Сабақ жоспары .
Пән: қазақ тілі мерзімі:21. 04. 2016ж
Сынып: 0 «в»
Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Балаларға өткен «киім» тақырыбы бойынша сөздерден сөйлем құрап айтуды үйрету.
Ә) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлей білуіне жол ашу. Киімдер мен ыдыстардың аттарын бір-бірінен ажыратып салыстыруға үйрету .
Б) Тәрбиелік: Гигиенаға үйрету, киімдерді таза, ұқыпты киюге шақыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар
Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, әліппе-дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) ҚР Әнұранын орындау.
II. Өткен сабақты қайталау. –Балалар, біз «Ғғ» дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық. -Ғарышкер, сағат, ағаш, торғай, қарлығаш, қарға. –Дұрыс. (Тақтада сағат пен пышақ суреті тұрады). –Ал, енді мына суреттерді астына біз әріпті жазамыз. Ол үшін бізге қай сөзде қандай дыбыс бар екенін қайталауымыз керек. (оқушылар келіп сағаттың астына «ғ» дыбысын, пышақтың астына «ы» дыбысын келіп жазады)
III. Қызығушылықты ояту. –Балалар, бүгін менің үстімде қандай киім бар? Ал Таирдың үстінде ше? Түстері қандай?(оқушылар айтып шығады)
IV. Жаңа тақырып. Тыңда, қайтала. Менің көйлегім. Менің жейдем, т.с.с
[pic]
Киімдердің түсін ата.
[pic]
V. Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты» ойыны.
Мен сөздер айтамын, ұшатын болса, шапалақтайды, ұшпаса шапалақтамайды.
Сөздер: тәрелке, ойыншық, қарға, ыдыстар, қарлығаш, құс, жейде, текше, доп, тон, тақия, тауық, әтеш, кесе, пышақ, мысық, күркетауық, шанышқы, торғай.
Тапсырма. Сәйкестендір.
VI. Сабақты қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? Не үйренгім келеді?
VII. Бағалау. Оқушыларды белсенділігіне қарай бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Балаларға әліппе-дәптердің 28-бетіндегі құстарды бояуға беремін.