Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Құрастыру.
Тақырыбы: Альбом (қағаз).
Мақсаты: Альбом туралы түсінік беру.
Білімділік: Тіктөртбұрыш қағаздыбұрыштары мен жақтарын беттестіріп тең етіп бүктеу әдісімен альбом жасау.Құрастыру біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Шығармашылық қиялын, көркемдік эстетикалық талғамын дамыту.Алға қойған мақсаттарына жетіп,өз ойларын жүзеге асыру.
Тәрбиелік:Балалардың өз істерін , бастаған жұмысын аяғына дейін ұқыптылықпен тиянақты орындап жеткізе білуге үйрету.Құрдастарымен өзара жақсы қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасау іскерліктерін дамыту.
Достық қарым-қатынасқа,сүйіспеншілік сезіміне баулу.
Түрі: Ашық сабақ.
Қолданылғанәдіс-тәсілдері:Слайд, әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ -жауап,құрастыру,ойын. Альбомдар көрмесін ұйымдастыру.
Көрнекілігі:Қыс мезгілінің суреттері, альбом түрлерінің суреттері.
Керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы,жіңішке лента.
Алдын-ала жұмыс: балабақша ішіне саяхат жасап фотосуретке түсу,ата-анамен баласының шығармашылық жұмысы,балалардың фотосуреттерін шығару, альбомға фото салу.Тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттау, суретті альбомдар қарау.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбері: Кел, балалар , ортаға!
Үлкен шеңбер құрайық
Міне, бүгін бізде ерекше күн , бүгінгі ашық іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр, ендеше қонақтармен амандасайық.
Қуан, шаттан алақай ( балалар қолдарын екі жаққа жаяды)
Қуанатын күн келді ( алақандарын шапалақтайды)
Күліп шықты күн бүгін! ( қолдарын жоғары созады)
Қайырлы таң, қайырлы күн ( алақандарын ашып күнге қарай созады)
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! ( Қонақтарға бастарын иіп амандасады)
Қызықты сәт: (Осы кезде Дымбілмес келеді. Қолында фотосуреттер,түрлі-түсті қағазы бар.)
Сәлеметсіздер ме, балалар?
Сендер қай балабақшаға келесіңдер?
Топтарың қалай аталады?Әйтеуір жеттім-ау адасып кеттім бе деп қорықтым. Мен онда қателеспеген екенмін.
Балалар міне керемет! Сендер не байқап тұрсыңдар мынау не?Олай болса сендердің саяхатқа шыққандағы түскен фотосуреттеріңді алып келдім.
Фотосуретті қайда жинақтайтынымды , ал мен альбом жасай алмадым? Маған альбомның не екенін түсіндіріп, оны құрастыруға көмектесесіздер ме?
Слайдтан альбом туралы түсінік беру. Альбом түрлерін көрсету.
Альбомның түрлері өте көп. Фотоальбом, суреттер жинағы альбомы.Біздің тобымызда суреттер жинағынан жасалған альбом, жыл мезгіліне байланысты жасалған альбом және үлкен балабақша мерекелерінде түскен, серуенде, топта түскен фотосуреттер салынған альбом бар. Енді бізге қонаққа келіп отырған анамыз Дымбілместің алып келген фотосуреттерін кішкентай фотоальбомға салғысы келеді.
Бүгін біз қағаздан альбом жасаймыз. Альбом жасау үшін бізге керекті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім,әдемі жапсырмалар,ленталар. Қайшыны қолданған кезде сақ боламыз. Қайшының ұшын өздеріңе қаратып ұстамау керек, қолданып болғаннан кейін тиісті орнына алып қою керек. Тіктөртбұрыш қағазды бұрыштары мен жақтарын беттестіріп тең етіп бүктейміз. Оны ортасынан бүктеген сызығымыздың бойымен қайшымен түзу қиямыз. Бөлінген қағаздарымызды бұрыштары мен жақтарын тең етіп бүктеп бірінің ішіне бірін саламыз.Альбомның шетін тесуге өзім көмектесемін, ал ленталарын өздерің альбомның астынан жоғары қарай тесіктен өткізіп байлайсыңдар. Енді альбом әдемі болу үшін сыртына жапсырмалы суреттер жапсырамыз, бірінші бетіне өздеріміздің фотосуретімізді жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Үшбұрыштар жасайық
Төртбұрыштар жасайық,
Жоғарыдан бір сызық.
Төменгіден бір сызық
Бұрыштарын қосқанда
Өрнек шықты сызылып.
Балалар альбом құрастырады. Өздерінің құрастырған альбомдарына баға береді. Альбомның беттерін санап, пішінін анықтап, түстерін ажыратады.Альбомның сыртын қандай суретпен безендіргенін айтады.
Дидактикалық ойын: «Жұбын тап»
Сұрақ-жауап:
Балалар сендер альбом жасау үшін не істедіңдер?
Олай болса Дымбілмеске еңбек туралы кім мақал-мәтелдер,тақпақтар айтып береді.
Мақал-мәтелдер:
1.Басталған істің аяғы да болады.
2. Көз-қорқақ, қол-батыр.
3. Еңбек етсең ер ерінбей
Тояды қарның тіленбей.
4. Еңбек барлығын да жеңбек.
5. Еңбек-ата, жер-ана.
6. Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
Балалардың тақпағы:
1. Үйретер қию, бүктеуді
Құрастыру сабағы,
Кеңітер ой мен ұғымда
Сала бар онда не түрлі.
2.Құрастыру деген қағаздан
Туындысы өнердің
Тәлім алып қалайық
Тәрбиеші апайдан.
3. Әр түрлі түсті қағаздан.
Альбом жасап керемет
Дымбілмес те үйренді.
Күншуақ тобы атынан
Сыйға тартам фотоны.
Дымбілмес қоштасады:
-Рахмет балалар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім.Мен енді тәртіпті, ақылды, жақсы боламын.
-Сау болыңдар!
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қортындылау:
-Балалар,сендердің барлығың өте жақсы жұмыс жасадыңдар.Біз не құрастырдық?Қалай әдеміледік? Альбомға не жапсырдыңдар? Сендерге ұнады ма?
-Рахмет, сендер өте тамаша балаларсыңдар.
-Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
-Тамаша!
-Олай болса тамаша ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Мен сендерге сұрақ қоямын,ал сендер тамаша деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтересіңдер.
-Қыс мезгілі қандай?
-Қысқы ойындар қандай?
-Біздің құрастырған альбомымыз қандай?
-Келген қонақтарымыз қандай?
-Олай болса мен сендерге бүгінгі көңіл-күйімді сыйлаймын.
-Қонақтармен қоштасады:
Слайдтан видеоролик тамашалау.
Ата-ананың тілегі.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!