[pic]
“№26 мектеп-балабақша”КММ
Ашық сабақ: «Құстар әлемі»
Петропавл қаласы 2016ж
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Құстар Әлемі
Мақсаты:
Білімділік: Көктем айларының атауларын, олардың ерекшеліктерін ұғындыру. Балаларға құстардың түрлерімен олардың аттарымен таныстыру. Жылы жаққа ұшып кететін және қыстап қалатын құстарды ажырата білу үйрету.
Дамытушылық: Осы тақырып жөнінде мағлұматтарын жетілдіру. Сурет бойынша әңгімелей отырып, тілдік қорын,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілкке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдістері: шаттық шеңбер, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері, слайды, әуен, ойын дидары.
Моти
вация
лық
-таным
Дылық
Біз әдепті баламыз
Ең алдымен үлкенмен
Амандасып аламыз
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!
-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Ұйым
дас
тыру
шылық- іздену
шілік
Жарайсыңдар, балалар.
Балалар айтыңдаршы бір жылда неше жыл мезгілі болады?
Қандай?Кім айтам дейді?
Дұрыс, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ:
Тамылжыған табиғат
Ұйқысынан оянып,
Алтын нұрмен әр үй, бақ
Шыға келді боянып.
Тербетеді тоғайды,
Жыршы құстар жырымен.
Белдер белбеу орайды,
Кең даланың гүлімен.
Бұл қай мезгілде болады?
Дұрыс , ендеше мен сендермен көктем мезгілінің ерекшелігін қалай білетіңдеріңді байқау үшін «Сөйлем құрастыр» ойынын ойнайық. Интерактивті тақтада суреттер көрсетіледі, сол суретке қарап сөйлем құрастырады.
Күн; 2) Ағаштар;3) Аю; 4) Қар;
5) Жаңбыр; 6) Гүлдер; 7) Құстар
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Ал енді балалар орындарына жайғасыңдар.
Балалар қазір сендермен біз әуен тыңдайықшы. Көздерімізді жұмып, денемізді түзу ұстап әуенді мұқият тыңдайық.
(Құстардың дыбысын естиді)
Құстар қандай болып бөлінеде?
Үй құстарына қандай құстарды жатқызамыз?
Жақсы, ал дала құстарына қандай құстарды жатқызамыз?
Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін дала құстары туралы әңгімелесеміз.
Балалар, мына суретке қарайықшы.
Бұл қандай құстың суреті?
Балалар қарлығаш қандай құс?
Дұрыс, қандай тағы жылы жаққа ұшып кететін құстарды білесіңдер?
Неліктен құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
Ойынның аты «Құрастыр»
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және еңбекқорлыққа баулу.
Шарты: Балалар 2 топқа бөлініп, үстелге жайғасыңдар. Алдарында құстардың бөліктері жатыр. Сендер әр біреуін осы бөліктерден құстардың бейнесін құрастыруларын керек.Дұрыс және жылдам орындауларын керек. Сендерге 3 минут уақыт беріледі. Құрастырып болғаннан кейін әр топ құстардың аттарын айтып, қандай құс екенін айтуларың керек.Қыстап қалатын құс па, әлде жылы жаққа ұшып кететін құс па?
(бірінші бітірген топқа алтын алқа, екінші бітірген топқа күміс алқа беріледі.)
Жақсы балалар, өздерін тапқыр екенсіңдер.
Балалар, бір сергіп алсақ қалай қарайсыңдар.
Сергіту сәті
Қарлығаш боп ұшайық,
Кәне, қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық!
-Торғай қандай құс?
- Жақсы
-Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.
«Дидар ойын»
Алдарында әр түрлі құстардың суреттері жатыр, яғни сендер үзік сызықтарды қоса отырып қандай құс екенін анықтауларын керек?Үй құсы ма әлде дала құсы ма?
-Балалар тақтадағы «Суретті жұмбаққа» назар аударайық.
Мақсаты: суретті әңгімелеу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шарты:Тақтада сандар ілініп тұр. Бұл сандардың астында сұрақтар және сурет жасырынған. Егер сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, барлық сандар ашылып, қандай сурет жасырынғанын біле аламыз.
1санның сұрағы: Құстарға тұмсық не үшін қажет?
2 санның сұрағы: Дала құстары неше топқа бөлінеді?
3 санның сұрағы: Құстардың қандай пайдасы бар?
4 санның сұрағы: Жылы жаққа ұшып кететін құстарды ата?
5 санның сұрағы: Қыстап қалатын құстарды ата?
6 санның сұрағы: Құстар туралы қандай тыйым сөздер, мақал-мәтел білесіңдер?
-Жақсы балалар, барлық сұрақтарға жауап бердік.
- Қандай сурет шықты ?Қанекей бір бала шығып суретті түсіндіріп берсін.
(бұл суретте ұяны бұзып жатқан балалар салынған.
Ал балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түсінгендерін білу үшін мынындай ойын ойнап жіберейік.
«Құстарды ажырат» ойыны.
Мақсаты: балалардың зейінін дамытып, құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету.
Шарты: Балалар кілемшеде ағаштар орналасқан оң жақтағы ағаш қандай жыл мезгіліне сәйкес келеді? Ал сол жақтағы ағаш?
-Қай жыл мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
Дұрыс. Қазір сендер сол жақтағы кілемшеге жылы жаққа ұшып кететін құстардың суретін ілулерін керек. Кім дұрыс таба алады екен.
Бір жылда 4 жыл мезгілі болады.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Көктем мезгілінде болады.
Балалардың жауаптары:
1. Күн жылынады.
2. Ағаштар бүршік жарады, гүлденеді.
3. Аю ұйқысынан оянады
4.Қар ериді;
5.Жаңбыр жие жауады; Жаңбырлы күн маған ұнайды.
6.Гүлдер шыға бастайды
7. Құстар жылы жақтан оралады
Құстардың дыбысын естіп тұрмыз.
-Қарлығаш, қарға сауысқан, көкек, бұлбұл, аққу, қаз тауық, торғай т.б
Үй құстары және дала құстары
-Қаз, үйрек, тауық, әтеш, күрке тауық.
- Торғай, сауысқан, қарға , аққу, қарлығаш, көгершін, бұлбұл, көкек т.б.
Дала құстары далада өз еріктерімен ұшып жүреді, олар құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Олар ағаш бастарына ұя салады. Оларға біз қамқор болып ұя жасап беруіміз керек.
Құстар ұшады.
-Жұмыртқалайды
-Тұмсықтары бар
-Қанаттары бар
-Құстың денесін мамық жүні мен қауырсындар жауып тұрады.
- Құстар қанаттарын түсіріп, көздерін жұмып, басын қанатының астына тығып ұйықтайды.
-Жылы жаққа ұшып кететін және қыстап қалатын құстар болады
-Қарлығаш.
Қарлығаш –адамның досы. Қарлығаш кімнің үйіне ұя салса сол үйге бақыт келеді деп, көне көз қариялар киелі құс деп санайды.
-Қарлығаш жылы жаққа ұшып кететін құстың бірі.
-Көкек, бұлбұл, аққу, тырна т.б
- Қыстын суығына шыдай алмайды да олар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Торғай, көгершін, қарғалар қыстап қалады екен.
ия
1 топ : Көгершін, қарға, сауысқан.
2топ: көкек, аққу, қарлығаш.
Балалар қайталайды.
-Торғай
Торғай кішкентай құстардың бірі, дәнді-дақылдармен қоректенеді. Ол қыстап қалатын құс.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Өмір сүру үшін, тамақтану үшін, су ішу үшін, үстін тазалау үшін.
-Екі топқа. Жылы жаққа ұшып кететін құстар және қыстап қалатын құстар.
-Құстар ән айтып көңілімізді көтереді; ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді; табиғаттың сәні.
-Қарлығаш. бұлбұл, көкек, аққу.
-Торғай, сауысқан, қарға, көгершін.
-Сауысқандай сақ бол;
-Қаз келсе, жаз келер
Қарға келсе, қыс келер; Құс жеткен жеріне қонады.
-Аққуды атпа;
- Құстың ұясын бұзба;
Құстың жұмыртқасын жарма;
Құсты атпа, өлтірме.
Көктем
Күз
Күз мезгілінде.
Реф
лекс
тік -
үйле
сім
ділік
Сонымен балалар, бүгін сендермен не туралы әңгімелестік?
Құстар қандай топқа бөлінеді екен?Ата?
Жылы жаққа ұшып кететін құстарды ата?
Қыстап қалатын құстарды ата?
Сонымен құстардың қандай пайдасы бар?
Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.
-Құстар.
-Дала және ұй құстары.
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже
Білуі: Көктем айларының атауларын, олардың ерекшеліктерін біледі. Құстардың түрлерін, олардың аттарын атай алады.
Меңгеруі: Құстар туралы мақал-мәтелдерді, тыйым сөздерді үйренеді.
Жасай алуы: Сурет бойынша әңгімелейді, құстарды аялап, қорғай алады.