Сабақтың тақырыбы: Р дыбыс мен р әрпі Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды Р дыбысы және әрпімен таныстырып, Р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай үйрету; ә) балалардың, ой- өрісін дамыту және бір – біріне деген қарым- қатынас

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Р дыбыс мен р әрпі

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларды Р дыбысы және әрпімен таныстырып, Р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай үйрету;

ә) балалардың, ой- өрісін дамыту және бір – біріне деген қарым- қатынасын нығайту;

б) жазбаша тапсырмалар орындау арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

в) Р әріпінің баспа, жазба түрін жазуды үйрету, қызығушылықтарын дамытып, имандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, оқу, жазу, ойын, сұрақ – жауап.

Түрі: жаңа сабақты түсінідру.

Көрнекілігі: буындар, жазбаша, баспа түр, жеке суреттер.

Пәнаралық байланыс: айналамен танысу, бейнелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. амандасу.

2. Сынып оқушыларын түгелдеу.

3. Сабақты хабарлау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

«Актерлер» ойынының міндеті: өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің рөлі, оның маңызы жөнінде түсінік беру.

Педагог кімді бейнелеу керектігін ұсынады:

  • Қуанышты бала.

  • Күн.

  • Күнге қараған мысық.

  • Айлакер түлкі.

  • Сендер күнді көріп тұрған сияқты.

ІІІ. Өтілген материалды еске түсіру.

  • сөз ойлату

  • буынға бөлгізу

  • сөйлем ойлату

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ә. Дүйсенбиевтің өлеңін мәнерлеп оқу.

- Не деу керек екен?

- Рақмет деу керек десе, онда бұл сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

- Дұрыс. Р әрпінен басталатын қандай сөздер білесіңдер?

1. Сөз ойлату

2. Буынға бөлгізу

3. Сөйлем ойлату

4.и Р әрпі сөздің қай жерінде тұр?

V. Мазмұнды суретпен жұмыс.

- Мынау кім? Ат қою.

- Мынау Райгүл. Қолында түрлі шарлар бар.

- Қандай әріптен басталып тұр?

- Райгүл, шар деген сөздерде Р әрпі қай жер тұр?

- Мынау не?

- Ит.

- Баласын қалай атаймыз?

- Олар қалай дыбыстайды?

- Р- р-р-р.

- Кәне, бәріміз бірігіп айтайық.

- Қалай айтылып тұр?

- Әндетілмей, кедергімен, яғни ол дауыссыз дыбыс екен.

- Мынау не?

- Ара.

- Ара – жәндік,

- Ал мынау не?

- Қуыршақ.

1. Буынға бөлу.

2. Сөйлем ойлау.

- Мынау не?

- Ара – жәндік, ара- еңбек құралы.

Бұл шар.

  • Түсі қанадй?

  • Сары.

  • Пішіні қандай?

  • Шарды жару.

  • Не болды?

  • Сары шар жарылды. Р дыбысыеың орнын табу.

VІ. Оқулықпен жұмыс.

Қуыршақ, текшемен белгілеу.

Тарақ дыбыстық талдау

Шарлар жасау.

VІІ. Дәптермен жұмыс.

1) эелементтермен жұмыс.

2) баспа, жазба түрімен таныстыру

3) ауада жазу

VІІ. Сергіту сәті: күйтабақтан әуен тыңдату, би қимылдарын жасау.

ІХ. Дидактикалық, ойын: тікұшақ ұшыру. Тапсырмалар беру.

1. шар 2. шара 3. ара 4. ору

1. оқу 2. буынға бөлу 3. сөйлем ойлау

Бал араның жыры:

Баратыным – қыр,

Қонатыным – гүл.

Теретінім – нәр,

Беретінім – бал

Х. Сабақты қорытындылау.

- Қандай әріппен таныстық?

- Ол қандай дыбыс?

- Қандай сөздерде кездеседі? Мадақтау.