Менің отбасым (Технологиялық карта)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Келісілді. Әдіскер:__________________________

«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта Өткізілген уақыты:

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты:Білімділік: Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету.

Дамытушылық:Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.

Тәрбиелік: Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Отбасы ұғымын түсіндіру. Отбасы мүшелерімен таныстыру.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын.

Қажетті құрал – жабдықтар:Отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.

Сөздік жұмыс: отбасы, әке, ана.

Билингвальды компонент: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Жылулық шеңберіне жиналу.

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне, мен!

Доспын енді сенімен.


Балалар, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар жылулық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын қайталып айтады.



Балалар өз ойларын айтады.


Ұйымдастырушылық

-ізденушілік.



















































Іс - әрекетін бағалау кезеңі


-Балалар, қалай ойлайсыңдар, жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?

-Иә, балалар сендерге жылы сөздерді аталарың, әке, әжелерің аналарың айтады екен.

-Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?

-Онда бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз?Балаларды екі орталыққа бөлемін.

Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып,өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.

Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып,отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады(әңгімелесу барысында амандасу,қоштасу,алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)

Сергіту сәті

Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Д/о: «Жылулық тілегі»

Ойынның шарты:ойынға қатысушы барлық балалар ата,апа,ана,әке,ағаның,ал допты ұстаған бала баланың рөлін ойнайды.

Бала допты лақтырған кезде,қағып алған бала(ата,әже,әке,ана,аға)допты кері қайтарып теңеу сөз,жылы сөз,лебіз немесе тілек айтады.








Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіру. Өздеріне ұнаған суреттерді тандап алып, коллаж құрастыру.



-Балалар, біз бүгін кімдер туралы білдік?

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?


Балалар өз ойларын ортаға салады.




Отбасы деп атаймыз.


-Отбасы мүшелері туралы.Балалар сұрақтарға жауап беріп,өзінің отбасы мүшелері туралы айтып береді.





Мысалы:

Мынау-Әдемі.

Әдемі Асқардың қарындасы.









Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.




Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар шеңбер бойына тұрады.

Допты қағып алған бала жылы сөз немесе тілек, теңеулер айтады. Мысалы:

-Мен сені қатты жақсы көрем.

-Сен менің қошақанымсың.

-Жұлдыздай жарқырай бер.


Дәптерде берілген тапсырманы орындау.




Отбасы мүшелері туралы білдік.

Ия, ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Нені үйренді:өзінің отбасы,жақсы көретін адамдары,олардың жақсылығы мен қайырымдылығын әңгімелей білу,басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарың тыңдап, олардың да ата-аналарының қамқорлық жасайтыны туралы түсіну, сұрақтарға жауап бере білу.


Қандай түсініктерді игерді:өзінің отбасы,жақсы көретін адамдары,олардың жақсылығы мен қайырымдылығын,бір-біріне қалай көмектесетіндерін,басқа балалардың да ата-аналарыныңқамқорлық жасайтынын.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:отбасы мүшелеріне құрметпен,сыйластықпен қарауды,жақсылық,қайырымдылықжасауды,әңгімелесу барысындаәдептілік қарым-қатынасмәдениеті мен сыпайлыққа қатысты сөздерді.


Тәрбиеші: Утепова С.А.