Алтын дән тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Алтын дән»

Мақсаты:еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер.

Сөздік жұмыс:алтын дән.


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері.

Тәрбиешімен бірге шеңбер бойына тұрып,төмендегі өлең жолдарын орындайды.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достық мейірін салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.


Балалар шеңбер бойына тұрып,қимылдар жасап,өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру

іздестіру

Кіріспе әңгіме.

-Ал енді,балалар,бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.Бүгін біз ақын Күләш Ахметованың «Алтын дән»өлеңін мәнерлеп оқып,оның мазмұнын ашатын бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысайық.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Алтын дән

Жатыр дала жалтылдап,

Жаз шуағын мол құйды.

Күн астында алтын дән

Тербеледі,толқиды.

Көкжиекпен ұштасып,

Күн астында ақ бидай

Билейді қол ұстасып.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

-Осы оқыған өлең шумағында не жайлы айтылған?

-Өлеңнің авторы кім?

-Сендерге өлең ұнады ма?

-«Алтын дән»дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті:

Кел,балақан,балақан,

Шапалақта алақан:

Жай-жай-жай.

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді:

Сарт-сарт-сарт.

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

Жай-жай-жай.

Өлеңді қайталап,мәнерлеп оқу,жаттап алу.


Орындарына

жайғасып отырады.









Мұқият тыңдайды.










Жауап береді.




Өлең шумағына байланысты дауыс ырғағын келтіріп,қимыл жасайды.

Рефлексивті

түзетушілік

Қорытындылау:

Қазақтың нақыл сөздері арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Ас атасы-нан.

Нан болса-ән де болады.


Күтілетін нәтиже:

Ұғады:өлеңнің мазмұнын.

Түсінеді:алтын дәннің нәтижесі-нан,оны қадірлеу керек екенін.

Қолданады:нанның үлкен еңбекпен келетінін.