Дымбілмеске көмектесейік оқу іс - әрекеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім саласы: Қатынас

Тақырыбы: Дымбілмеске көмектесейік

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтап қорыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын бекіту.

Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Дыбыстарды, сөзді анық, дұрыс айтуды меңгерту.

Тапсырмаларды түсініп өз беттерінше орындай білуге тәрбиелеу.


Шаттық шеңбері:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз күлеміз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәнгілік достармыз,

Біз мәнгілік біргеміз.


Экранда Дымбілместің суреті шығады (аудиожазба) ,

Дымбілмес: Балалар мен адасып кеттім, мен бөтен үйде отырмын, бырақ кімің үйі екенің білмеймін. Өтінемін мені құтқарындаршы.

Тәрбиеші: Ол бізден құтқаруын сұрайды

Тәрбиеші: Біздің досымыз Дымбілместің аты қандай дыбыстан басталады?

Балалар: «Д» дыбысынан

Тәрбиеші: Балалар дыбыс әріп дегеніміз не және олардың айырмашылығы? (Дыбысты біз естиміз және айтамыз, ал әріптерді көреміз,жазамыз).

Тәриеші: Дымбілместі кім ұрлап кетті екен? Мен түсінген секілдімін,

1- тапсырма.  Суреттердің бірінші әріптері арқылы біз Дымбілместі кім ұрлап кеткенін білеміз.

 (мольберте  суреттер ілулі тұрады , мысық, ыдыс, сиыр, ту, алма, нан.....балалар Мыстан Кемпір деген сөзді құрайды).

Балалар Мыстан Кемпіп бізге тапсырмалар дайындап қойыпты, біз оларды орындауымыз керек. Бірақ мұқият болыңдар , немесе Дымбілмес бір жамандыққа ұшырауы мүмкін. Көмектесуге дайынсыңдар ма? Ендеше тағыда қандай тапсырмалар дайындағандарын көрейік?


2-тапсырма.   Д/О: «Бұл қай ертегі?» Ертегілерден суретті үзінділер слайд арқылы экраннан көрсетеді. Балалар қай ертегі екенін тауып айтады.

( Бауырсақ. Түлкі мен қоян. Жеті лақ. Мақта қызбен мысық. Үйшік. Аю мен Маша. Қасқыр мен қоян. Үш аю)




3-тапсырма.   «Кім қандай тақпақ біледі?»

Богдан «Отан»

Б.Артем «Ойыншықтар»

Ш.Давид «Шырша»

Саша «Көктем»

Вика «Сылдырмақ»

София

А.Артем «Ұзын мұртты құмырсқа»

Родион

Матвей «Алтын, сары...»

Костя

Кирилл - Дымбілмес



Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.


4-тапсырма.  Д/О: «Сөздік ойын» (сары, қызыл гүлдерді алады, екі топқа бөлінеді, қай топ қазақша көп сөз білетінін анықтаймыз.)


5-тапсырма. Д/О: «Мен бастаймын сендер аяқтаңдар»
Буынға буын қосып сөз құрайды.

Мысалы: АЛ – МА, ӘП-КЕ, ҚАР – БЫЗ, МЫ-СЫҚ, СИ-ЫР, МӘ-ШИ-НЕ, ТҮЛ-КІ, ҚАС-ҚЫР, АЛ-МҰРТ, СӘ-БІЗ, КӘР-ТӨП.


6-тапсырма. Үлестірмелі материалдармен жұмыс

  • дыбысты сипаттап бер (5 бала)

  • тірек сызбамен жұмыс ( 5 бала)

Тәрбиеші: Болды тапсырмалар біткен секілді. Дымбілмес осы жерде болуға тиісті. Іздеп көрейік.

(Балалар Дымбілместі іздейді)

Дымбілмес: «Балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын!».

Тәрбиеші: Дымбілмес не болды?

Дымбілмес: Мен адасып кеттім және Мыстан Кемпірге тап болдым. Мен сендерге аудио жазба жібердім, сендер көрдіңдер ме ?

Тәрбиеші:Иә, аудио жазбаны біз көрдік. Бырақ Мыстан Кемпір балаларға қиын тапсырмалар дайындап қойған екен. Сені құтқару үшін балалар көп еңбек етті.

Дымбілмес: Балалар мені құткарғандарына көп рахмет.

Тәрбиеші: Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды, бүгін жақсы жұмыс істедіңдер рақмет. Ал енді қонақтармен қоштасамыз.

Барлығы: Сауболыңыздар