Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жомарт күз», «Күзгі жаңбыр»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Кіріктірілген оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық

Білім беру көзі: Сөйлеуді дамыту, Бейнелеу өнері сурет

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Жомарт күз», «Күзгі жаңбыр»

Мақсаты: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойларын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.Күзгі жаңбыр бейнесін бейнелей білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы, халық болжамдары жазылған жинақ.

Билингвалдық компонент: күз-осень, жапырақтар сарғайды – листья пожелтели


Іс – әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінің күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.

Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.


Балалардың жауаптары:

- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.

- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.

- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған.

Ұйымдастыру-

Ізденушілік

2. Тірек сұрақтар:

1. Қазір қай мезгіл?

2. Күз екенін қайдан білдіңдер?

3. Неліктен жомарт күз дейміз?

4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер?

5. Неліктен күзді жақсы көресіңдер?

6. Күз туралы не білесіңдер?

7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны.

3 Дәптермен жұмыс

Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.

Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.

Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.

Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.

ә) Бидайдың сабағының суретін салу.

б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.

Жұмбақ жасыру

Төбеден төнеді

Тамшысын төгеді

Сол кезде ой қаулап

Жемістер өнеді (жаңбыр)


Біз кішкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізде қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.

Жаңбыр қай мезгілде көп жауады ?

Күзгі жаңбыр бейнеленген суретке балалардың назарын аударып,акварел бояумен жаңбырдың суретін салады. Суретті салу ретімен таныстырып , жұмыс жасауға бағыт беру


Сұрақтарға жауап береді







Балалар серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады.







Бидайдың суретін салып, жұмбақтың шешуін табады.












Ағаштар күз мезгілінде жаңбырды қажет етеді. Қыс бойы суғарылып, көктемге дейін тәтті ұйқыда болады.

Рефлексивтік-

түзетушілік




Қорытынды.

Тәрбиеші М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды.

М Әлімбай «Алтын күз» өлеңін оқу

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Сұрақтарға жауап беру.

1. Күзде жапырақтарда, өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?

2. Жапырақ түсуі қай кезде басталады?

3. Күзде бау - бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі?

Мадақтау. Күзде жауын бұлт тұман

Сары жапырақ жауады

Жердің бетін әсемдеп

Сары кілем басады

Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді.


Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысады


Нені біледі:Күз мезгілі туралы білімдерін арттырады


Қандай түсініктерді игерді: Күз мезгіліндегі өзгерістермен танысады


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Алтын күз» өлеңін оқып, мазмұнымен таныс болады.Күзгі жаңбырдың суретін салады