Менің сүйікті қалам тақырыбында мұражайда жүргізілген викторина

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Менің сүйікті қалам

Өткізілетін күні: 16.09.2016ж

Өткізілетін жері: мұражай

Өткізілу әдісі: викторина

Аудитория: Балдырған балабақшасы

Жауапты: әдіскер М.Ағылбаева, экскурсовод Ф.Нұрлыбаева





Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі викторина тақырыбы - «Менің сүйікті қалам» деп аталады. Қаламыздың туған күніне арналады.


Жүргізуші: Мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.

  • Балалар, сендер тұрып жатқан қаланың аты қалай аталады?

  • Балқаш қаласы жайында қане кім айтады?

  • Біздің қаламызда не бар?

(Үйлер, мектеп, балабақша, завод,темір жол.т.б )

Сондай-ақ балалар, біздің Балқаш қаламыз көлдің жағасында орналасқан қала.

Балқаш қаласы биылғы жылы 79-ға келді, яғни қаланың құрылғанына 79 жыл толып отыр. Қалада мыс қорытатын завод, нан заводы, мәдениет сарайы, оқушылар сарайы, өнер мектебі, орта білім беретін мектептер мен балабақшалар бар. Қазақстандағы дамып келе жатқан қалалардың бірі.

«Кім тапқыр»

Жүргізуші: Балалар, олай болса викторинамызды бастайық. Викторинамыз бірнеше бөлімнен тұрады. Бұл бөлім «Кім тапқыр» деп аталады. Мен сіздерге өздеріңіздің тұрып жатқан қалаларыңыздың атын мына көңілді доптарға жасырдым сіздер соны тауып көріңіздер. Сіздер түстері бірдей доптарды тауып астында жасырынған әріптерді тәрбиешілеріңе бересіңдер. Соңында тәрбиешілеріңнің көмегімен қай қаланың аты құрастырылғанын айтасыңдар. Қане, кім тапқыр екен, кім түстерді жақсы айыра алады екен. Біздің қаламыздың аты қай доптың астына жасырынды екен. Тақтаға кім шығады? (Балалар түстері бірдей доптарды тауып олардың астында жасырынған қала атын құрастыруы керек.)

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, біз барлығымыз бірігіп қаламыздың атын білдік.

«Кім байқағыш»

Жүргізуші:

Қазір жылдың қай мезгілі? (Тақтадағы жыл мезгілдерінің ішінен балалар, қай жыл мезгілі екенін көрсетулері керек). Біз қала күнін қай мезгілде тойлаймыз? (Тақтадағы суреттермен жұмыс).



«Болашақ құрылысшылар»

Жүргізуші: Келесі бөліміміздің аты «Болашақ құрылысшылар» деп аталады. Бұл бөлімде сіздер конструктордың көмегімен болашақта осы қалаға қандай құрылыс саласыңдар соны құрастыруларың керек. Біреулерің мүмкін болашақта осы Балқаш қаласына зәулім үй немесе мектеп, цирк алаңын саласыңдар?! Оны енді өз ойларыңнан құрастырып, құрастырған ғимараттың атын достарыңа айтасыңдар. (Балалар конструктордың көмегімен ғимарат тұрғызулары керек.)


«Ұлт өкілдері»

Жүргізуші: Болашақ құрылысшылар өз жұмысын аяқтады сіздер жұмыстарыңызды қорғайсыздар. (Балалар құрастырған жұмыстары туралы айтып түсіндіреді.) Олай болса, балалар біз сіздермен соңғы бөлімнің тапсырмасын орындайық біздің қаламыздың ірге тасын көп ұлтты халық қалады. Яғни қаламызда өзге ұлт өкілдері тұрады. Олар Орыс, Украин, Қырғыз, Татар, Башқұрт, Корей т.б ұлт өкілдері тұрады. Олай болса сол ұлт өкілдерімен танысайық. Мен сіздерге мына түрлі түсті қағазды таратып беремін сіздер құрастырасыңдар. Соңында барлығымыз қай ұлт өкілі екенін анықтайтын боламыз. Келістік пе балалар? Жақсы онда топпен жұмыс жасайық. (Балалар берілген қағаз қиындыларын құрастырады.)


Қорытынды: Қала күніне слайд көрсетіледі. Балқаш қаласына саяхат жасап қаламен таныстық. (пысықтау сұрақтары қойылады. Балалар бүгін біз нені білдік? қала күнін, қаланың туған күнінің қашан екенін, қаламызда қандай орындар бар екенін, көп ұлтты халық тұратынын т.б ақпараттар алдық).


Балалар бүгінгі қала күніне арналған викторинамыз өз мәресіне жетті. Барлықтарың алғыр, білімді екендеріңді көрсеттіңдер! Ертеңгі елдің болашағы сендерсіңдер! Әрдайым осындай білімге құштар, жан жақты болыңдар! Келіп қатысқандарыңызға рахмет.