Күні: 29.04.2016ж.
Тақырыбы: «Марстан келген қонақ»
Мақсаты: а)Балаларға ғарыш әлемі, аспан
денелері жайлы айту.
ә) Жұлдыз әлемінің адамдардың күнделікті
өмірінде атқаратын орны жайлы айту.
б) Балаларды ерлікке, елдікке Отанды сүюге,
ағалар, аталар жолын ізет жасауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізу жұмыстары: Әңімелесу, түсіндіру, суреттер қарау, тақпақтар.
Көрнекі құралдар: ай, күн, жұлдыздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырушылық кезеңі.
ІІ. Кіріспе бөлімі.
-Балалар сәлеметсіңдер ме, бізге қонақтар келіп қалыпты. Бәріміз амандасайықшы.
Бүгін біз «Марстан келген қонақ» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Бастамас бұрын сендерге бір сұрақ қояйын дегем?
- Балалар, біздің төбемізде күндіз нелер болады, ал түнде нелер болады?
Төбемізде аспан бар, күндіз күн,бұлт басады.
Ал түнде ай, жұлдыздар шығады.
-Дұрыс.Аспанға ұшуды ертеде өте ертеде біздің бабаларымыз армандады. Олар сол кезден ақ жететін жерге жол арқылы емес, ұшу арқылы тез жететінін білді.
-Балалар, сендер қандай жолдарды білесіңдер?
-Асфальт жол, темір жол, әуе және су жолдары. Мысалы, Алматыға барайық, мен ұшаққа міндім әуе жолмен, сендер поезға мініп темір жолмен келесіңдер.
-Кім Алматыға тез жетеді.
-Сіз.Өйткені әуе жолы жылдам, құстар баратын жеріне аңдардан бұрын жетеді. Адамдар сондықтан өмірлерін жеңілдетіп, уақыттан ұту үшін қайтсек ұшамыз, қалай ұшамыз деп армандады. Олар қиялдап ертегілер,өтірік өлеңдер, жұмбақтар, ойындар т.б ойлап шығарды.Ақыры адамдар жұлдыздарды көретін телескоп ойлап, оны биікке орналастырды. Ауа-райын, су тасуын, табиғат құбылыстарын жұлдыздар арқылы анықтады.
-Балалар, түнде аспанда жеті жұлдыз пайда болады. «шөмішке» ұқсаған ол жұлдыз қалай аталады?
«Жеті қарақшы»
-Дұрыс. Ғылым осымен тоқтамады. Ақыры аспанға жол салынды. Сол аспанға ұшып баратын зымыран ойлап шығарды.Алғашқы ғарыш кемесіне «Белка» мен «Стрелка» атты иттер ұшырылып, жерге аман-есен оралды. Иттерден кейін көп ұзамай 1961 жылы 12-сәуірде алғаш рет ғарышқа жол салынып, совет азаматы Ю.А.Гагарин ғарышқа ұшты.
Қазақтардан ең бірінші Тоқтар Әубәкіров ағамыз, екінші Талғат Мұсабаев ағамыз ұшып келді.
Даниал: Аспанға ол самғайды,
Айды айналып шарлайды.
Жұлдыздарды көп зерттеп,
Жеке-жеке талдайды.
-Балалар енді осы ғарышкерлеріміздің өмірбаяндарына тоқтала кетейік.
Тоқтар Оңарбайұлы Әубәкіров. 1946жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.Кеңес Одағының батыры. Қазір 2004 жылдан бастап парламент депутаты.
Тоқтар-біздің тұңғыш ғарышкер ағамыз.
Тағат Мұсабаев 1951ж 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарқалы ауылында дүниеге келген. Бұл кісіге екі елдің «ұшқыш ғарышкері» құрметті атақтары берілді.
Ержігіт: Ағаларым бұл менің,
Ғарышқа ұшып самғаған
Менде сондай болсам деп
Армандаймын әрқашан
Гүлназ: Тоқтар, Талғат ағалардай
Болу үшін ғарышкер
Жұрт қызыға қарайтын
Болу керек намысты ер!
Бексұлтан: Ғарышкерлер мекені,
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Қазақ жерім Байқоңыр.
-Балалар «Байқоңыр»- ғарыш айлағы,ғарышқа қазақ жерінен ұшады.
«Торғай» - ғарышкерлерді қарсы алатын жер. Бұл жерге ғарышкерлер оралады.
Балалар,біздің арамызда Тоқтар ағамыз бен Талғат ағамыз отыр.Оны білесіңдер иә.
Олай болса бізге «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан тележурналистер келіп қалыпты.Келіңіздер қонақтар.
-
Тілші: Аға сіз өте ерлік жасадыңыз.Ғарышқа не үшін ұштыңыз?Елге танымал болу үшін бе, атақты болу үшін бе,жоқ теледидардан хабарлау үшін бе?
Тоқтар (Медет): О,не дегеніңіз? Ғарышқа ғарышкерлер ұшқанда ғылымға жаңалық қосады.Адамдардың еңбегін жеңілдетеді, халыққа көптеген жағдайларда көмектесу мақсатында ғарышқа ұшып, аспан әлемін айлар,жылдар бойы зерттейді.
Тілші: Ал Талғат аға сізге қояр сұрағым,Қандай адамдар ғарышкер болады?
Талғат(Рамазан); Өте орынды сұрақ екен.Ғарышқа күшті,қайратты,білімді,өте тәрбиелі адамдар ұшуға тиісті.
Мысалы;Ауа жерде ғана бар.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,салмақсыздық.Ал ғарышкер сол салмақсыздыққа шыдауы үшін,дайындық су астында өтеді.
Тілші: Өте жақсы сіздердің сұхбаттарыңызға көп рахмет.
Сіздерге тек табыс қана тілейміз!
Ал сұхбаттасып болсаңыздар құрметті ұшқыш ағалар сіздерге ұқсағысы келетін балалар бар екен. Соларды тыңдап көрейік.
Бексұлтан: Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
Темірлан: Ғарышкер менде боламын,
Боламын десем боламын.
Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Нұрсұлтан: Көктің жүзін барлайтын,
Үлкен ғалым боламын.
Мен ғарышкер боламын,
Боламын десем боламын.
-Бәрекелді балалар боламын десеңдер боласыңдар, талаптарыңа алланың нұры жаусын!
-Ал балалар, енді дамыту ойынын ойнайық «Сөз ойла , тез ойла» деп аталады. Кім көп есім ойлайды?
Мысалы; Айсұлу, Күнсұлу, Айбек, Айдос, Айжан, Айман, Айгүл, Арай,Таңшолпан,Сәуле, Айнұр.
-Балалар Тоқтар ағамыз ең бірінші болып ғарышқа ұшқанда біздің қай мемлекеттік рәмізімізді алып ұшты деп ойлайсыңдар?
-Елтаңбаны өзімен бірге алып ұшып, елге әкеліп тапсырды.
-Ал Талғат ағамыз –Абай атаның «Көзімнің қарасы» әнін сәлем етіп жолдады.
-Балалар біздің елтаңба жәй ғана елтаңба емес, ғарышқа ұшып келген елтаңба.
-Ал, атамыз Абайдың әндері жерде де, ғарышта да шырқалып жатыр.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды Абай атамыздың
«Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтағым келіп отыр.
Құрметті қонақтар бәріміз бірге қосылып айтамыз.
Құрметті балалар, тәрбиешілер біздің тәрбие сағатымыз осымен аяқталды келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!