Технологическая карта по казахскому языку для старшей группы на тему Доп берші

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


6 технологиялық карта

Білім беру саласы: "Қатынас"

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: "Қазақ тілі"

Тақырыбы: Доп берші

Мақсаты: Ойыншық атауларын қайталау. Оларды берші сөзімен байланыстыра қолдануға, ойнағысы келген ойыншықты сұрап алуға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.





Топтағы балалар "...берші" үлгісі бойынша қажет ойыншықтарын сұрап алады.



Ұйымдастыру-іздестіру

Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі "Доп берші" тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Ең алдымен "Мынау не?" деген сұрақ арқылы суреттен қандай ойыншықтарды көріп тұрғандарын сұрайды. Содан кейін суретте балалар осы ойыншықтарды қалай сұрап алғандарына назар аудара отырып, "...берші" құрылымын жаттықтыра түседі. Осы сурет негізінде балаларды екі-екіден жұптастырып, біреуіне бір ойыншық береді. Балалар бір-бірінен ойыншықты сұрап алуға үйренеді. Жаңа құрылымды жаттықтырады. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейіні, қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.



Топтағы балалар суреттегі ойыншықтарды атайды. (Мынау-доп/қуыршақ/текше).


Топтағы балалар "...берші" деген сөйлемді қолданады.


Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады.

Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар "берші" сөзінің мағынасын меңгереді.

Игереді: "Доп берші" деген сөйлем үлгісін түрлендіре (доп деген сөзді қуыршақ, қонжық, машина, шар, текше деген сөздермен алмастыру) қолдануды үйренеді.