Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы»
Мақсаты: қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар,мамандық арқылы кеңейту.Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау,өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер,хрестоматия.
Сөздік жұмыс:қалақ,сарай,кен,шахтер,ғарыш.
Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар,бәріміз ортаға шығып,
«Шаттық шеңберін» құрайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келген қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
-Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы»өлеңімен танысамыз.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Жайғасып отырады.
Ұйымдастыру
іздестіру
Кіріспе әңгіме.
Құрылысшы:
Қолда темір қалағым,
Содан сарай қаладым.
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын.
Шахтер:
Орны бөлек елдегі,
Шахтердің көп еңбегі.
Тау-тау болып үйілген,
Оның қазған кендөрі.
Ұстаз:
Оқу-білім ордасы,
Ұстаз оның арнасы.
Ұстаздық деген ұлы іс,
Адамдардың айнасы.
Ғарышкер:
Тұңғышты-ғарышты,
Тұнып тұрған алысты,
Орындалып арманы
Ғарышкерлер шарлады.
Сұрақ-жауап.
-Өлең шумағында не жайлы айтылған?
-Кім білім береді?
-Автобусты кім айдайды?
-Тұрғын үйлерді кім салады?
-Балаларды кім емдейді?
Дидактикалық ойын: «Кім болам?»
Мақсаты:мамандық туралы білімдерін бекіту.
Шарты:бала өзі қалаған мамандығын (сурет) алады да,сол мамандық туралы әңгімелейді.
Мұқият
тыңдайды.
Ұстаз
Жүргізуші
Құрылысшы
Дәрігер
Ойын
ойнайды.
Рефлексивті
түзетуші
Қорытындылау (сурет арқылы):
-Балалар,мына суреттерге назар аударыңдар.Кімдерді көріп тұрсыңдар?
-Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген?
-Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
-Сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Ұғады:мамандық туралы білімдерін кеңейту.
Түсінеді:болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетуді.
Қолданады:өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды.