«Балабақашадағы түзету жұмысында қолданылатын дидактикалық құралдар»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Балабақашадағы түзету жұмысында қолданылатын

дидактикалық құралдар»



Мектепке дейінгі білім берудің негізгі мақсаты – әр баланың психикалық және жеке - дара дамуын толық қамтамасыз ететін психологиялық ақуал тудырып, оның тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау болып табылады.

Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділілігін, баланың ынтасын күшейтеді. Кейбір ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызығушылық танытпайды, зейін қойып тыңдамайды. Дидактикалық материалдарға көрнекілерге жеке көңіл бөлген абзал. Дидактикалық ойындарды іріктеу барысында, ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшелігіне мән беріп, түзету мақсатқа ұмтылу қажет. Себебі, тіл кемістігі бар баланың психикалық дамуы түзету (коррекциондық) дайындықсыз баяу өтеді. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім берудің жүйесі балабақша қабырғасындағы білім беру процесін ұйымдастыруына жоғары талаптар қойылады.

Түзету бағыттағы дидактикалық ойындардың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес арнайы логопедиялық әдістерді қолдана отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, дыбыстардың артикуляциясын анықтау, дыбыстарды ажырата білу мен ауыз еркін сөйлеу тілге қалыптастыру. Толық тілді меңгеру, ана тілдік дыбыс бірліктерін дұрыс айту, тіл мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Педагог мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста әр – түрлі тәсілдерді қолдануы керек; баланы қызықтыру, ынталандыру үшін ойынның маңызы зор, себебі ол жетекші тәсіл болып табылады. Дыбысты машықтандыру кезеңі ойын тәсілін пайдалану арқылы, қол жетімді әрі балаларға тартымды болады. Түзету (коррекциондық) жұмыс пен фонематикалық қабылдау есту, көру және қол моторикасының жұмысын тығыз байланысты. Логопедиялық коррекциондық жұмыстың бір бағыты – дұрыс дыбыстарды үйрету. Кейде балаға дыбыс қою ауыртпашылық етпейді, ал дыбысты машықтандыру мен сөйлеу қорына енгізу қиындық туғызуы мүмкін.

Тәжірибе бойынша, бала қойылған дыбысты жетпістен тоқсанға дейінгі аралықта қайталайтын болса, еркін айта алады деуге болады.

Алайда, бір сөзді көп рет қайталау, баланы шаршатып, оны бұл дыбысты сөйлеу барысында қолдануына ынталандырмайды. Бұл жұмыс еркін, ойын түрінде жасалуы тиіс. Өз айтқан сөздерінің мағынасын түсінгенде, балалар сөздерді құрайтын дыбыстарға көңіл бөле бастайды. Осыдан сөзді дұрыс айту, дауысты және дауыссыз дыбыстарды кезектестіру басталады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста педагог әр-түрлі тәсілдерді қолдануы керек; баланы қызықтыру, ынталандыру үшін ойынның маңызы зор, себебі ол жетекші тәсіл болып табылады. Дыбысты машықтандыру кезеңі ойын тәсілін пайдалану арқылы, қол жетімді әрі балаларға тартымды болады.