Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Ертеңгілікте балалардың жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік ертеңгілікке деген ой-қиялын, көркемдік талғамын дамыту. Таңғажайып сәттер ұйымдастыра отырып, балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Шырша мерекесін көңілді ұйымдастырып өткізу.
Безендірілуі: Ойыншықтар ілінген шырша, түрлі-түсті шарлар, жылтыр жаңа жылдық әшекейлер,жасанды қарлар,жаңа жылдық тілектер жазылған плакаттар.
Өтетін орны: Мектеп, 2 қабат фоесі
Ертеңгілік кейіпкерлері:
Жүргізуші -Асанбаева Дидар Сағданқызы / ШО тәрбиешісі/
Ақшақар -Жумадилова Альбина Жексембайқызы /МАД тобының жетекшісі/
Сайқымазақ - Маханова Ақмарал Күзембайқызы /ШО тәрбиешісі/
Аяз ата- Бектемирова Ляззат Калимжанқызы /ШО тәрбиешісі/
Қой жылы-Еркін Аяулым /МАД тобының тәрбиеленушісі /
Мешін жылы-Құрманғали Нұрхат /МАД тобының тәрбиеленушісі/
Түлкі- Искакова Айнұр Нұрқасымқызы /ШО тәрбиешісі/
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі «Ақбота» ШО және мектепалды даярлық тобының «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды,
Көк көрпе жапты бүгін бақшаларды.
«Мен келдім есіктерді ашыңдар»- деп,
Жаңа жыл күллі әлемге жар салады.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңдайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын!- деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Имуханбетова Салтанат Жалқынқызына береміз.
/Осы кезде залға Ақшақар кіреді/
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме , құрметті балалар!
Мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын ғой, біз Аяз ата екеуміз тұрамыз, Аяз ата сендерге сәлем айтты.Көп кешікпей өзіде келіп қалар.
-Қане, балалар, Аяз ата келгенше бір ойын ойнасақ қайтеді.
«Сылдырмақ» ойыны. Ойын шартымен балалар таныстырылады. Ойынды көңілді етіп ойнап шығады.
Жүргізуші: Қане, балалар тыңдайықшы, қар сықырлайтын сияқты.
/Осы кезде түлкі келеді/
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Қандай әдемі, көркем едіңдер. Мен түлкімін, сендерге асығып орманнан келе жатырмын. Менің аяғым тоңып қалды. Қане менімен билеңдерші, менің аяғым жылынсын.
/Музыка қойылып, балалар түлкімен бірге би билейді./
Жүргізуші: Қу түлкі, сіз қандай әнді жақсы көресіз?
Түлкі: А, мен бе, мен әжемді жақсы көремін, сондықтан әже туралы ән болса тіпті жақсы болар еді.
Жүргізуші: Ендеше, біздің балалар сізге арнап, барлық әжелерге арнап «Әжемнің шайы» әнін орындап берсін.
Ән: «Әжемнің шайы».
Түлкі: Рахмет балалар, әжемді сағынып жүр едім, көңілім бір көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Балалар, тыңдайықшы тағы да қар сықырлайтын сияқты.
/Залға Сайқымазақ кіреді/
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, бізге көңілді Сайқымазақ келіпті.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме балалар, Мен жаңа жыл мерекесін тойлап жатқан балалардың көңілдерін көтеріп келе жатқан да, бір дауыстарың естілген соң, сендерге бұрылдым. Менімен көңілді ойын ойнағыларын келе ме?
Ойын: «Кім жылдам?» Ойын шарты балаларға түсіндіріледі.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар,ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.
Жүргізуші: Балалар, бізге бір хабар жетті, Аяз ата жақын жерде келе жатқан сияқты, олай болса Аяз атаны дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!
/Аяз ата және Жаңа Мешін жыл залға кіреді, балалармен амандасады./
Жүргізушы:Сәлеметсіздер ме Аяз ата, Сіз бізге жалғыз келмепсіз, жаныңыздағы кім?
Аяз ата: Бұл, 2016 жылы кіретін Жаңа Мешін жылы.
Ескі қой жылы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мен бір жыл бойы балалардың жанында, қызықты сәттеріне куә болдым, олар бір жылға есейді, тәртіпті, білімді болып өсіп келеді. Енді, мен кетейін, Мешін сенде балалармен қызықты уақыт өткізуге тілектеспін!
Балаларым қарағым,
Сендерді қимай барамын,
Орындалсын арманың,
Құтты болсын келген жылдарың!
Мешін: Рахмет саған Қой жылы, менде сен сияқты балаларға жайлы боламын,- деп сөз беремін.
Жүргізуші: Олай болса балалар, қой жылын шығарып салайық, біз саған ризамыз, біз сені әлі де күтеміз.
Барлық қатысушылар: Қош бол, Қой жылы!
Жүргізуші: Балалар Аяз атамызбен шыршаны айналып «Шырша жыры» әнін бірге айтайық.
Жүргізуші: Ал, енді, балалар өнерімізді көрсетіп, Аяз атадан тәттілер алайық
Жансұлтан: Борандатып, аққарлатып,
Аяз ата келеді.
Ақ көңілмен, пәк көңілмен,
Бізге сәлем береді.
Асем:Аяз ата, Аяз ата,
Сені күтіп жүрдік біз.
Томпаң қағып, арқаланып,
Келеріңе сендік біз.
Али:Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
Зере:Бізге Жаңа жыл енді,
Аяз ата бірге келді.
Алақай, айнала түрленді,
Балақай би биле, тұрма енді.
Ән: «Әжемді жақсы көремін». Орындайтындар:Еркін Аяулым және Нұрбол Альбина.
Олжас:Шырша қандай керемет,
Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары,
Бүкіл қызық тірілген.
Аяулым:Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жан ашыр.
Ата – әже, ата – әже,
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Ришад:Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Ұлназ:Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді.
Бізге қарай жылыстап.
Үнді биі. Орындайтындар:Абылайқызы Ұлназ және Болат Зере.
Жәнібек:Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Нұрбек:Аяз Ата аппақ,
Сыйлығы оның тәтті-ақ
Ойыншықты көп берсең,
Мен айтамын тақпақ.
Алима:Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны.
Альбина:Тақпақ айтам жыл басы
Құлағың сап тыңдашы,
Бар бөбекке өзімдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
Нұрхат:Мерекеге келдік-ау.
Тақпақ айтып бердік-ау
Ойыншықтар тізілген.
Шыршаныда көрдік-ау.
Ән: «Құтты болсын, Жаңа жыл». Орындайтын: Нұрланқызы Әсем
Мерей: Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай,
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Адина: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже,Ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!
Айару: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр,
Бір қолында шоколад,
Бір қолында мармелад.
Жұлдыз:Даланың да қаланың,
Думандатып отбасын,
Тағы міне, Жаңа жыл,
Қақты уақыт қақпасын.
Заманауи би. Орындайтын Жұмажан Мұғзиза.
Ильяс: Ағылсын жыр толсын,
Кеудеге нұр толсын.
Жеңісті-жемісті
Құтты болсын Жаңа жыл.
Айару: Шыршаны айналып
Билейміз ән салып.
Жаңа жыл өзіңді,
Жырменен қарсы алып.
Мұғзиза: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық,
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
Ән: «Гүл бағушы қыз». Орындайтын: Бақытжан Жұлдыз.
Қарақат: Жаңа жыл, жаңа күн,
Нұр бақыт көңілге,
Өмірді жырлатып,
Тұрсын кеп еліме.
Еркежан: Жаңа жылды бар тілде,
Жаңа жырға балайды,
Жаңа жылға әркімде,
Жақсы үмітпен қарайды.
Іңкәр:Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Тамаша тойымыз,
Алақай, алақай,
Өседі бойымыз.
Медина: Жасыл шырша жанында,
Жиналдық біз асыға.
Басқа достар келгенше,
Би билейік мақтана.
Ақберен: Келді міне Жаңа жыл,
Қарсы алайық, бәріміз,
Күліп, ойнап, би-билеп,
Ән салайық бәріміз.
Самат: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Абзал: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Сезім: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылды жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Айқын: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз,
Жарқын,жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Аяз ата: Мен сендерге алып келген сыйлықтарымды таратайын, мені басқа жерде күтіп отырған бүлдіршіндерім бар, Ақшақар екеуміз соларға жол тартайық. /Аяз ата балаларға сыйлықтарды таратады./
Ақшақар: Жаңа жылда балалар,
Тек жақсылық тілеңдер,
Жылау, ауыру, жамандық,
Қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар балалар!
Балалар: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші: Міне, құрметті балалар, келген қонақтар біздің Жаңа жылды қарсы алу ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге үлкен рахмет! Жаңа жылда әр отбасына құт-береке, денсаулық, мол табыс, бақыт тілейміз!
«САРЫБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН
ОРТАЛЫҒЫ» КММ
«Бекітемін»
Мектеп директоры С.Имуханбетова
«___»___________2015ж.
«Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Ертеңгілік
Мектепалды даярлық тобы және
«Ақбота» шағын орталығы
2015-2016 оқу жылы