Урок по английскому языку на тему Овощи и фрукты (дошкольники)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Қызылорда қалалық қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы









АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы:

Fruits and vegetables

(жемістер мен көкөністер)



Орындаған: Мектепалды даярлық тобы

«Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі

Омаров Назбек











Қызылорда қаласы, 2016 жыл.
































Fruits and vegetables (жемістер мен көкөністер)

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:


Жидек туралы ұғымдарды анықтау, жеміс жидек атауларын, сөздік қорларын молайту, тілдерін байыту, ойын жинақтап жүйелі сөйлеуге үйрету, балалардың өз ойларын ашық айта білуге, суреттеп жеткізуге дағдыландыру.

2. Дамытушылық:

Іскерліктерін және ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту

3. Тәрбиелік:

Ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Пысықтау сабағы.

Қолданылатын сөздік әдіс:

Сұрақ –жауап, слайд арқылы түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер:

Слайд, пректор, пломастерлер, мультимедия, карточкілер. Жеміс –жидек бейнеленген суреттер, компьютер, проектор, презентация

Меңгерілетін сөздер:

Жемістер мен көкөністер











Сабақ барысы


Мұғалім: Good morning, friends! Sit down.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі өткізілетін ашық сабағымыздың тақырыбын тауып аламыз.

Дайынсыңдар ма?

  1. Іші толған шәрбат

Дәмі қандай айбат

Үзесің бірден жүзін

Оның аты…… /жүзім/

  1. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. /алма/

  1. Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде. /қызанақ/

  1. Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. /пияз немесе жуа/

  1. Көкөніс бұл қалаулы, жасамас онсыз палауды (сәбіз)

  2. Әр желінің асты толған көк қоян,

7.Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /қияр/

8. Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар (капуста)

9.Сырты жасыл қатты, Іші қызыл тәтті. (қарбыз)


Сонымен, балалар бүгінгі ашық сабағымыздың аты жеміс-жидектер деп аталады. Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз.




Жаңа сөздермен таныстыру

Экраннан видеоролик тыңдатып, жаңа сөздерді қайталатып айтқызу.

Today we learn some new words. Мұғалім суреттерді көрсетеді, оқушылар қайталайды:  potato, tomato, cucumber, carrot, cabbage, nut.


«Тиісті орынға сал» ойыны.

Балалар, бүгін Маша бізде қонақта. Ол бізден көмек сұрап тұр. Ендеше біз Машаға көмектесейік.

Балалар экранда ағаш және жер бейнеленген. Сендерге тапсырма мына суреттерді қарап, ағашта өсетіндерді ағашқа, жерде өсетіндерді жерге қоюымыз керек.

Балаларды бір-бірлеп шақырып, тапсырманы орындату.



Сергіту сәті. Гимнастика жасату.

«Тауып көр» ойыны. Балалар, мына коробканың ішіне әртүрлі жеміс-жидектер бар, соларды көздеріңді жұмыс алып, не екенін тауып, ағылшынша атауын айтасыңдар.


Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызды қорыта келе, жемістер мен көкөністерді бөлек себеттерге салып қоюмыз керек.

Оқушыларға алдын-ала клей, қайшы беріледі.

Тапсырма:

Екі корзина суретте берілген. Жемістерді қырқып, жеміс корзинасына, көкөністерді қырқып көкөніс корзинасына салу керек.


Балаларды бағалау.

Смайликпен бағалау.


[pic] [pic]



[pic] [pic]