Ашық сабақ: Сүйікті ертегілер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

№22 «Балбөбек» бөбектер бақшасы КМҚК






2 педкеңеске арналған

көркем әдебиет пәнінен ашық сабақ

«Балдәурен» мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы : «Сүйікті ертегілер»






Тәрбиеші: Рахимжанова А. Б.








Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: «Сүйікті ертегілер»

Сабақтың мақсаты: Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін әрі қарай арттыру. Балалардың ертегілер туралы білімдерін бекіту. Ертегі кейіпкерлеріне деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық ойын: «Қисық ертегілер», орман үні бар ж/е ән фонограммасы бар үнтаспаларлар, орман бейнесінде әшекейленген зал, жүрекшелер.

1 Кіріспе:

-Сәлеметсіңдерме, балалар. Балалар бүгін бізде көркем әдебиет сабағы. Біз бұл сабақта ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Бүгін бізге қонаққа қаншама халық келіпті. -Балалар, қуаныш шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайық

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше боламыз

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздерме! -деп

Амандасып аламыз



2 Негізі:

А) -Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер?

- Қандай сүйікті ертегілерің бар?

-Дұрыс, көп ертегілер біледі екенсіңдер.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ә) -Балалар, қазір біз «Қисық ертегілер» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты мынандай, мен ертегі айтып отырамын, ал сендер егер ертегі қисық айтылса, мені түзетіп отырасыңдар.

Мақсаты: Балалардың зейінділігін дамыту , білім деңгейлерін арттыру

Б) «Бір қап алма» ертегісі сахналанады. –Ал қазір, балалар, мына келген қонақтарға ертегіні сахналап берейік.

Қоян келген қонақтарға алма таратып береді.

В) -Балалар, ертегі не туралы болды? Сендерге ұнады ма? Қай кейіпкер сендерге көп ұнады? Неге? Неліктен?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

4 Қорытынды:

- Балалар, Балалар, ертегі жайдан –жай айтылмайды. Ертегіні атам заманнан біздің бабамыз бізге айтып келе жатыр. Ертегіні бізге анамыз, оларға әжелеріміз айтқан. Сендер де ертең өскенде өз балаларыңа, өз немерелеріңе айтатын боласыздар. Ертегі бізді адамгершілікке, адалдыққа, жақсылыққа үйретеді. Сондықтан ертегіні көп оқып, көңілімзге тоқи білейік.

-Балалар, мына жерде кішкентай жүрекшелер жатыр. Осы жүрекшелерге тілек айтып, келген қонақтарға таратып берейік.

-Балалар, рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды.

























ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

№22 «Балбөбек» бөбектер бақшасы КМҚК




Ертегіні сахналау

Білім беру саласы – Таным

Әлеуметтік орта

Шығармашылық

Тақырыбы : «Бір қап алма»







Тәрбиеші: Рахимжанова А. Б.





2012 – 2013 о/ж

Тақырбы: «Бір қап алма» В. Сутеев


Мақсаты: 1 Балалардың ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.

2 Өлең сөзін жаттау арқылы, тіл байлықтарын дамыту, зейіндерін шоғырландыру

3 Балалардың әртістік өнеріне баулу.

4 Бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Орман бейнесінде әшекейленген зал, орман дыбысы бар, ән фонограммалары бар үнтаспалар, бетперделер, жеміс -жидек, көкөніс муляждары


Жүргізуші: -Көжектерін асырауға

Қоян шықты алыс жолға

Алма ағашын көрді -дағы

Келді қоян жинауға


Қоян: -Жұпар иісі аңқыған

Неткен алма балқыған!

(Қоян алмаларды жинап, қапқа сала бастайды)


Қарға: -Кар -кар, кар -кар,

Неткен сұмдық!

Неткен шындық!

Түк қалмады!

Неткен сұмдық!


Қоян: -Қорықпа, қарға

Бәріне жетер

Кел, қарға

Дәмі -шекер


Қарға: -Кар -кар, кар -кар,

Неткен сұмдық!

Неткен шындық!

Түк қалмады!

Неткен сұмдық!

(Қарға теріс айналып, ұшып кетеді)

Қоянға аю кездеседі


Аю: -Мен аюмын, аюмын

Талтаңдаған аюмын

Балды берсең маған -ай

Сені жақсы көремін

ААА, ООО, ЕЕЕЕЙ


Аю: -Не бар қапта, достым -ай?

Қоян: - Алма бар, дәмі балдай

Аю: -Шіркін, дәмін көрсе?


Қоян: -Ал, аю -бай

Дәмі -балдай


Аю: -О -о, дәмін -ай

Рахмет, достым -ай

(Аю кетеді)



Ортаға тиіндер келеді


Тиіндер: -Біз тиінбіз, тиінбіз

Ағаш біздің үйіміз

Мақтан етсең біздерді -ай

Сені жақсы көреміз

ААА, ООО, ЕЕЕЕЙ


Тиіндер: -Не бар қапта, достым?

Қоян: -Шекер дәмді алма бар


Тиіндер: -Шіркін, дәмін көрсе?


Қоян: -Ал, тиінжан

Дәмі -жаңғақтай


Тиіндер: -О -о, дәмін -ай

Рахмет, достым -ай

(Тиіндер кетеді)

Ортаға ешкілер келеді


Ешкілер: -Біз ешкіміз, ешкіміз

Секеңдеген ешкіміз

Ойын қуып жүруді

Біз де жақсы көреміз

ААА, ООО, ЕЕЕЕЙ


Ешкілер: -Не бар қапта, достым?

Қоян: -Шекер дәмді алма бар


Ешкілер: -Шіркін, дәмін көрсе?


Қоян: -Ал,ешкіжан

Дәмі -орамжапырақтай


Ешкілер: -О -о, дәмін -ай

Рахмет, достым -ай

(Ешкілер кетеді)



Ортаға кірпілер келеді

Кірпілер: -Біз кірпіміз, кірпіміз

Тікенекті кірпіміз

Алма берсең бізге -ай

Сені жақсы көреміз

ААА, ООО, ЕЕЕЕЙ


Кірпілер: -Не бар қапта, достым?

Қоян: -Шекер дәмді алма бар


Кірпілер: -Шіркін, дәмін көрсе?


Қоян: -Ал, кірпі

Дәмі -саңырауқұлақтай


Кірпілер: -О -о, дәмін -ай

Рахмет, достым -ай

(Кірпілер кетеді)

Ортаға қарға келеді


Қарға: -Кар -кар, кар -кар,

Неткен сұмдық!

Неткен шындық!

Түк қалмады!

Неткен сұмдық!


Қоян: -Қорықпа, қарға

Бәріне жетер

Кел, қарға

Дәмі -шекер

(Қарға алманы алады, қоян қапты қараса, алма бітіп қалыпты)


Қоян: -Алмам бітті, бәрі бітті

Көжектеріме не апарамын?


Қарға: -Ха -ха, ха -ха, ха -ха, ха -ха

Күлкі болдың сен босқа.


Қоян: -Түкте етпейді, мен барып, тағы да көжектеріме алма теріп әкелемін.


Осы кезде алма ағашының түбінде қасқыр қоянды күтіп жатады:

  • Мен қасқырмын, қасқырмын

қарны ашқан қасқырмын

Қоян келсе, шіркін -ай

Қарным тойып, басылар

ААА, ООО, ЕЕЕЕЙ


  • А, қоян келдің бе, мен сені жеймін.


Қоян қасқырдан қашып, алма тере алмай кетеді.

Осы кезде қоян үйінде не болып жатыр, соны көрейік.



Қоян әйелі:

  • Құлақтары салпаңдап

Әкелерің қайда жүр

Базарлығын мол қылып

Қабын тасып жүр мекен

ААА, ООО, ЕЕЕЕЙ


-Көжектерім, құлақтарым

Әкелерің келді

Дәмді тағам әкелді


1 Көжек: -Әкеміз келді

2 Көжек: -Не әкелді?

3 Көжек: -Ұзын шашты сәбіз бе?

4 Көжек: -Әлде дәмді алма ма?

5 Көжек: -Әлде тәтті жапырақ па?

(Көжектер қапты ақтарады)


Қоян: -Түк таппадым, балаларым

Бос келді ғой қолдарым

(Екі қолын көрсетеді, күрсінеді)


Есік қағылып, ортаға аю, тиін, ешкі, кірпі келіп, базарлығын ортаға қояды.


Бәрі: -Налыма, достым, сен босқа

Береке келді сен досқа


-Ағайынбыз бәріміз

Иман жүзді жандармыз

Көмек беріп әрқашан

Қол созайық бәріміз


(Бәрі орамжапырақ, жаңғақ, бал, саңырауқұлақты үстелге қояды)


Жүргізуші: -Даламызға күз келді

Берекесін әкелді

Бірлік болсын әрқашан

Тірлік келер соңынан