Статья: Балабақшада сюжетті-рөльды ойындарды ұйымдастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Балабақшада сюжетті-рөлді ойындарды ұйымдастыру»

Мектепке дейінгі балалық шақ- баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы 3-6 жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.

Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжеттік-рөльді ойында туындайды. Осындай ойында балалар ересектердің рөльдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды (немесе модельдейді).

Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты,барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақты «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл мамандық бала үшін шынайылықтан алшақ жатыр; шын өмірде бала болмаған түрлі оқиғаларға енеді; өзін-өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан бастан кешіп жатады.Сюжетті ойындағы осындай мүмкіншіліктер мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоцианалдық жайлылықты сезіндіреді. Сюжетті ойын - адамның кез келген іс-әрекеті сияқты – балада өз бетімен пайда болмайды, ол оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны зерттеулерде көрсетілген.

Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбек ретінде, күрделі түрінде – спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде – әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін. Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі,заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөльдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетеді.Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістетуі және сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас, заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыруы тиіс.

Балабақша сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері:

  1. Тәрбиеші балалармен бірге ойнауы тиіс, ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы өрістету қажет.

  2. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке өзіндік ойынды,ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан, ара-қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді.

Сюжетті-рөлді ойынды дер кезінде қалыптастыру үшін кешенді басқару әдісін қолдану ең тиімді болып табылады.

1. Ойынды басқару кешенді әдісі бір-бірімен байланысты компоненттерді қамтиды; балалардың белсенді іс-әрекетте айналамен танысуы; үйретуші ойындар; заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру; ойын процесіндегі ересек пен баланың қарым-қатынасы.

2 Балаларды біліммен,әсер алумен байыту. Түсініктерді қалыптастыру; бақылау;экскурсиялар (алғашқы,екінші,қорытынды); шығармашыл мамандық өкілдерімен кездесу;көркем әдебиет оқу;тәрбиешінің әңгімесі; сұхбат-әңгіме; белгіленген тақырыптар бойынша балалардың әңгіме құруы;балалармен жеке әңгімелесу; әдеби туындылар бойынша сахналау (сюжет бойынша, туындының басын немесе сонын өзгертіп); қиял-ойын; эстетикалық тәрбиеге баулу.

3. Шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын әдістер: ұсыныс; еске түсіру;кеңес; ойын материалын іріктеу; ойынды ойластыру бойынша сұхбат әңгіме; тапсырыстар; сұрақтар; түсіндіру; сурет материалдарды қолдану; костюм элементтерін әзірлеу; балалармен бірге орындау; тәрбиешінің ойынға қатысуы (бір баламен ойнау,бастаушы немесе жетекші рөльді орындау).

4. Құрылыс материалдардан құрастыруға және салған заттармен ойнауға үйрету: үлгіні қарау; құрастыру тәсілдерін көрсету; сызбаларды,суреттерді,фотоларлы,кестелерді,модельдерді қолдану; құрастырған заттармен ойнау үшін материалдарды іріктеу; қағаздан,қатты қағаздан,табиғи және қосалқы материалдардан ойыншық жасауға үйрету.

Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау керек. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір-бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді боу үшін және балалар менгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.