Тақырыбы: «Дара тұлға –Елбасыммен мақтанам!»
Мақсаты:
1 желтоқсанды Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елі тарихындағы аса маңызды орын алып, күнтізбелікке енгенін балаларға түсіндіре отырып, Президент өмірімен, еңбек жолынан және жаңа Астана келбетінен мәліметтер беру.
Ел Президентіне құрмет көрсетуге , елін, Елбасын, Отанын сүюге, батылдыққа, азаматтыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ертеңгілік.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу, слайд көрсету.
Көрнекілік: Елбасының портреті, мерекеге сай безендірілген бөлме, Елбасыға арналған сөздер- сызбамен, Елбасының қанатты сөздері, Елбасының кітаптары, ұлттық киім, компьютерлік слайд.
Ертеңгілік барысы:
Кіріспе сөз. Тәрбиеші сөзі.
Гимн орындалу.
Президенттің отбасы, еңбек жолы туралы слайд көрсету.
Талғатқызы Айбибі: «Балдырғандар жыры»
«Ғасырдың дара тұлғасы – Елбасы» балалар тақпағы.
«Көк тудың желбірегені» Бибарыс, Ұлан, Нұрислам.
Би: «Ұлттық би»
Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз» әнімен аяқтау.
Кіріспе сөз:
Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті, қонақтар және кішкентай бүлдірішіндер!
Бүгінгі «Дара тұлға – Елбасыммен мақтанам» атты шағын орталық бүлдіршіндерінің ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ер болдық, ерік алдық Астаналы
Енді кімнен, қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен аталады- деп ертеңгілігімізді бастаймыз.
Гимн орындалады.
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайлауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша қазақстандықтардың сеніміне ие болған күн. Тұтас ел мен халықтың сеніміне ие болу арқылы Елбасы өзіне жүктелген бар жауапкершіліктіайқын сезіне отырып, өзінің президенттікте борышын адал атқарып келеді.
1 желтоқсанды Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін мәңгілік ел болуға бастаған күні деп айтамыз.
Тәрбиеші: «Сүйер ұлың болса,сен сүй» деп Абай атамыз айтқандай Нұрсұлтан Назарбаев қолдауға да, қошеметтеуге де, мақтануға да сиятын, соған лайықты өз ортасынан озған қазақ үшін туған ел азаматы.
(Слайд көрсету).
Тәрбиеші: Ендеше, Елбасымыз туралы балалардың айтар тақпақтарын тыңдайық.
Кәрима: Менің сүйікті президентім – Назарбаев қалың елдің жанашыры, қорғаны, тарыққанға пана зарыққанға сана бола білген шын перзенті.
Мадина: Экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл, өз елін сүйген азамат.
Нұрислам: Халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршысы көреген басшы.
Нұртас: Алдағыны болжай білетін ел жүгін арқалаған, қара нар.
Айша: Сөйлеген сөзі алтын, сөзі дуалы саясаткер.
Мұрагер: Әлем мойындаған заманның лидері, табанды күрескер.
Көркем: Туған халқының бәйтерегі , көсемі.
Қарақат: Ел тірегі, алтын діңгегі, кемеңгер
Айсамал: Қазақ үшін туған ел азаматы, көреген саясаткер.
Тоғжан: Қазақстанның тұңғыш Президенті, ғасыр адамы.
Барлығы хормен:
«Осындай Президентіміз үшін мақтанамыз,
Қазақ үшін жасай бер!»
Тәрбиеші: Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін – мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі – еліміздің тұңғыш елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында!
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат – Ел деп алғыс жауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Құрметті қонақтар, балалар, бүгінгі елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!