Тақырыбы: «Жас маманның шеберлігі білімдігінде»
Мақсаты: Тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!
Әр адамның қалыптасуына тәрбиеші ерекше орын алады. Балғындар үшін тәрбиешілердің орны тіптен де бөлек. Міне, осы тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған «Жас маманның шеберлігі білімдігінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Олай болса сайыскерлерімізге құрмет көрсетіп ортаға шақырайық.
(тәрбиешілер ортаға шығады)
- Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, тәрбиеші қымбатты.
Тәрбиешілер сайысы 4 бөлімнен тұрады.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өнер алды – қызыл тіл.
3. Педагогикалық мәселе.
4. Портфолио.
- Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп.
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп -
Әділ қазылар алқасын сайлап алған жөн болар. Тәрбиешілеріміздің біліміне, өнеріне, тапқырлығына бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
№30 «Ұрпақ» МДҰ меңгерушісі Капина Р.К.
№30 «Ұрпақ» МДҰ әдіскері Бисенова р.Т.
Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз.
Қандай сайыс болса да қашпайық біз,
Ал, енді халқым, рұқсат етіңіздер.
«Жас маманның шеберлігі білімдігінде» атты сайысын бастайық біз. Сайысқа қатысатын тәрбиешілер өз реттілігін сақтау үшін қоржыннан жеребе алады.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.
Жүргізуші:
Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр,
Солармен бір танысып алайық! – деп, сайысымыздың І - кезеңін бастайық.
(Сайысқа түсуші тәрбиешілер, сайыстың шарты бойынша өздерін таныстырады)
№1. Орынбекова Айнұр.
№2 .Муркабай Сара
№3 .Шлмагамбетова Разия
Жүргізуші: Көрейік тамашалап көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өз өнерін – дей келе ІІ бөлімге кезек береміз. (ІІ - бөлімде тәрбиешілер ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салады).
Білім аққан селдей - ді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл – ойға кел дейді.
Сайыскерлер сіздерге, қол соғамыз бәріміз!
ІІІ – бөлім: Педагогикалық тығырықтан шығу бөлімі.
№1. Орынбекова Айнұр
Баланың намысына тиетін «оңбаған, тәрбиесіз» деген қатты – қатты сөз айтсаңыз, келесі күні ата - анасы келіп ренішін білдіреді. Ата – анаға берер жауабыңыз?
Жауабы: тәрбиеші ата - ананың ренішін тыңдап, ондай сөз айтпағанымды дәлелдеп өзімді ақтап шығамын.
№2. Муркабай Сара
Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама теледидар көр, демал деп шеттететін ата – анаға не айтар едіңіз?
Жауабы: тәрбиеші бұл дұрыс емес дер едім. «Бала тәрбиесі – бесіктен» дейді дана халқымыз. Баланы жасынан іске үйретпеу, еңбекке баулымау – ол ата - ананың балаға жасаған жақсылығы емес, керсінше оның болашағына жасаған қылмыс деп білемін.
№3. Шлмагамбетова Разия
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін өтейін деп жатырсыз, балалар шуылдап мазасызданады. Не істейсіз?
Жауабы: Сол кезде тәрбиеші сендерге қызықты болу үшін алдымен ойын ойнайықшы. Онда қазір «Үндемес» ойынын ойнайық деп бұл ойынның шарты бойынша тыныш қана отыруымыз керек деп тығырықтан шығады.
ІҮ. бөлім: Портфолио. Тәрбиешілер өздері дайындаған шығармашылық жұмыс портфолиосын көрсетеді.
Жүргізуші:
Нағыз бұлбұл тәрбиеші.
Нағыз өнерлі тәрбиеші,
Нағыз шығармашылық тәрбиеші – деп, ортаға барлық тәрбиешілерді шақырамыз.
Қорытынды: Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған тәрбиешілер сайысы да өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау, әділ - қазыларға сөз кезегін береміз. (әділ - қазылар өз тілектерін білдірген соң, марапаттау рәсімі басталды).
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңдім деп ренжімеген,
Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – дей отырып әрқашан сыналған шақта сүрінбей қадамдарыңызға нұр жаусын! – деп, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.