Ашық оқу іс-әрекеті Ғарышқа сапар қоршаған ортамен танысу пәні

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Ақшұқыр мектеп – лицейі» мемлекеттік мекемесі

«Кәусар» шағын орталығы








Ашық оқу іс-әрекеті:












«Ақжелкен» естиярлар тобы

Қоршаған ортамен таныстыру









Өткізген: Кагазова Жадыра Аликкызы

Ақшұқыр селосы



Бекітемін ___________

Өтетін күні: 11.04.2016


Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Ғарышқа сапар (аралас сабақ)

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Таным белсенділігін дамыту.

Көрнекіліктер: қазақтың тұңғыш ғарышкерлерінің, ғарыш кемесінің суреттері, слайд, пішіндер.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ - жауап, құрастыру.

Пән аралық байланыс: Математика, құрастыру, тіл дамыту.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түссін даламыз

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы күн достарым!

Сұрақ- жауап.

  • Балалар, қәзір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем

  • Көктем айларын атаңдар?

  • Наурыз, сәуір, мамыр

  • Көктемнің ерекшеліктерін білесіңдер ме?

  • Көктемде қар ериді, күн жылынады, жылы жақтан құстар келеді, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік жарады, гүлдер өседі.

Дұрыс айтасыңдар!

Балалар назарын сабаққа аударады.

Шаттық шеңберіне тұрып ғажайып сөздерді қайталайды.








Балалардың жауабы



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Себебі барлығымыз ғарыш әлеміне сапарға аттанамыз.

Ғарыш әлемін және аспан денелерін ағылшын, орыс тілдерінде айтып үйренейік:

Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз?

Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар

Балалар, мына жұмбақтарды мұқият тыңдап, шешуін айтайық:

Жұмбақ: Бірде орақ, бірде доп,

Бірде бар да бірде жоқ.

Қараңғыда жымыңдайды жанады

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

Балалар адамдар ең алған ғарышқа Лайка деген итті ұшырып көрген. Бірақ ол ит қайта оралған жоқ.

  • Ал мынау не?

  • Күн,ай, жұлдыздар аспан денелері деп аталады.

  • Ай алғаш жарты ай болып көрінеді, содан бірте-бірте ай толады.

  • Жұлдыздар өте көп және олар бізге кішкене болып көрінеді.

  • Балалар күн жерден де үлкен. Ол жерден өте ұзақ, сондықтан күн бізге кішкене болып көрінеді. Егер күнді жерге жақындатсақ, ол жердегі барлық тіршілікті өртеп жіберер еді.

  • Балалар адамдар ғарышқа не үшін ұшады деп ойлайсыңдар?

  • Дұрыс немесе күннен қаншама электр энергиясын алатынын

Ал ғарышқа кімдер ұшады? Дұрыс, ғарышкерлер. Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол кім екен? (Ю. Гагарин). Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты Олар: Т. Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов

  • Видео ролик

- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек? Ал айтыңдаршы, зымырандар қайдан ұшады? Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?

- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.

Сергіту сәті

- Орнымызда тұрамыз, қолдарымызды созамыз. Мен санаған кезде алдымен оң жаққа қарай бұрылып, айналамыз, сосын сол жаққа қарай. Жарайсыңдар!

Ойын: «Суретті құрастыр»

- Балалар алдымыздағы пішіндерді пайдалана отырып ойын ойнайық.Қиындыларды құрастырып, ненің суреті шыққанын айтады.

- Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр. Скафандрды не үшін киеміз? Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба?

Қане кері санайық

5, 4, 3, 2, 1 ұшты

Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Балалар біз ғарышқа да жеттік.

Жарайсыңдар, ал енді орнымыздан тұрып, дүрбілерімізбен жан - жағымызға қарайықшы. Не көріп тұрмыз?

- Қандай планета көріп тұрсын? Ол қандай екен?

Ғарышта сегіз планета бар: Жер, Шолпан, Меркурий, Нептун, Юпитер, Сатурн, Уран, Марс.

- Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:

  1. - ер, - ер, - ер

- Біз боламыз ғарышкер.

  1. - ға, - ға, - ға

Біз ұштық Айға.

- Ал, жарайсыңдар, енді неге тұрмыз? Кәне тағы дүрбілерімізбен қарайық.

- Мен де роботтарды көріп тұрмын. Кәне «Роботтар» ойынын ойнайық.

- Менің командам бойынша қимыл - қозғалыс жасайсыдар:

Солға қадам, оңға қадам

Алға қадам

Артқа қадам

Секіреміз бір рет

Отырамыз

Түзу тұрамыз

Роботтар сынды. (денелерін босатады)

Ал енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік!

Кері санаймыз 5, 4, 3, 2, 1

Балалар қуанады!

Алақай




  • Жерде, Земля, Earth


  • Аспан, Небо, Sky

  • Ғарыш, космоc, Spacе


  • Ай, Луна, Moon


  • Жұлдыз,Звезда, Star




  • Күн, солнце, Sun



Балалар әңгімені түсініп тыңдайды.










Ғарышқа ұшу арқылы адамдар ай мен күннің жерге берер әсерін, зиянын пайдасын зерттейді.


Сұрақтарға жауап береді, мұқият тыңдайды.


  • Мықты болу керек

  • Байқоңыр ғарыш алаңынан ұшады.

  • Зымыранмен


(балалардың бұлшық еттерін тексереді)


Балалар белгі бойынша сергіту жаттығуларын орындайды.



-Зымыранның






  • Ия





Мұрынмен дем алып ауызбен шығарады.
























қимыл - қозғалыспен көрсетеді.








планеталардың суреттерін қарастырып, атауларын қайталатады


Рефлексті қозғаушы

Жақсы, балалар, міне жерге де келіп жеттік. Ой, балалар бізді мына жерде қонақтарымыз қарсы алып жатыр. Кәне, қолымызды бұлғайық.

«Достық космодромы»

Балалар сабақтан жақсы әсер алады.


Балалар бірге өлең жолдарын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы.