Ертеңгілік.Қыз еркем қылығымен көркем. Мектепалды даярлық тобы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қыз еркем, қылығымен көркем!» (Ертеңгілік)

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ардақты әжелер, сұлу арулар! Сіздер 8 - Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған мерекелік кешке жиналып отырсыздар. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім өз өнерлерін көрсетпек. Ортаға жүргізуші жігіттерімізді шақырамын
1 - жүргізуші: Руслан
Армысыздар, құрметті әжелер, ардақты аналар, аяулы қыздар!
Сіздерді 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші: Диас
Мектепалды даярлық тобында өткелі отырған аналар, қыздар мерекесіне қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Руслан:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Әжелерді ардақтап,
Ән мен жырға басайық!
2 - жүргізуші: Диас
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
1 - жүргізуші: Руслан
Бүгінгі өткелі отырған бұл мерекеміз екі бөлімнен тұрады, бірінші бөліміміз «Құтты болсын аяулылар, мерекең» деп аталады. Яғни, осы топтың ұлдары аналарына, әжелеріне, топтағы құрбы қыздарға ақ тілектерін білдіреді.
2 - жүргізуші: Диас
Екінші бөліміміз «Қыз еркем, қылығымен көркем»деп аталады. Топтағы әдемі қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады. Бұл бөлімде қыздардың өнерлерін ұл балалардың ата - аналары сараптайды. Ортадан үш ата - ана шығып әділқазылар үстеліне жайғасуға болады.
1 - жүргізуші: Руслан
Олай болса біз бастаймыз, тобымыздың сері жігіттерін ортаға шақырайық!
/ортаға ұлдар қолдарына гүл алып шығып тақпақтарын айтып отырған аналарға гүл таратады/
1 - оқушы Алдияр
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам» деп мақтанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім» деп жатпаған
2 - оқушы Арнұр
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
3 - оқушы Нұрқасым
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
4 - оқушы Мағжан
Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Айтсаң болды тіл алам
Әйбат анам, әй анам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің тек маған.
5 - оқушы Ислам Қалов
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы, ай әжем
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
6 - оқушы Ислам
Адал бол деп баласын
Әділдікке баулыған
Жүрегінде мархабат
Анамызға мың алғыс
7 - оқушы Ернұр
Тірегі болып қасында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін
Анамды да жақсы көрем
Айтқан тілін аламын
Қасында әжем, анамның
Шаттанып ойнап күлем
8 - оқушы Расул
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
9 - оқушы Нұрасыл
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген анатайым
Шын жүректен бүгін сені
Мейрамыңмен құттықтаймын
10 - оқушы Ақтілеу
Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
1 - жүргізуші Рулан
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз бәрі бастарын иіп қолдарындағы гүлдерін отырған аналарға таратып шығады
2 - жүргізуші Диас
Ендігі кезекте Мағжан ұлдарыңыздың әсем әнін қабыл алыңыздар!
Ән «Анашым»орындайтын Бектасұлы Мағжан
Тәрбиеші:
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі, бүгінгі балапан ару, ертеңгі бойжеткен. Олай болса даярлық балаларына эстетикалық тәрбие беріп, әдемілікке, сымбаттылыққа, қыз балаға тән инабаттылыққа, ибалыққа тәрбиелеу мақсатында «Қыз еркем, қылығымен көркем» бөліміне кезек береміз. Бұл байқауымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Өзге емес өзім айтам өз жайымды»/арулар өздерін таныстырып өтеді/
2. «Мақал айтам майысып, мақал сөздің мәнін ұқ»/арулар жаттап келген мақал - мәтелдерін кезектесіп айтып шығады/
3. «Достығы жарасқан ел ұрпағымыз»/балапан арулар әр ұлттың киімдерімен шығып сән үлгісін көрсетеді, өз киімдерін қорғайды/
4. «Бал бармақты арулар»/Әр ұлттың ұлттық тағамдарын көрсетіп, қорғайды/
5. «Таудай биік талабым, мен өнерлі баламын» /өз өнерлерін көрсету/
Олай болса,
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам
Деп ақындар жырлағандай сахана төріне кішкентай ару бүлдіршіндерді шақырамыз.
1. Қыздарымыз тамаша,
Келді гүлдей жараса.
Төрімізге келсінші
Ержанқызы Камила
2. Көктеммен жүрек нұрланды
Көңілге қуаныш жиналды.
Қарсы алайық құрметпен
Серікова Балғынды.
3. Біле бермес әркім сенің жайыңды,
Қыз деген ол елестетер қайыңды.
Аққнұр атты аруымыз және бар,
Өнерімен таң қылатын бәріңді
4. Баласынан күтер ана көп үміт,
Тұрса дейді күндей күліп төгіліп.
Шықты міне ортамызға үлбіреп,
Томпиған бұл Еркінова Еңілік
5. Әрбір таңмен атсын әркез күн күле,
Қуансын сәби анасымен бір жүре.
Ортамызға келсін ару Аслия
Аспандағы жұлдыздай боп сүмбіле.
6. Қыздар сұлу көрінеді талғамды,
Өнер сүйер оттай болып жанғанды.
Тал бойына талай өнер тоғытқан
Қарсы алайық Ерболова Кәусарды
7/8. Шарықтайды жүректерде ән қанат,
Құра берсін әдемілік салтанат
Ортамызға қос Алтынай келіп тұр,
Ай жұлдыздай қол ұстасып жарқырап.
9. Ізгілікті бойларыңа көп жина,
Жан жылуын жақыныңа көп сыйла.
Даярлықтың нәзік гүлі секілді,
Алдыңызда Бағалтаева Мадина
10. Бізге таман аударыңыз назарды,
Бір серпіліп көңіл шіркін тазарды.
Кіп - кішкентай ару қыз бар Аяла,
Тамсандырар өнерімен ажары
/әр ару шыққанда ұлдар гүл сыйлап тұрады/
Міне, кішкентай аруларымыз ортамызда ендеше, біз бастаймыз, бірінші шартымыз бойынша таныстыруға кезек берейік
І.«Өзге емес өзім айтам өз жайымды» деп аталады /арулар өздерін таныстырып өтеді/
1. Камила, 2. Балғын. 3. Ақнұр. 4. Еңілік. 5. Аслия. 6. Кәусар. 7. Алтынай Ж. 8. Алтынай А. 9. Мадина. 10. Аяла
ІІ - шартымыз «Мақал айтам майысып, мақал сөздің мәнін ұқ»/арулар жаттап келген мақал - мәтелдерін кезектесіп айтып шығады/
Байқауымыздың үшінші бөліміне қыздарымыз дайын болғанша біздің сыныптың өнерлі ұлдары аналарына 8 - наурызға тару ретінде топтық би түрлерін ұсынады. Қабыл алыңыздар!
Флеш моб /Ұлдар/
Тәрбиеші:
Өте тамаша, керемет! Ал енді көріктері көз тойдырмас әдемі аруларымызды ортаға шақырайық сән үлгісі.
ІІІ. «Достығы жарасқан ел ұрпағымыз»/балапан арулар әр ұлттың киімдерімен шығып сән үлгісін көрсетеді, өз киімдерін қорғайды/
ІҮ. «Бал бармақты арулар»/Әр ұлттың ұлттық тағамдарын көрсетіп, қорғайды/
Ү. «Таудай биік талабым, мен өнерлі баламын» /өз өнерлерін көрсету/
Тәрбиеші: Міне, бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған мерекеге арналған байқауымызда өз мәресіне келіп жетті. Қазыларымыз қортынды шығарғанша, жыл көлемінде мектеппен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесіне, біліміне, тазалығына қарап ерекше белсенділік танытқан ата - аналарыма өз атымнан алғыс айта отырып марапаттағым келіп тұр. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Марапаттау табыстау. Ата - аналарға құттықтау сөз кезегі беріледі. Ұлдар қыздарды құттықтап сыйлықтар табыстайды.