Сабақтың тақырыбы: Б әрпі мен б дыбысы.
| Білім саласы: коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі:сауат ашу негіздері |
№ 8 мектеп Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Жолмагамбетова В.Т. |
Мектепалды даярлық сыныбы | Қатысқан бала саны: Қатыспаған бала саны: |
Сабақтың оқу мақсаттары:
| Білімділік: Б дыбысы мен б әрпін таныту.Сөзге дыбыстық талдау жасату. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажыратуды пысықтау.
Дамытушылық: танымдық тапсырмалар,сұрақ қою,ой-өрісін дамыту,өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындауға бейімдеу.Сөз қорын молайту,өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: сауаттылыққа,таза жазуға, жылдам ойлауға ,ұстамдылыққа тәрбиелеу.Адамгершілікке бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға баулу. |
Күтілетін нәтиже
Барлық балалар:
Балалардың басым бөлігі:
Кейбір балалар:
|
Сөз бен сөйлемді ажырата алады.
Балалар өз ойларын еркін жеткізе алады.
Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады.
|
Тілдік мақсат
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Балалардың қабілеттері дамиды Талқыланатын сұрақтар:
Өткен сабақтағы алған білімдері | Көптілділік: балық-рыба,бақа-лягушка
Кеспе әріптер,алфавит,суреттер, буындар.
Қазақ, ағылшын тілдеріндегі үйренген сөздерін тану Дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
Әр сөзге дыбыстық талдай жасай білу,дыбыстарды текшемен белгілеу. |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Балалардың іс-әрекеті |
І.Жұмысты істеуге жағымды көңіл күй қалыптастыру. | Бала ,бала ,баламыз, Бақшамызға барамыз. Балалармен ойнаймыз, Бар қызыққа батамыз. Балалар ,тақпақта кім туралы айтылған? | Балалар тақпақты барлығы бірге қосылып айтады. Балалар туралы айтылған. |
ІІ.Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау. | Балалар ,қазір мен жұмбақ жасырамын. Қара көзі мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүні үлбіреп, Қарасаң көзің тоймайды. Бадырақ көзбен сүзеді, Бүргеден бетер қорқады. Суда еркін жүзеді, Қанатты жемін аңдиды. Қызықтырып әркімді-ақ, Суда жүзер жалтаңдап, Сол жәндіктің атын тап. Жұмбақтың шешімдері туралы не білесіңдер?
| Балалар жұмбақтарды шешеді.
(бота)
(бақа)
(балық) Бота- түйенің төлі. Бақа – құрлықта да, суда да жүре береді. Балық – суда жүреді. Олардың түрі көп. |
Сабақтың негізгі бөлімі | Жаңа сабақ |
|
ІІІ.Сабақтың тақырыбы Жаңа сабақ | Бақа,бота,балық сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіледі? Бдыбысы дауыссыз дыбыс.Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз? Сергіту сәті.
Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.Б- ұяң дауыссыз дыбыс,А- жуан дауысты дыбыс,Қ- қатаң дауыссыз дыбыс,А- жуан дауысты дыбыс. Балалар сөзінде неше буын бар? Бағандағы сөздерді оқимыз. БАЛ БО- ТА БА-ҚА БАҚ- ША БА-ЛА БА -ТЫЛ Енді б әрпін дәптерге жазып шығамыз. Алдымен әріпті ауада жазып шығамыз.
Суретпен жұмыс. Балалар не істеп жатыр? Балалар қандай ойын ойнап жүр? | Б дыбысы мен б әрпі
Көк текшемен.
Бақа,бақа, балпақ, Басың неге жалпақ? Темір қалпақ көп киіп, Содан басым жалпақ.
Үш буын бар.
Балалар сөздерді оқиды
Балалар Б Б Б б б б дәптерге жазады.
Балалар далада ойнап жүр. Жасырынбақ ойынын ойнап жүр. |
Балаларға өзіндік жұмыс | Балалар,енді «Топтастыр» ойынын ойнайық.Мына суреттерден Б дыбысы бар суреттерді іріктейміз. Сен не алдың? Сол сөздерге сөйлем ойлаңдар.
|
Бұзау Балта Мен жазда бұзау бағамын. Атам балтамен ағаш жарды. |
Шығармашылық тапсырма. | Сөзжұмбақ 1.Ананың көңілі- 2.Атаның тілегі- 3.Бала тілі – 4.Тақтаға жазатын |
Бала
Бата Бал Бор |
Сабақтың соңы. Рефлекция. | Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Барлығыңызға бес деген баға қоямын,мен сендерге ризамын . | Балалар қуанып, риза болады. |