Ертенгілік «Жомарт күз».
Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.
Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарына жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Би: Бипыл
Тәрбиеші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын жүз.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар ,ата-аналар! Бүгін ортаңғы топтың «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
1-бала: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап. (Медина)
2-бала: Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты. (Тамирис)
3-бала: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді. (Арлан)
4-бала: Санай бер
Қарай бер
Бояуы жүз
Келді күз. (Тимур)
Ән: «Күз келгенде»
-Қараңыздаршы,бүгін біздің музыка залымыз қандай әдемі болып кеткен.Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтарының түсі қандай?
- Сары.
- Балалар жапырақтарының түсі неге сары?
Балалардың жауабы:
- Өйткені күзде жапырақтар сарғаяды.
Тәрбиеші:
- Өте жақсы
Ғажайып сәт: -Балалар , біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
(Әуенмен залға күз ханшайымы келеді).
Күз ханшайымы:- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен Күз – ханшайымымын.
Сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.
Әр жапырағымда тапсырмалар.
Тәрбиеші: Балалар, біздің мерекеге күз ханшайымы келіпті, қане барлығымыз тұрып амандасайық. Балалар орындарына тұрып амандасады.
Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар өнерлі, әрі тапқыр. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Қазір біздің балалар « Күзгі жапырақ» биін билеп береді.
Күз ханшайымы : Жарайсыңдар, балалар! Өркендерің өссін!
Тәрбиеші:
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Асқабақ,қауын, қияр,
Қызылшаға қарашы.
5- бала: Қызықтың ба қиярға
Алда жей бер ұял ма.
Көтергенше берейін
Қапшығыңа сияр ма. (Санжар Ж)
6- бала: Асқабақтың дәмі
Таңдайыма әлі
Кептірілген дәмі
Таптырмайтын дәні. (Абылай)
7- бала: Жинап жатыр ауылым
Сап- сары қауынын.
Алмақ едім үлкенін
Ауырын- ай, ауырын. (Нұрғиса)
8- бала: Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегредте үстелде. (Алдияр)
Тәрбиеші:
-Өте жақсы.
Көкөністердің бәріде
Денсаулыққа пайдалы,
Мұны жақсы біліңдер.
Ән: « Күз »
Тәрбиеші: Күз ханшайымы , балалардың өнерлері ұнады ма?.
Күз ханшайым: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
- Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: « Кім жапырақты көп жинайды». Еденде жапырақтар шашылыпжатады. Балалар белгі берілген кезде жапырақтарды жинап шығу керек.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, не деген жылдамдық.Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жапырақтарды жақсы жинадыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. Ойын: «Кім жылдам» ортаға екі ата- ана шығып алмұрт жеу керек. ( әдемі әуенмен ойналады).
-Ал ,енді ортамызға тобымыздың әніші қыздарын шақырайық.
Ән : « Айгөлек» ( Медина мен Лиана, Тамирис)
Тәрбиеші:
Бақ өсіріп көрік беріп
Жайқалтамыз алқапты
Алма, жүзім, өрік теріп
Біздің бақтан тарапты.
Жемістерді қарсы алайық.
( Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
9- бала:
Қызыл өрік, қара өрік
Бақшамыздың бәрі өрік
Гүлден көзін алмады
Ала таудың қары еріп. (Санжар А)
10- бала:
Шиемін, мен шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін. ( Лиана)
11- бала:
Піскен кезде құлпынай,
Қандай әсем, шіркін- ай. (Тоғжан)
12- бала:
Алма, алма дейсің
Алма берсем жейсің.( Толғанай)
13- бала:
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.( Самина)
14- бала:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Ауызындамын бар жұрттың.( Жанерке)
Күзгі ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл- өрендерім! Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
(Осы кезде әуен ойналады,Күз ханшайымы қоштасып кетеді).
-Қош бол,Күз ханшайымы.
- Енді ортаға тобымыздың ұлдары, жігіт сұлтандары білектерін салып билеп жіберсің!
« Қырманға кел қалқатай». (Ұлдардың биі).
(Азия тобының өлеңімен ұлдар өнерлерін көрсетеді).
Тәрбиеші:
- Бәрекелді, рахмет орындарыңа отырыңдар.
Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.
Міне, балалар осымен « Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.