Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар
1. Гүл
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді(қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға ьастады, гүлдер желмен жан – жаққа шайқалады(қолдарын жан – жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады.(қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды.(балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
2. Ұқсас суретті тап
Мұғалімнің алдында қос – қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шыршы, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр – түсін сипаттап Әңгімелеп береді.
3. Әр түсті заттар
Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с.
Есте сақтауға арналған жаттығулар
1. Сиқырлы саусақтар
Таң қалу(екіқолдың бас бармағын көтеру).
Өзіңді көрсету(бір саусқпен).
Сәлемдесу(қолды жоғары көтеру).
Қорқыту(сұқ саусқпен).
Жеңіс!(екі қолды жоғары көтеру).
2. Менің елім
Қай елде тұрасыңдар?
Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?
Сен қай көшеде тұрасың?
Ел, жер, Отан туралы қандай мақал – мәтел білесің?
3. Сөз моншақтар
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап,көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар
1. Шапалақ
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
2. Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?
Сендер көңіл – күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл – күйлеріңді көрсетіңіздерші.
Көңілді болғанда не істейміз?
Ренжігенде...
Қорыққанда...
Қуанғанда...
Таң қалғанда...
3. Шапалақты тыңда
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
4. Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусқпен көрсетеді.
Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар
1. Логикалық есеп
Балалар ауызша есепке жауап береді.
Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтырды қалай коюға болады?
2. Болған жағдайды бағалау
Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.
3. Көңілді сөз
Балалар шеңбермен отырады.
Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.
Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.)
Өз іс-әрекеттерін бақылау
Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.)
Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.
“Бірлік болса – тірлік болады” деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен.
Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер Адам және әйел Адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп бересіңдер.
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар
Менің көңіл-күйім
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.
Не істер еді?
Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.
Мен және менің болашағым
Жүргізуші баларға өздерінің болашағы жайында өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көзднрін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкеңмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың.
Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.
Сиқырлы сазды әуен
Баланың қиялын дамытуға әсер ететін сазды әуен ойналады. Балалар көздерін жұмып тыңдайды (2-3 минут). Музыка тоқтаған соң, көздерін ашып не көргендерін өз қиялдары бойынша әңгімелейді. Олардың сипаттаған немесе көрген қиялын қағаз бетіне түсіруде төмендегі әдіс-тәсілдердің біреуін таңдап алады.
– майшаммен сурет салу
– қылқаламмен
– түрлі түсті бормен
– саусақтармен, алақанмен