МКҚК «№2 Балабақша»
«Көктем келді жарқырап, аналарды таңырқап»
8 Наурыз ертеңгілігі.
Тәрбиеші: Ержанова А.Қ.
Ақкөл қаласы 2016 жыл.
Әдемі безендірілген залға әуенмен жүрек ауа шарларды ұстап балалар кіреді, шарлармен би билеп аналарға сыйлайды.
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ата-аналар! Қымбатты аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Шахназар: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам.
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Сания:Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін
Наргиз: Мәпелейді, әлдилейді, бағады
«Құлыным » деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты.
Барлығына қалай уақыт табады.
Аңсар: Айналайын анашым,
Аялайсың бағасың.
Сен үшін балалармен,
Ән шырқайық бәріміз
Ән: «Балалар қуанады»
Ал қазір біздің әкелеріміз баланы балабақшаға киіндіріп дайындау қажет.
Ойын: Баланы балабақшаға киіндір (газет пен скочты қолдана отырып аналар баланы киімдер жасап жапсырады)
Ұлдардың орындауында «Әжелер көрінісін» тамашалаңыздар.
Аружан: Мне мама приносит игрушки, конфеты,
Но маму люблю совсем не за это.
Веселые песни она напевает
Нам скучно вдвоем никогда не бывает
Я ей открываю свои все секреты
Но маму люблю я совсем ни за это
Люблю свою маму скажу я вам прямо.
Ну просто за то что она моя мама.
Илья: Я б на улице не прыгал
Я бы вымыл в кухне пол
Я бы в комнате подмел
Перемыл бы чашки, ложки
Все свои игрушки сам
Я б расставил по местам!
Отчего я не девчонка
Я бы маме так помог!
Мама сразу бы сказала
Молодчино ты сынок!
Расул: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсаң кешірген
Шөлдедің бе дана әжем.
Ән «Ақ әжем» [pic]
Ән «Анажан»
Би «Қазіргі заман биі» (ата-аналармен)
Серік: Құтты болсын ақ анам
Сегізінші наурызың
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың
Тілейді бақыт бір саған
Мирас: Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянған
Аналар тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Ақ сүт беріп өсірген
«Ботам» деген даууысы
Кетпес ешбір есімнен
Надир: Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым,
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Ән «Ақ мамам»
О, Анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәңгілікке арамызда шалқып тасып жүр аман
Егер де сен ауырмай, күліп ойнап қуансаң
Бұл тәңірден ең асыл жан- Ана. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық,еш уақытты ренжітпейік.
Ана біздің гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз!
Біздің жасаған сылығымызды қабыл алыңыз.
Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.