Утренник Да здравствует праздник Наурыз!

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Мектепалды даярлық сыныптарына арналған «Қош келдің, Наурыз!» мерекесі.


Г.Б. Сахариева,

КММ «Ленин атындағы орта мектебі»

мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі

Катонқарағай ауылы, Катонқарағай ауданы, ШҚО


1-ведущий
Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Наурыз мерекесі құтты болсын «Қош келдің, Наурыз!»
Мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер


1-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.


Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.


Бәрің жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

 

2-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

 

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.


Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

 

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп, тойға шашу шашайық.

 

 

1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:


Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!


Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!


Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

 

2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «Қош келді, төрлет, Наурызым» әнімен даярлық сынып оқушыларын шақырамыз.

 

1-жүргізуші:

Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!


«Жігіттер» биін тамашалаңыздар!

 2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

 

1-жүргізуші. 

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!

 

1-жүргізуші: 

 Әжелерім асыл менен ақылды.
           Ажыратар алыс пенен жақынды.
          Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету.Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
           Бұл сыр сандықшада  ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу рәсімдері жазылған  осы     сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып жеткізу.
                                            1.Бесікке салу.
                                             2.Шілдехана.
                                             3.Той бастар.
                                             4.Тұсау кесу.
                                             5.Ат қою.

2-жүргізуші:

Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді.

 Ән «Жау-жау жаңбыр»

1-жүргізуші: 

Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
Әр үйде дастарханды жайып, қазақтың ұлттық тағамдарын келген қонаққа ұсынған. «Ас-адамның арқау» - демекші әжелеріміздің Наурыз мерекесіне әзірлеген тағамдарымен тансайықшы! Сіздердің алдарыңызда қазақтың ұлттық тағамдары.

Сіздердің алдарыңызда қыздардың орындауында «Қамажай» биі!

2-жүргізуші:

Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне,- демекші қазақ халқы осы тойда би билеп, өлең айтып қана емес және өздерін спорттық ойындары арқылы өздерінің күш-жігерлерін сынға салған. Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?


1-жүргізуші: 

-Ендеше бәріміз арқан тарту ойынына қатысып, күшімізді сынап көрейікші!


2-жүргізуші:

-Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер? (балалардың жауаптары тыңдалады)

-Сендер Қожанасырдың хикаяларымен таныссыңдар ма? Ендеше алдарыңда Қожекең мен оқытушы.

-Ал кім біледі «Жыл басына таласқан хайуанаттар» туралы ертегісін?

-Алдарыңызда жыл басына таласқан хайуанаттар!


1-жүргізуші: 

Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай - тұлғалы өмірде ,

айтылады жырымыз.


Жайнатады гүл – гулді,
Сайратады бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді
Музыкалық сәлемдеме!

Ән «Наурыз-көктем»

 2-ведущий
Құрметті ата - аналар және көрермендер, мерекелеріңізбен!
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
«Наурызға ақ жол»
«Жыл басы наурыз»
Мол болсын дәм - тұз»

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!


-«Қаражорға» биіне шақырамыз!