Мероприятия на тему «Көктем - ана, қыздар - гүл»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Көктем - ана, қыздар - гүл» ертеңгілігі

Тәрбиеші: Казанова А.Б

«Тамшылар» тобы

Үлкен Нарын ауылы

Жүргізуші:

Ана- дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана- дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана-деген бәйтерегі өмірдің,

Ана- деген алтын қазық ,алтын бақ.

Армысыздар,құрметті қонақтар,аналар, әжелер, сүйікті қыздар! Көктемнің алғашқы 8-наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге шаттық, қуаныш тілей отырып, «Тамшылар» тобының дайындаған «Көктем- ана, қыздар - гүл» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар!

Той пердесін ашайық.

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық!

Ән: Құттықтаймын,ана мерекеңізбен!

Жүргізуші:

Сыңғырлаған үнімен,

Тұла бойы билеген.

Құлағынан үні кетпеген,

Сәби үні сылдырлап,

Өлең оқыр былдырлап.

Балалардың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар

Ясмина:

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құрметтеп

Жырдан шашу арнаймыз.

Жасмина:

Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам.

Ефим:

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым!

Аяна:

Бізді өсірген апатай

Еңбегіңде зор екен

Құтты болсын апатай,

құтты болсын мереке!

К.Алижан:

Тіс ауырса, іш ауырса

Мамам дәрі береді

Барлық бала,барлық ана

Оны жақсы көреді.

Әлтайыр:

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күнмен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызыңмен!

Айлана:

Өмірдің қызығы

Өзіңсіз өтпейді

Мен үшін анама

Ешкімде жетпейді

Аружан:

Сүйікті анашым

Аштыңыз көзімді

Бір сағат көрмесем

Сағынам өзіңді

Исатай:

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

Сая:

Әлпештеген,аялаған

Ақ сүт береген апатайым

Салем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Мансур:

Айналайын анашым

Ақылы асқан данасың

Барлық үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.

Жүргізуші:

Шалықтатып мерекеде ән бастайық,

Өнерпаз өлеңдерге тамсанайық.

Ортамыздан шығады, қараңдар,

Күміс көмей әнші ұлды қарсы алайық.

Ефимнің орындауында ән «Айналайын, ақ мамам».

Жүргізуші:

Әлемде өзгермейтін үш нәрсе бар, ол-ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. Осы сәбилеріміздің мың бұралған билерін тамашалаңыздар.

Би «Жұлдыздар».

Жүргізуші:

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Балалардың бойында,

Бар тәттілік бар екен.

«Шалқан» орыс халық ертегісін тамашалаңыздар.

Жүргізуші

Қысылып еш саспаңдар.

Қызықты ойын бастаңдар.

Аналардың тойында,

Бір көтеріп тастаңдар.

Ойын «Кір жаю»

Жүргізуші

Ал, қыздарым, қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтарын майысып,

Би биле мына халыққа.

Би «Ай, алақандар».

Жүргізуші

Сөзімді дұрыстайтын- әже,

Айғайлап ұрыспайтын- әже.

Қыдырса ерте келетін- әже,

«Алысқа кетсе,сағынам» дейтін –әже.

Келесі орындалар ән ақ жаулықты әжелерге аркалады. Алижанның орындауында ән «Әже».

Ойын «Тамақтандыру»

Ойынның шарты Екі бала орындықта отырады. Екі баланың көздерін жұмып, отырған балаларды иогурпен тамақтандырады.

Келесі ойын «Қыздарды киіндіру»

Шарты Ұлдар қыздарды серуенге киіндіреді.Киіну алгаритін сақтаулары керек.

Жүргізуші

Ана деген- адамзаттың данасы,

Ана деген -сәбилердің панасы.

Ана деген- қайнар ыстық бұлағы.

Ана деген-өмірдің қамқоры-деп «Көктем- ана,қыздар-гүл» ертеңгілігімізді «Ақ мамам» әнімен аяқтайық.