Алтын күз
(сценарий)
Тақырыбы: «Жомарт күз».
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Барысы:
Тәрбиеші:
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Телефон шырылдайды:
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді).
Балалар тақпақтарын айтады.
Алма: Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Жүзім: Мені бәрі жүзім дер
Шие: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Асқабақ: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Картоп: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қызанақ: Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Құрметті ата-аналар! Шағын орталық «Бүлдіршін» 2-ші кіші тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырып, жанұяларыңыздан алғаш қадам басып келген балапандарыңызды «Балапан» әнімен қабыл алайық!
Ән: «Балапан».
Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
- шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды)
- көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды)
- әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)
- бір - бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!
Тәрбиеші: -балалар, неше жыл мезгілі бар?
-Қандай?
-күзде қандай құбылыстар болады?
- жапырақтар не істейді?
- Құстар қайда кетеді?
Тәрбиеші: Қане онда.....
Қызықтайық бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы қыздар биіне еріп!
Би «Қолшатырлы қыздар биі»
(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
Тәрбиеші: Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Жапырақты кім жинайды?».
Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Қане, бәріміз бірге санайық!
Тәрбиеші балаларға жапырақтарды үш тілде санатады.
Көрініс:
Бағбан:(Тырма мен жер жыртып жүреді)
Мұқалмаған жігері,
Атай әлі күшінде.
Қашан көрсең жүреді,
Бау-бақшаның ішінде.
Қолы неткен епті еді,
Бәрін өзі істейді. Ертелі кеш кетпені,
Иығынан кетпейді..(Кетеді)
Бағбан:(Күнбағысқа келеді)
Күнбағыс-ау,Күнбағыс,
Күнді сүйген сен нағыз.
Күн ауғанда сен ауып,
Төбеңнен күн өтпей ме?
Таңдайың кеуіп кетпей ме?
(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)
Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.
Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!Шуағын шашып,нұр төгіп тұр. Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер. (Әрқайсысын жұлқылап оятады)
Жуа:Не болды? Сәбіз:Бұл не айқай?
Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)
Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.
Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.
Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюкоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.
Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!
Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!
Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар. Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)
Бағбан: «Ту-ту паровоз, Астанаға барамыз» деп әндетіп жемістер мен көкөністерді алып кетеді.
Би: «Жемістер мен көкөністер».
Ойын: «Кім жылдам?»
Балалар 2 топқа бөлініп, қорапқа жемістер мен көкөністерді жылдам салып шығуы керек.
ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Тәрбиеші: Күз тойын осыменен тамамдайық
Тағы да жомарт күзге ән арнайық!
«Салат» ойыны: Балалар мен ата-аналарды ойынның шартымен таныстыру.
- Балалар, ата-аналар, ойын ойнайық! Мен сендерге өлең шұмақтарын айтамын, сендер болса оны жалғастырып шешуін табасыңдар.
1. Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт!
Үзесің бірдей жүзін,
Оның аты ...(жүзім)
2. Дөп-дөңгелек доптай,
Одан дәмді жоқтай,
Мезгілсіз оны жұлма,
Оның аты ...(алма)
3. Дөп-дөңгелек, сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Оның аты ...(өрік)
4. Өсіретін бойынды,
Өсіретін ойынды.
Қоян жейтін көкөніс,
Сарғылт-қызыл ...(сәбіз)
5. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Оның аты ...(шие)
6. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ,
Күрең қызыл, шіркін-ай!
Оның аты ...(құлпынай)
7. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Қарнын жарып аламыз,
Дәмді сондай ...(қарбыз)
Тәрбиеші: Құрметті, ата-аналар! Осымен шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келіп, тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
(Балабақша меңгерушісі - мен 1 ата - анаға сөз беріледі, сыйлықтар беріледі)