Ашық сабақтын тақырыбы Үй жануарлары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтын тақырыбы: «Үй жануарлар әлеміне саяхат»

Сабақтын мақсаты: 1. Балаларды үй жануарлармен таныстыру.

2. Оларды дұрыс атап, ажырата білуге үйрету.

3. Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, суреттерді көрсету, түсіндіру, әңгімелесу,

үйрету, мадақтау.

Қолданатын көрнекілер: түрлі-түсті үлкен кіші тастар, көпір, төрт түлік

малдын суреттері, әсем табиғат суреті бейнеленген

көрме.

Жылулық шеңбері: Алақанды ашайық

Күннен жылу алайық

Ауадан жылу алайық

Жүректен жылу алайық

Оның бәрін жинап ап

Апайларға шашайық.

Тәрбиеші: Осындай жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға отырайық.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қазір қыс мезгілінің нешінші айы. Қалай аталады?

Балалар: Бірінші. Желтоқсан.

Тәрбиеші: Балалар жер бетін не басып кетті?

Балалар: Қар.

Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?

Балалар: Аппақ.

Тәрбиеші: Кане балалар қар туралы кім тақпақ айтып береді.

Олжас: Қар жамылды бақтарым,

Келді еттеке қыс, міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ айтайын:

Жарысуға дайын, менің қасқа ... (Тайым)

Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... (Қозы)

Жарайсындар балалар, енді айтындаршы бұл жануарлар үй жануарма әлде жабайы жануарларма?

Балалар: Үй жануарлар.

Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Үй жануарлар әлеміне саяхат»

Балалар, біз бүгін сендермен жануарлар әлеміне саяхатқа барамыз. Оған бару үшін біз түрлі жолдармен өтуіміз керек.

Сондықтан бәріміз бір-бірімізге көмектесе отырып, жетуіміз керек. Алдымыздағы судан өту үшін көпірден өтейік. Суға құлап кетпеу үшін, бір-біріміздің қолымыздан ұстап абайлап өтейік. Енді тауға жету үшін тастардан өтейік. Тастардан бір-бірлеп адымдап аттап өте отырып тастардың түстерін, көлемін айтады. Сөйтіп, тау етегіне мал бағып жүрген бақташыға келеміз. Топ бұрышында тау етегінде жайылып жүрген жануарлар.

Балалар: Сәлеметсізбе Ата!

Атай: Амансындар ма, балалар! Қайда бара жатысыңдар?

Тәрбиеші: Ата, біз осы тауға саяхатқа келдік.

Атай: Олай болса, балалар, мен өзім жайып жүрген жануарларды сендерге таныстырайын.

(Бақташы ата суретте бейнеленген жануарларды көрсете отырып таныстырады.)

Мынау менің ала сиырым, мынау жылқым, мынау жайылып жүрген мүйізді ешкім. Ал мынау – қойларым. Су бойында жатқан менің түйем.

Тәрбиеші: Иә, балаларым, бұл жануарлардың бәрі үйде өскендіктен «үй жануарлары» деп атаймыз. Ал мен жануарлардың төлдерімен таныстырайын. «Төл» деп малдың балаларын атаймыз. Қойдың төлі-қозы, сиырдың төлі-бұзау, ешкінің төлі-лақ, жылқының төлі-құлын, түйенің төлі-бота.

Сергіту сәті: Көлбең, көлбең көленкем

Көлбендеген көленкем

Түйе қалай жүреді ?

Кім көрсете біледі.

Тәрбиеші: Атай, үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар?

Атай: Қойдың етін жейміз, терісінен тон тігіп киеміз. Жүннен көрпе жасап жамыламыз. Ал сиырдың сүтін ішеміз, етін жейміз, сүтінен түрлі тағамдар жасайды.

Мысалы: Сүттен айран, ірімшік, құрт, май, қатық жасаймыз.

Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз, етін жейміз, қылынан арқан жасаймыз, сүтінен қымыз жасаймыз, қымыз денсаулыққа пайдалы. Ешкінің жүнінен жіп иіріп қолғап, шұлық, жемпір, орамал тоқып киеміз.

Түйені алыс жерлерге көлік ретінде қолданамыз. Түйенін жүнінен көрпе жасаймыз. Міне, балалар, үй жануарларының адамға тигізер пайдасы мол.

Тәрбиеші: Біз сабақтарда осы жануарлар туралы тақпақтар жаттап едік қой, соны еске түсіре отырып атайға айтып берейік.

Наргиз: Түйе малдың үлкені.

Жылқы малдың үркегі.

Сиыр малдың сүттісі,

Қой- түліқтің құтысы.

Динар: Шөре, шөре, лағым.

Тентек болма шырағым.

Секендеме, демінді ал,

Селтендемей құлағың.

Нұрислам: Кіп-кішкене момақан.

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам: «Қозым» - деп,

«Қошақаным - өзің» - деп.


Айнұр: Құрау, құрау, құлыным,

Құрағыма түсе ғой.

Тазасын жеп сұлының,

Мөлдір судан іше ғой.

Атай: Рахмет, балалар, тақпақты жақсы айтады екенсіндер.

Тәрбиеші: Енді балалар «Не қалай дауыстайды» деген ойын ойнайық.

О/шарты: Тәрбиеші үй жануарлардың суреттерін көрсетеді. Балалар сол жануарлардын дауыстарын атау керек.

Мақсаты: Ойын-ойнай арқылы баланың есте сақтау қабілетін жетілдіреді, ой-өрісін дамытады.

Мысалы: - Қой маңырайды – мә-мә-мә.

  • Сиыр мөңірейді – мө-мө-мө.

  • Жылқы кісінейді – ио-ио-ио.

  • Түйе боздайды – бө-бө-бө.

  • Ешкі бақырады – бе-бе-бе.

Бұл ойында малдардың жүрісін де салуға болады.

Тәрбиеші: Балалар жарайсындар ойынды керемет жақсы ойнадындар.

Балалар біз ән сабағымызда үйренген «Қошақаным» деген

өлеңімізді атайға айтып берейік.

Атай: Әй, жарайсындар балалар, үлкен азамат болындар!

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, атамен қоштасып балабақшамызға қайтайық.

Тастардан, көпірден өтіп қайтады.

Ал, енді балалар жірту тәсілімен түйенін суретін жапсырамыз.


Қорытынды: Балалар біз бүгін қай әлеміне саяхатқа бардық? Балалар бүгінгі сабағымызда біз қандай жануарлармен таныстық?

Балалар: «Үй жануарлар әлеміне» Үй жануарлармен.

Сызба көмегімен сипаттап көрсетейік.


[pic]