Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтей білуге, салауаттылыққа тәрбиелеу. Жылдам қимылдауға, шапшаң әрекет жасауға үйренеді.
«Ханталапай» ойыны.
Бұл ойынға 4-5 бала қатысады. Ойынға он асық алынады. Он бірінші асық «хан» болады. Ол боялуы керек. Ойыншылар кезектерін біледі. Бірінші ойыншы қос уыстай ұстаған барлық асықты ортаға үйіруі керек. Басқа ойыншылар «ханға» қарап тұрады.
«Хан» алшы түскенде , балалар ортадағы асықтарға ханталапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, асықтарды сол үйіреді. «Хан» алшы түспесе, үйірген ойыншы шашылған ұқсас асықтарды бір- біріне шиіріп соғып, ұпай жинайды.
«Ханталапай» ойынын ойнатып көрсету.
ІІ. Бүгінгі сабақ «Ханталапай» ойыны.
Ол үшін екі топқа бөлінеміз.
І топ -« Тапқыштар»
Ұраны: « Тапқыр болсаң, талас жоқ!»
ІІ топ- «Шешен»
Ұраны: «Не болса да шешеміз!»
1. Таныстыру
2. Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
3. «Ханталапай» ойынын бізге Никита таныстырады. Ойын шарты былай: кімде- кім көп асық жинаса, сол «жеңімпаз» болады. Ендеше тақтада әр түрлі (қызыл, сары, көк) асық салынған конверттер ілулі тұр. әр конвертке 10,20,30,40,50... сандарына сәйкес тапсырмалар салынған.
-Ойынды кім бастайды?
-Топтың басшыларын ортаға шақырайық.
Санамақ: Алма кетті домалап,
көше бойын жағалап.
Кім алманы табады?
Сол ойыннан шығады.
№10 асық тапсырмасы.
Әріптерден сөз құрастыру
Тағас, піж, латаб, асқық.(сағат, жіп, балта, асық)
№10 асық тапсырмасы.
Сөздің басы мен аяғын табу
Жылыжасылүлкентазадәмдітәтті.
№10 асық тапсырмасы.
Әріптерден сөз құрастыру.
№20 асық тапсырмасы. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру. 1.Шешеммен, мен, сабаққа, бардым. 2.Қызықты, Алмат, кітап, оқыды.
Көрермендермен « Әтеш »ойыны.(Екі оқушыға бір парақ қағазға арқаларына сөз жазып,бір-біріне қарама-қарсы қойып оқыту)
№20 асық тапсырмасы.
Мына сөздерге көптік жалғау жалғаңдар.
Қалам,дәптер,доп,қағаз,сөмке,парта,жеміс,көкөніс.
№20 асық тапсырмасы.
Сөздердің аудармасын табыңдар.
Ұшақ-... режим дня
Зерек-... в полдень
күн тәртібі-... самалет
түсте -... умный
№30 асық тапсырмасы.
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойыңдар.
Мұғалім бізге ноталар.. үйретті.Ол домбыра... жақсы ойнайды.Марат домбыра үйірмесі... барады.Айгүл қобыз.. жақсы тартады.
Көрермендермен «Ұшты-ұшты» ойыны.
№30 асық тапсырмасы.
Сөз құрастыру.
Б -.
Б - -.
Б - - -.
Б - - - -.
4.Кім жаңылтпашты тез,жаңылмай айтады?
Бұл-бір піл,бұл бір-ірі піл.
№40 асық тапсырмасы.Мәтінді аудару.
Қазақстан.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Қазақстанның өз туы,әнұраны,елтаңбасы бар.Қазақстан Республикасының Президенті –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Қазақстанның жаңа астанасы - Астана.
Астана-жас қала.Қазақстан –үлкен мемлекет.
№50асық тапсырмасы. Кластер құрастыру.
Әр топтан бір оқушы қорғайды.Осымен ойын аяқталды,сіздерге көп рақмет! Қай топтың асығы көп екен? Енді әділқазылар мүшелеріне сөз беріледі. -- -Осымен сабақ аяқталды,сау болыңыздар!
Ойынға 5-10 дейін (үлкендер де ойнайса болады) бала қатыса береді. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояп, сол асықты «хан» сайлайды. Ойынды бастайтын бала санамақ арқылы айқындалады. Ол барлық асықты қос уыстап жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. Егер «хан» бүге, шіге, не тәйке түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақпен жер тіреп тұрып, сұқ саусағымен ыршыта итеріп бір-біріне дәл тигізуі шарт. Тигізген асықтар оның өзінікі болады. «Ханды» түсуі «ханға» ұқсаған ең соңғы асықпен ғана атып алуы тиіс. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке мән берілуі керек болады. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жалғастырады.
Ал «хан» алшы түссе, балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, «ханға» таласады, оны кім алса сол жеңіске жеткен болып есептеледі де, ойынды сол бала қайта бастайды.
Мынау асық, асығыңдар келіңдер,
Сұрақтарға жылдам жауап беріңдер,
Мақал менен сан әлемге еніңдер,
Жұмбақтарды зерде менен шешіңдер.- деп 5 а,ә сыныптары қыздарымен «Ханталапай», ұлдармен «Кім мерген» ойынын бастаймыз.
Ал «ханталапай» ойыны бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға екеуден 10 адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. Егер «хан» бүк, шік, не тәйке түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. «Ханды» жатысы «хандыкіндей» ең соңғы асықпен ғана атып алады. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал «хан» алшы түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, «ханды» өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды.