Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №14
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Ақ ұлпа қарлар»
Мақсаты:
а)Бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы жіңішке сызықтар түсіре отырып,жауып тұрған ұлпа қардың бейнесін салуға үйрету.
ә)Сурет салу іскерліктерін дамыту
б)Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балаларға қар туралы өлең оқу.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: демонстрациялық материалдар. Ақ түсті гуашь,жіңішке қылқаламдар,әр балаға көк түспен боялған қағаздар,су,қол сүрткіш.
Билингвалдық компонент: ақ-белый,көк-синий,ұлпа-рыхлый,үлпілдек-пушистый.
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Балаларды шаттық шеңбер тұрғызып,бүгінгі күнмен амандасу.
Қолымызды созайық
Қуанайық,
Күлейік,
Күннен шуақ алайық.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Қолымызды созайық
Қуанайық,
Күлейік,
Күннен шуақ алайық.
Іздену- ұйымдастырушы
Әңгіме жүргізу.
-Балалар,бүгін далада қар жауып тұрғанын байқадыңдар ма?
-Сендердің ойншықтарың да қардың жауып тұрғанын көргілері келеді,не істесек екен? Ендеше,балалар,біз ойыншықтарға жауып тұрған қардың суретін қарындаштың көмегімен салып берейік.
-Терезеден жан-жақтарыңа,үйлердің төбесіне,ағаштарға,жолдарға қарасаңдар,барлығы ақ ұлпа қар жамылған.
-Қардың түсі қандай?
-Қардығы тағы қандай деп айтуға болады?
Балалардың алдына бұлттың суреті салынған парақ қағаздардың тұрғанын ескерте отырып,ақ ұлпа қарларды қалай салуға болатынын көрсетіп,түсіндіру.
- Жіңішке қылқаламды ақ қарындашты алып,қысқа түзу сызық сызамыз,оның үстінінен көлденең қысқа сыызықтар сызу арқылы суретті толықтырып,ақ ұлпа қарды бейнелейміз.
Балалардыңтолық қағаздың бетін пайдалануын қадағалау.
Сергіту сәті:
Аппақ,аппақ дала,
Аппақ ауыл,қала.
Жапалақтап ақша қар,
Жауа берсін,жауа.
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?
Шарты: Қар күреу үшін не керек?Сырғанақ тебу үшін не керек?т.б
Балалар өздеріне таратылып берілген суреттерді көрсету арқылы сұрақтарға жауап береді.
Билингвалдық компонент: ақ-белый, көк-синий,ұлпа-рыхлый,үлпілдек-пушистый.
Балалар тәрбиешінің көмегімен қардың жауып тұрғаны жайлы,өздерінің көргендерін айтады.
[pic]
Тәрбиешінің артынан қайталап жауап береді.
-Аппақ.
-Мамықтай ұлпа жұмсақ.
Балалар тәрбиешінің көмегімен түзу, көлденең, қиғаш бірнеше сызықтар жүргізу арқылы қардың бейнесін салады.
Балалардың еңбегі.
Өлеңді тәрбиешімен қайталап, қимылдар жасайды.
Балалар қызығушылықпен ойын ойнайды.
- Күрек.
- Шана.
Қайталайды: ақ-белый, көк-синий,ұлпа-рыхлый,үлпілдек-пушистый.
Рефлексивті коррекциалаушы
Тәрбиеші балаларға «Кішкентай суретші лер» деген ат беріп мадақтайды. Балалардың сурет салу барысындағы іс-әрекетіне басшылық жасап,бағыт-бағдар беріп жасаған жұмыстарын мадақтайды.
Балалардың көңіл
күйлері көтеріледі.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Қардың апақ,мамықтай ұлпа екенін,жапалақтап жауатыны біледі.
Қандай түсініктер игерді: Қыс мезгілінде қардың түрлі қалыпта жауатынын игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қысқа түзу, көлденең, қиғаш сызықтарды сызу арқылы қардың бейнесін салуды меңгереді.