланың
Өнерге қанатымды кең қағамын.
Намысын арулардың қорғай білер
Мараттың қызы Жаңылсын мен боламын.
8 - ші ару
 
Армысың әже, ана, бауырларым,
Өнер сүйер үлкен – кіші қауымдарым.
Көктемде қырда өскен қызыл гүлмін,
Қол соғып, құшақ жайып қабылдандар,
Серік қызы Даяна мен боламын.
Келесі байқау «Өнерлі өрге жүзер»
2. Бұл байқаудың шарты:
Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету сайысына түседі
«Қалауын тапса, қар жанар» - демекші, келесі сайысымыз өз өнерін көрсету.
«Қыз еркем, кестесімен, өнерімен көркем» демекші ару қыздардың шеберлік өнерін байқайық.
3. «Көктем тәттісі» (анаммен бірге ) бұл сайыста үйден дайындап келген тәттілерін қыздарымыз көрсетіп атын атап таныстырады. Жүргізуші:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
6бала тақпақтар айтады Сізге арналады бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз,
Тәрбиелі ұл - қыздарды өсірген,
Ұлы – Ана ұзақ өмір сүріңіз.
Ән «Ақ мамам»
4. «Сәндік киімдер» үлгісі.
Ару қыздар – Ай көрік, қылығы – Күн.
Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн шекті ұлылығым.
Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің
Серпіп, алға жалғайтын тік тағдырың.
Ескеріңдер ертеңі ел тағдыры
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры.



Жүргізуші: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер —
 ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —
 жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Балалардың сіздерге арнаған тақпағын қабыл алыңыздар.6бала Би: «Флешмоб» ұлдар Жүргізуші: Өлкеме Наурыз келді, көктем келді, 
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
 
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
 
Арманы асқақтады көптен бергі.
 

Ән: «Қарлығаш»
1. Бас жүлдеге иегер қыз: «Балабақша аруы».
2. «Көрермендер көзайымы».
3. «Өнерлі қыз».
4. «Мың бұралған биші».
5. «Көрікті қыз».
6. «Бұлбұл дауысты қыз».
7. «Әдепті қыз».
8. «Сабырлы және нәзік қыз

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа,
Осымен сайысымызды аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық.









КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы











«Көктем аруы»

(сайыс)













Өткізген тәрбиеші: Кенжеғариева А.А.