Тақырыбы: Жомарт күз
Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік: Күзгі табиғат ерекшеліктерін көре білуге үйрету.
Дамытушылық: Тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын көре және бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сюжетті – суреттер, жапырақтар
Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау
Сабақтың барысы.
Жылулық шеңбері.
Балалар терезе алдына жақындап, қолдарын, күннің шуағының жылуымен жылытады!
Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер – Ана!
Амансың ба, достарым, сендерді көрсем қуанам.
І. Балалар бізге жыл мезгілі келді.
Қай мезгіл екенін ажырату үшін, жұмбақ жасырады.
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Алдымен менің бір сұрағыма жауап беріңдерші.
- Бір жылда неше мезгіл бар? — Төрт
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен өлең оқимын, сендер өлеңде қай мезгіл айтылғаны жайлы айтасыңдар.
Сары ала тон жамылған
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі
Қандай өзі береген
Жемісі көп не деген
Неге аласың демейді
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
(Күз мезгілінде)
Күз: 1. Қазақстан өлкесінің табиғаты бейнеленген суретті көрсетіп, күз маусымындағы табиғат өзгерістері туралы әңгімелеседі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күз мезгілінде бау- бақшада не піседі?
- Күзді жомарт күз деп неге атаймыз?
«Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар қоңыр, сарғыш, қызылсары түске енеді.
Күн біртіндеп қысқарады. Жауын- шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Күзде жеміс- жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдаркүзді «жомарт», «алтын» деп атайды. «Жомарт» сөзі молдықты, дархандықты, мырзалықты білдіреді. Күз жылдың берекелі мерзімі.
2. Дидактикалық ойын:
«Бұл не және қандай?»
Балалар себеттен көкөністер мен жемістерді таңдап, пішінін, түр- түсін, дәмін, пайдасын сипаттайды.
3. Сергіту сәті: «Ақ бидай»
Жайқалады ақ бидай
Мойнын иіп аққудай
Трактор мен комбайн
Жүргізуге мен дайын
4. Балалар 3 топқа бөлінеді.
І – топ: «Мақал – мәтел»
ІІ – топ: «Жұмбақтар»
ІІІ – топ: «Өлең, тақпақтар» айтады.
1. «Жазда не ексең – күзде соны орасың!»
2. «Береке басы – бірлікте»
3. «Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей.
4. «Ас атасы – нан!»
Жұмбақтар:
1. Қалың киім ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз)
2. Жер бетінде шашы бар, (сәбіз)
3. Аспай піскен, қайнамай түскен. (жеміс)
4. Ұзын мұртты сарылар, қойынында наны бар. (бидай)
ІІ. Жемістер жыры: Н.Жанаев
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмәм.
Шие: Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.
Сергіту сәті:
Көкке бойын созады
Көкке қолын созады
Кең құшағын ашады
Көлеңкесін тосады.
Көк қарағай қарағай
Мейірбанды анадай.
ІІІ. «Өз орнын тап»
Екі себет қойылады, балалар «көкөністер» және «жемістер» себетіне көкөністер мен жемістерді дұрыс таңдап алып салады.
Қорыту: «Біз не білдік»
- Күзді «Алтын», «Жомарт» күз дейді
Жылулық шеңбері: Балалар шеңбер жасап тұрып «Ақ бидай» өлеңін айтады.