Шағын-орталықпен қоштасу ертеңгілігінің сценариі «СӘНҚҰМАРЛАР КЕШІ»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Шағын-орталықпен қоштасу ертеңгілігінің сценариі

«СӘНҚҰМАРЛАР КЕШІ»

(Даярлық топ)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар біздің шағын-орталықпен қоштасу кешімізге қош келдіңіздер!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайқ.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

БИ «ВАЛЬС»

ТАҚПАҚТАР 3-4

«МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН»


ОРЫНДАРЫНА ОТЫРАДЫ

Жүргізуші: Бүгін біз соңғы рет түлектерімізді мектепке шығарып салу үшін жиналдық. Бүгінгі мереке көңілді, жарқын және ұмытылмастай болуы керек. өйткені біз СӘНҚҚҰМАРЛАРМЫЗ!

Ортаға бір бала шығады:

Яркие галстуки, платья и брюки

Причёски с начёсом, веселье вокруг,

И места здесь нет только для скуки

И нам наплевать, если нас не поймут

Стиляги! (вместе) Весело живут!

Стиляги! (вместе) Танцуют и поют!

Стиляги! С нами веселей, мы зажжём энергией своей.


Сәнқұмарлар! Көңілді!

Сәнқұмарлар! Билейді

Ән айтады шаттана

Ренжуді де білмейді


Әсем көйлек,шалбарды

Киіп алды сәнқойлар

Қараңдаршы оларға

Қызықтырар жандарды


Сәнқұмарлар біз мықты

Далаға да біз шықтық

Ұқсамаймыз ешкімге

Сән қуамыз біз күнде


Көтеріңдер көңілді

Би билеңдер бізбенен

Қуанышты жалынды

Жарқыраған жүзбенен.




Жүргізуші: Сонымен балалар сендер бүгін сәнқұмарлар екенсіңдер ғой (ия) Ендеше бүгін бәріміз көңіл көтереміз!

БАЛАЛАР ЖАРТЫ ШЕҢБЕРГЕ ТҰРАДЫ

«АТА-АНАНЫ ТЫҢДАЙМЫЗ» ӘНІ

ОРЫНДАРЫНА ОТЫРАДЫ

Жүргізуші: Балалар біз бір жыл бойы ойнадық, көңіл көтердік. Енді мектепке баратын жасқа жеттіңдер. Ойын-күлкіні қойып сабақ оқу керек балалар.

МУЗЫКА ӘУЕНІМЕН ЕКІЛІК КЕЛЕДІ

Екілік: Сәлем, менің достарым! Мектепке барғалы жатырсыңдар ма? Мектепке не іздейсіңдер? Одан да, менімен бірге ән салып, билеп, ойын ойнайық. Солай ма, балалар? (ИЯ)

Жүргізуші: Ойын ойнағанды балалар жақсы көреді.
ЭСТАФЕТА «ДОПТАРДЫ ЖИНАП АЛ»
Екілік: Жарайсыңдар, балалар! Міне, бұлар менің нағыз достарым. Балалар, мен сендерге сұрақ қойяйын, сендер бірінші сынапқа барасыңдар ма???

Балалар: Жоқ.

Екілік: Соны айтам не іздейсіңдер ол мектепте. Таңертеңнен кешке дейін оқу, оқу. Жалықтырып жібермейме. Одан да достарыммен бірге ән шырқайық.

Орындарына тұрады
«ДОСТАРЫМ» ӘНІ

ОРЫНДАРЫНА ОТЫРАДЫ
МУЗЫКА ӘУЕНІМЕН БЕСТІК КІРЕДІ
Бестік: (екілікке қарап) Сен осында жүр екенсің ғой! Балалардың мерекесін бұзбақшысыңба? (қонақтармен балаларға қарап айтады). Кешіріңіздер, сәлеметсіздер ме, балалар және қонақтар! Мен – Бестікпін. Өзім сондай нәзікпін. Күнделіктің де сәнін келтіремін.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, бестік! Келгенің жақсы болды ғой. Мына екілікке еріп балалар мектепке бармаймыз деп жатыр.

Екілік: Менің бұған қатысым жоқ. Ол балалар өздері ғой көңіл көтеріп, ән айтып, би билейміз деген. Міне, өзің қарап көр.

БИ «БУГИ-ВУГИ»
Бестік: Ия, балалар биді жақсы билейді екенсіңдер. Ал менімен ойнағыларың келе ме?

Да, ребята, танцуете вы хорошо. А со мной поиграть не желаете?
Балалар: Ия, ойнағанды ұнатамыз.
Бестік: Қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.

Тәрбиешілер алдын ала дайындалған тапсырмаларын сұрайды
балалар сауат ашудан, математикадан, ағылшын тілінен тапсырмаларды орындайды.
Бестік: Балалар, қараңдаршы, екілікке түрі бұзылып кетипти, сендер тапсырмаларыңдың барлығын дұрыс орындағандықтан екіліктің көңіл-күйі түсіп кетіпті.

Екілік: Ой-ой-ой, ыстығым көтеріліп ауырғалы тұрмын. Маған бұндай ақылды балалардың қасында тұруға болмайды. Сау болыңдар мен кеттім. Бірақ сендермен мектепте кездесетін боламыз. Айтқаным айтқан. (КЕТІП ҚАЛАДЫ)

Жүргізуші: Балалар, сендер енді түсінген боларсыңдар. Өмірде тек ән салып, би билеген жарамайды. Балалар енді 1-ші сыныпқа баратын болдыңдар ма? (балалар: ИЯ)

Бестік: Мектепте қандай бағаға оқитын боласыңдар?

Жүргізуші: Оны қазір саған көрсетеміз.

ОЙЫН «БАҒАЛАР»

Бестік: Жарайсыңдар, балалар! Тамаша. Мектепте сендермен жиі кездесіп тұратын болармыз деп үміттенем.

Жүргізуші: 

Мұңаюды білмейміз

Жарқыраймыз, гүлдейміз

Шансон, романс айтпасақ та

Джаз бен буги билейміз

ТАНЕЦ «СЕН ӨЗІҢ ТҮРЛІ ЕКЕНСІҢ»
Бестік: Ал, енді құрметті ата-аналар, балалар сіздердің назарларыңызға «МЕКТЕП ЛОТЕРЕЯСЫ». Менің сұрағыма бәрің бірге қатты жауып бересіңдер. (ЖАУАБЫ: ӘКЕМ, АНАМ немесе МЕН)

1 Кешке сағатты қоңырауға кім қояды?

2 Оқушының кімін кім қадағалайды?

3 Сағат алтыда кім бірінші тұрады?

4 Кім таңғы асты тауысып жейді?

5 Сабаққа сөмкені кім дайындайды?

6 Кім әліппені күнделікті оқиды?

7 Шамам бітті деп кім жылайды?

8 Екі алсаңдар кім кінәлі?

9 Мектеп жиналысына кім барады?

10 Оқушыны мектепке кім апарады?

Бестік: Балалар, мен сендерге білім елінің есігін ашатын мынанадай алтын кілт сыйлаймын. Ал, қазір мен қайтайын, мектепке сендермен күнделікті кездесемін деп үміттенемін. (КЕТЕДІ)

БАЛАЛАР ЖАРТЫ ШЕҢБЕРГЕ ТҰРАДЫ.




Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып ұстаздармен

Біріншіге барамыз


Тамылжыта ән салуды үйреткен

Мың бұралып, биімізді билеткен

Бәріңізге де алғыс айтамыз

Мың қайтара сәби бала жүректен



Баулап-баптап өсірдіңіз

Бұзықтық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Ұмытпаймыз өзіңізді


Халқым бізге сенеді

Ұрпақ оған қуныш

Ұстаз жақсы көреді

Балаларды тіл алғыш.


Балабақшам бесігім,

Қайсысын айтып берейін.

Осындағы ұстздарға

Рахмет айтып кетейін.




ӘН «ҰСТАЗЫМ»