Урок Балабақша екінші үйіміз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Балабақша екінші үйіміз.

Мақсаты: Балалардың балабақша туралы түсініктерін кеңейту.Сұрақтарға толық жауап беруге, ойындардың шартын түсініп ойнай білуге үйрету.Татулыққа,сыйластыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойындарға керекті заттар.(пирамидалар, дорба, ойыншықтар, орындықтар, )

Ашық тәрбие сағатының барысы:

Балаларды жылулық шеңберіне тұрғызу.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырырайды күніміз,

Жарқырайды жүзіміз,

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң апайлар!

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сендермен сүйікті балабақшамыз туралы әңгімелесетін боламыз.

Тәрбиеші: Балалар сендер күнде таң ертең қайда келесіңдер?

Балалар:Біз балабақшаға келеміз.

Тәрбиеші:Балабақшадағы бір күніміз қалай өтеді?

Балалар:Таңғы жаттығуды орындаймыз,ойнаймыз,тамақ ішеміз,табиғатқа серуенге барамыз,ұйықтаймыз,сурет салып, тақпақтар мен өлеңдер айтамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.(Балалардың сұрақтарын толықтыру) Қазір біз балалар балабақшада үйренген өлеңдер мен тақпақтарымызды айтып, түрлі ойындар ойнаймыз. Көңіл күйлерің жақсы ма?

Балалар: Иә, біздің көңіл күйіміз жақсы.

Тәрбиеші: Балалар біз сендермен балабақшамыз туралы тақпақтар, өлеңдер жаттаған болатынбыз. Сол өлең, тақпақтарымызды айтайық.

Балабақша туралы тақпақтар

Тақпақтарды зулатып,

Би де билеп береміз,

Апай әнді бастайды,

Қосыламыз басқамыз,

Ешкім мұннан қашпайды,

Үйіміз ғой бақшамыз.

Кішкентаймыз әлі біз,

Үлкендерге сенеміз,

Тәрбиеші апайларды,

Сыйлап жақсы көреміз.





Біздің топта ұл – қыздар

Тату –тәтті ойнаймыз.

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық сыйлаймыз.

Шашымды да тарадым,

Айнаға да қарадым,

Ерте тұрдым ұйқыдан,

Мен бақшаға барамын.

Қызық-қызық ертектер,

Біздерге оқып береді.

Жылауық та, тентек те,

Апайларға көнеді.

Кішкентаймыз әлі де,

Үлкендерге сенеміз.

Тәрбиеші апайларды,

Сыйлап жақсы көреміз.

Балабақша байтағым,

Күліп ойнап қайтамын.

Ән саламыз бәріміз,

Тақпақтар да айтамыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сендермен жақсы ойын ойнайық.

Ойын: «Ретімен орналастыр»

Шарты: Пирамида сақиналарын ретімен орналастырады. (қорытынды жасау.)

Тәрбиеші: - Балалар біздің топта көптеген ойыншықтар бар, сендер қандай ойыншықтарды білесіңдер?

Балалар: Сүйікті ойыншықтардың атауларын атайды.

Тәрбиеші: Сүйікті ойыншықтарымыз туралы тақпақтарымызды айтайық.

Ойыншықтар туралы тақпақтар.

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

Ұшағым бар ойыншық,

Ұщырмасам ұшпайды.

Айналам деп аспанды,

Шаршағанға ұқсайды.

Ойыншығым көжегім,

Қорықпайды, қашпайды.

Тәтті сәбіз ұсынсам,

Ұстай алмай тастайды.



Ойыншығым қуыршақ,

Не берсем де жемейді.

Еркелігі соншама,

Көтермесем жүрмейді.

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Алға сырғып жүгірдің ,

Шатырға сен секірдің.

Ойын « Сиқырлы дорба»

Ойынның шарты: Дорбадан таңдап алған ойыншықтары туралы қысқаша сипаттайды, ойыншықтарды өз сөрелеріне қояды.

Қоян туралы тақпақты бірге айтайық.

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып жүгірді.

Ән: «Ойыншықтар»

Ойын: «Кім жылдам?» (ойынның шартын түсіндіру)

Жылулық шеңбері.

Қорытынды.

  • Бүгін біз сендермен қандай ойындар ойнадық?

  • Ойындар сендерге ұнады ма?

Олай болса бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды әсем әнмен аяқтайық.

Ән «Балабақша»

Сау болыңдар!