Сабақтың тақырыбы Компьютерлік ғажайыптар әлемі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жоба тақырыбы:

«Компьютерлік ғажайыптар әлемі»

«Ақпараттық технологиялар түрін пайдалану арқылы балаларды жан-жақты дамытуда тұлғалық қасиеттерін арттыру» мәселе бойынша жұмыс жасаудамын. Қазіргі заман талабы - баланың тұлғасын,оны дамытудағы ыңғайлы, қауіпсіз, қолайлы жағдайларын құрып, ақпараттық технолиялар түрін пайдалануын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі жастағы жобалық әрекеттің өзіндік ерекшелігі баланың түпкі ойының өзі ғана, оның техникалық мүмкіндіктерінен озады. Жоба не үшін керек?

  • Балаларға :

Жобалау баллардың белсенділік түрлерінің басқа формаларымен дамуымен орны толтырылмайтын танымдық іс-әрекетінің маңызды сферасы болып келеді.Сонымен қатар,баланың танымдық,коммуникативтік және реттегіш сияқты жалпы қабілеттері дамиды.

  • Педагогтарға :

Жобалау педагогтарды мүмкіндіктер кеңестігінде болып,күнделікті шығармашылық өсуді талап етеді.

  • Ата-аналарға:

Балалар мен ата-аналар қатынасы дамиды.Бала өзінің ата-анасына мазмұнды қызықты қырынан көрінеді.

Жоба 3 кезеңге бөлінеді:

  • Дайындық

  • Негізгі

  • Қорытынды.

Осы орайда, Сіздерге «Компьютерлік ғажайыптар әлемі» бағдарламасы бойынша жобалық жұмысты ұсынып отырмын. Жоба 1 оқу жылына арналған.

Мақсаты :

интербелсенді тақта арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда психикалық үдерісті /жад,қиял,ойлауды/дамыту,ақпараттық мәдениетке ортақтастыру;

  • Интербелсенді тақта мен терминдерді пайдалануға үйрету;

  • Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық үдерістерін интербелсенді тапсырмалар арқылы белсендендіру;

  • Интербелсенді тақта арқылы әлеуме туралы түсініктерін қалыптастыру.

  • Power pаint құралдарымен бейнелеу өнері,әлеумет,музыка және логопедпен топтық түзету сабақтары бойынша тақырыптық түсаукесерлер әзірленеді./рисунки –дом ,цветок,дерево,звери на компьютере/

Балабақшамызда интербелсенді сабақтарға арналған бөлме мынандай міндеттерді орындай алады:

  • Балаларды ең жаңа білім беру технолгияларының көмегімен оқыту.

  • Көңіл көтеру және ойын ортлығы қызметін артыру

  • Онда білім беру және көңіл көтеру міндеттерінің шеңбері барынша кең орындала алады

  • Балалар үшін де, тәрбиеші үшін де жұмыстың қолайлығын барынша жасау

  • Балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерімен және дағдыларымен таныстыру


Міндеттері:


-Жекелеген кезеңдерді ұйымдастыра отырып,балалар жұмысын күштеусіз бағыттау

- Әр баланың өздігінен дамуына жағдай жасау;іздестіру қызметіне қабілеттілікті дамыту

- балалардың психологиялық салауаттылығы мен денсаулығын қамтамасыз ету;

-танымдық қабілеттерін дамыту;

-шығармашылық қиялын дамыту;

-қатынас-байланыстық дағдыларды дамыту.

балалар игерген білімнің Қ.Р. мектепке дейінгі білімінің стандарт талаптарынан төмен болмауын қадағалау.

- оқытудың жаңа технологияларын ұйымдастырылған оқу іс-әрекет үрдісінде енгізе отырып, балдалардың өзіндік іс-әрекетін дамыту

- балалардың ұлттық құндылықтарын, логикалық, интелектуалдық қабілеттерін қалыптастыру, үш тілде сөлетуді үйрету.

- әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие, оқыту үрдісінде рухани бай, шығармашылық үйлесімді терең ойлайтын дарын иесін тәрбиелеу

- ата-анамен тығыз байланыста болу

Осы аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда төмендегідей педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдаландым.

-дамыта оқыту технологиясы

- ақпараттық – байланыстар технологиясы

-сын тұрғысынан ойлау технологиясы

-ТРИЗ технологиясы

- проблемалық оқыту технологиясы

- денсаулық сақтау технологиясы

Сонымен бұл технологиялардың негізгі ортақ мәселелері мынада:

-Баланы жан-жақты дамытуға негізделген

-Оқу іс-әрекеті мәселелік жағдаяттарды шешуге бағытталған;

-Оқу іс-әрекеті арқылы баланың ойлау мәдениетін дамыту;

-Баланы объектіден субъектіге айналуы;


Күтілетін нәтиже:

  • Ақпараттық мәдениетке ортақтастыру.

  • Балалар интербелсенді тақтаны пайдалануды үйренеді.

  • Интербелсенді тақта тапсырмалар орындау арқылы психикалық үдерістер белсендіріледі.

Қоршаған дүние туралы түсінік қалыптасады.