Урок на тему Ұ дыбысы мен әрпі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: Даярлық тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. (2 сағ)

Мақсаты: - Оқушыларға Ұұ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. 
- Ұ дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.
 
- Ұқыптылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
 

Алдын -ала жүргізілтін жұмыстар: «ұ» дыбыс кездесетін өлең, тақпақ жаттау.

Көрнекілігі: Ұұ дыбысының баспа, жазба түрлері, ұ дыбысына байланысты суреттер, буындық кестелер

Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру. 

Билингвальды компонент: ұя -гнездо, құс - птица



Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің

іс- әрекеті


Балалардың

іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы







Амандасу.

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнде.

Күннің көзі ашылды

Көктен шуақ шашылды,

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Қош келіпсіз ұстаздар

Сәлеметсізбе!



Балалар қимылмен көрсетіп, амандасады.

Іздену ұйымдастырушы














- Балалар, қазір қай мезгіл? 
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
 

- Дұрыс айтасыздар балалар.


- Өткен оқу іс әрекетінде біздер қандай дыбыспен таныстық?


-Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?


Ендеше « ұ» дыбысы кездесетін құстардың атын атайықшы?


Ендеше бірінші топ Ұлар тобы

екінші топ Ұзақ тобы

үшінші топ Бұлбұл тобы

Балалар менің қолымда үш түрлі конверт бар.Әр топ бір конвертті таңдап, ішінде көрсетілген тапсырманы орындауы керек.

Қызыл түсті конверт: «Ұ» дыбысы кездесетін сөздерді айту.

Жасыл түсті конверт: Сөздерді буынға бөлу.

Сары түсті конверт: Сөздерден сөйлем құрау.


Сергіту сәті

Кәне, қанат қағайық

Ұшып, ұшып алайық, орнымызға қонайық

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонамыз

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.


Балалар, келесі тапсырма сурет бөліктерін пайдаланып, сурет құрастыруымыз керек.Әр топ суретті құрастырып, дауысты, дауыссыз екенін ажырату керек.



Балалар, менің қолымда сиқырлы сандықша бар. Сандықшада әр түрлі заттар бар. Сол заттарды пайдаланып, «ұ» әрпін кескіндеуіміз керек.

Бірінші топ ермексаздан «ұ» әрпін мүсіндеу керек.

Екінші топ қағаз қиындыларынан «ұ» әрпін жапсыру керек.

Үшінші топ «ұ» әрпін бастырып, бояу керек.

- көктем
-Күн жылынады, ағаштар жасыл түске оранып, бүршік атады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

«ұ» дыбыс мен әрпімен



-дыбысты естиміз айтамыз, әріпті көреміз, жазамыз.


Ұзақ, ұлар, бұлбұл










Ұшақ, ұя, ұлу, құс


Ұ-шақ, ұ-я, ұ-лу, құс

Құс ұясын бұзбаңдар.

Өскенде ұшқыш болғым келеді.




Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.






Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.



Сиқырлы сандықшаны ашып,сандықшадағы заттарды пайдаланып «ұ» дыбысын кескіндейді.

Рефлексивті коррекциялаушы





Сабақтан алған әсерлеріңізді , білімдеріңізді бағалайтын сәт те келді. Тақтадағы құмыраны гүл шоғымен толтыру керек.Егер де оқу іс әрекеті ұнады, бәрін жасадым, түсіндім десеңіздер көк түсті гүлді таңдаймыз,егерде одан да жақсы жұмыстана алатын едім, үлгермедім десеңіз қызыл түсті гүлді таңдаймыз.

Бүгінгі оқу іс әркетіне барлықтарыңыз өте жақсы қатысты деп ойлаймын, сол себепті бәріңізге «Жарайсыңдар!» смайлігін сыйга тартамын.



Алған әсерлерімен бөлісіп, тақтадағы құмыраны гүл шоғымен толтырады.







Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Әріп қималарымен сөздер құрап жазуды, сөздерге дыбыстық талдау жасауды, сөз ішінен «ұ» дыбысы бар сөздерді ойлап табуды;

Түсінеді: «ұ» әрпі қазақтың төл әрпі екенін;

Қолданады: сөздердің ішінен жаңа дыбысты таба білу дағдыларын;