Балабақшадағы дидактикалық ойындар жинағы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


МҚКК «Әйгерім» бөбектер бақшасы



















Дидактикалық ойындар жинағы

























2016ж

І. Дидактикалық ойындар 
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
 
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
 
Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. 
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
 
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:
 
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
 
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
 
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.
 
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
 

«Дәл осындай пішінді тап»
 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
 
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
 

«Үйдің есігін жабайық»
 

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
 
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
 

«Вагондарға дөңгелек таңдау»
 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
 

«Үй құрылысының ретін көрсет»
 

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
 
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
 
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
 

«Бет орамалға лайық жамауларды табу»
 

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
 
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
 

« Жұбын тап»
 

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
 
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
 

«Әдемі кілемшелер»
 

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.
 
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.
 

«Таныс пішіндер доминосы»
 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
 
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
 

«Гараждар»
 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар.
 
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.
 

«Өз үйіңді тап»
 

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
 
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.
 

«Зейінді бол»
 

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.
 
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?
 
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.
 

«Мынау қай пішін?»
 

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
 
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
 
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
 

«Кім зейінді?»
 

Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.
 
Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.
 
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.
 

«Қандай пішін шықты?»
 
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
 
Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
 
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.
 
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?
 

«Біркелкі пішіндерді сана»
 
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)
 
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.
 

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»
 
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту.
 
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
 
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.
 

«Қандай пішін жетіспейді?»
 

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)
 
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.
 

«Пішіндерді боя»
 

Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету.
 
2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер
 
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.
 

Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар
 

«Сиқырлы суреттер»
 

Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
 
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
 
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
 

«Сиқырлы қапшық»
 

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.
 
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
 

«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»
 

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
 
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
 

«Зейінді бол»
 

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.
 
Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
 

«Ұзын-қысқа»
 

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
 
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
 

«Шамдар»
 

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар
 
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.

«Қолымда не бар?
 

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.
 
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
 

«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
 

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.
 
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
 

«Тапсырманы орында»
 

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
 
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.
 

«Қай қолымда көп»
 

Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер
 
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.
 

«Сипаттамасы бойынша тап»
 

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.
 
Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.
 

«Көп және біреу»
 

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
 
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
 

«Түрлі-түсті жолақтар»
 

Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.
 
Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.
 

«Ұзын және қысқа»
 

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
 
Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
 

Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар
 

«Кеңістік»
 

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.
 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.
 
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.
 

«Жоғарыда-төменде»
 

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.
 
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.
 

«Оң және сол»
 

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
 
Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.
 

«Суреттерді орналастыр»
 

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.
 
Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.
 

«Танып ал да, атын ата»
 

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
 
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
 

«Тәулік бөліктері »
 
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер
 
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
 

«Сипаттамасы бойынша тап»
 

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
 
Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
 
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
 

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
 

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.
 
Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.
 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»
 

«Доппен ойнау»
 

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: доп.
 
Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.
 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.
 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.
 
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.
 

«Ойыншықты тап»
 

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
 
Көрнекілік: Топтағы ойыншық.
 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.
 

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»
 

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.
 
Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.
 
Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.
 

Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар
 

«Карточкаға қандай сан жазылған?»
 
Көрнекілік: Суретті карточкалар.
 
Барысы:
 
1 вариант: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.
 
2 вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді.
 
Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.
 

«Автобус»
 
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
 
Көрнекілік: Сандық карточкалар.
 
Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы
 
5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.
 

«Сан құрастыр»
 

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
 
Көрнекілік: Суретті карточкалар.
 
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.
 
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.
 

«Ою құрастыру»
 

Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.
 
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.
 
Барысы:
 
1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.
 
2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады.
 
Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.
 

«Поезд құрастыр»
 

Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.
 
Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.
 
Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.
 

«Заттарды сана»
 

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.
 
Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.
 
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау.
 

«Дыбыс арқылы санды тап»
 

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
 
Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.
 
Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.
 

«Тез ойла»
 

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.
 
Көрнекілік: Топтағы заттармен.
 
Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
 

«Қанша? Қандай?»
 

Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту.
 
2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.
 
Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)
 
Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.
 
«Әрі қарай кері сана»
 

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.
 
Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар.
 
Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.
 

«Жазылмай қалған сандарды ата»
 

Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
 
Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.
 
Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.
 
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.
 

«Қуыршақтардың сыйлықтары»
 

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.
 
2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
 
Көрнекілік: Қуыршақ, шарлар.
 
Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.
 

«Жәндікте неше аяқ бар?»
 

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
 
Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер
 
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.
 

«Нешінші?»
 

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.
 
Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.
 
Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.
 

«Қай қолымда көп?»
 

Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.
 
Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.
 
Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.
 

«Қол соғу»
 

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
 
Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1-сурет/ .
 
Барысы:
 
1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.
 
2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.
 
Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.
 

«Өзара айырмашылығын тап»
 

Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
 
2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.
 
Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы.
 
Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.
 

«Қанша болса, сонша»
 

Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
 
Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)
 
Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.
 

«Керісінше айт»
 

Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.
 
Көрнекілік: доп
 
Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.
 

«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?»
 

Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту.
 
Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана)
 
Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды.
 

«Апта күндері»
 

Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.
 
Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка.
 
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.
 

«Қиындыларды дұрыс бөл»
 

Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру.
 
Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл, 2 сары, ең ұзын-сары, ең қысқа-қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары қиындылар жиынтығы.
 
Барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады.
 
1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң жаққа, жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады.
 
2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою.
 
3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар қою.
 
4- тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір қатарға қою.
 
Тапсырманы дұрыс орындаған столдағы балалар жеңімпаз атанады.
 

«Қандай сандар жетіспейді?»
 

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.
 
Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.
 
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.
 

«Көрші–көрші»
 

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.
 
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.
 
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.
 

ІІ. Санамақтар 

Бес саусақ
 

Бас бармақ бауға барды,
 
Бір дегенім бүркіт,
 
Қалады аңдар үркіп.
 
Екі дегенім есік,
 
Білмейді ол есеп.
 
Үш дегенім үкі,
 
Ұстап жеді түлкі.
 
Төрт дегенім тиін.
 
Бес дегенім бұлбұл,
 
Сайрағанда дүл–дүл.
 
Алты дегенім арғымақ,
 
Бір дегенім таяқ қой,
 
Дөңдеу жерден қарғымақ.
 
Жеті дегенім жайын
 
Жайынның жейміз майын.
 
Сегіз дегенім серке.
 
Енесіне ерке.
 
Тоғыз дегенім–түлкі,
 
Жүрген жері күлкі.
 
Он дегенім оймақ,
 
Осымен сөзді қоймақ..
 
(Т.Қанаев)
 

Санамақ
 

Екі көз бен қос құлақ
 
Бір бас пенен бір мұрын
 
Нешеу болды қос шырақ,
 
Санап шығар кім бұрын?!
 
Екі аяқ пен екі қол,
 
Бір ауыз бен бір тілің...
 
Нешеу болды қане, бол,
 
Санап шығар кім бұрын?!
 
Сұқ саусағым суға барды
 
Ортаң қолым орақ орды.
 
Аты жоғым ағаш жарды,
 
Жұмсамапты алақаным,
 
Тек шынашақ–балапанын.
 

(М. Қуанышбеков)
 

Топ, топ, добым
 

Топ, топ, добым домалақ,
 
Топ, топ, добым домалақ,
 
Қайда кеттің домалап
 
Қайда кеттің домалап
 
Бір, екі деп екі ұрдым,
 
Шатырға сен секірдің.
 
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
 
Ішіне ендің гүлдердің.
 
Алты, жеті дегенде.
 
Жаттың шаршап еденде.
 
Сегіз, тоғыз дегенде,
 
Сайға сырғып жөнелдің.
 
Топ, топ, добым домалақ,
 
Қайда кеттің домалап.
 

Бір апта
 

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
 
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
 
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
 
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
 
Жұма күні жидек тердік қыратта,
 
Сенбі күні кино көрдік клубта.
 
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
 
Осылайша өте шықты бір апта.
 

Санамақ
 

Оң қолымда бес саусақ,
 
Сол қолымда бес саусақ.
 
Қосып едім екеуін,
 
Болып шықты он саусақ.
 
Оң аяқта бес бақай,
 
Сол аяқта бес бақай.
 
Қосып едім екеуін
 
Болып шықты он бақай
 

Беске дейін санау
 

Бірді бірге таяп қой.
 
Екеу болар қос таяқ ,
 
Цифры оның тап мына
 
Ұқсайды бір аққуға,
 
Екі мен бір – болар үш,
 
Цифры оның – ұшқан құс.
 
Үш пен бірің төрт екен.
 
Төртеу санның көркі екен.
 
Төрт аяқпен жануар,
 
Стол, төсек... тағы бар..
 
Төрт аяқпен нық тұрар
 
Төрт бірлікті ұқтырар
 
Бес дегеннің цифры Қарап тұрсаң оп–оңай.
 
Үштің басын қайырып,
 
Қоя салған жай бұрап.
 

(Ә. Табылдиев)
 

ІІІ. Жаңылтпаштар 

Бір ақ шымшық,
 
Екі ақ шымшық.
 
Үш ақ шымшық,
 
Төрт ақ шымшық.
 

Пеш үстінде бес мысық,
 
Пеш ішінде бес мысық
 
Бес күзетші.. бес пысық.
 

Үш кіші ішік піштім,
 
Бес кіші ішік піштім
 
Неше кіші ішік піштім.
 

Ұшып кетті үш құс,
 
Ұшып келді ұшқыш.
 

Есет атам ет асатар,
 
Ет асатса, бес асатар.
 

Аппақ, аппақ, бәрі аппақ,
 
Ақ қар аппақ, бәрі аппақ.
 
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ
 
Ақ сүт, айран, қант та аппақ.
 

Бес түп алма,
 
Бестік алғандыкі.
 
Төрт түп алма ,
 
Төрттік алғандыкі.
 

ІV. Жұмбақтар 

Жаңылмастан жетеуі,
 
Кезек қызмет етеді.
 
(Аптаның 7 күні)
 

«Бәрі нешеу»
 
Асан ,Айша екеуі,
 
Қос қуыршақ,
 
Бір құлыншақ,
 
Екі ойыншық
 
Құстай ұшып,
 
Үйден шықты.
 
(Жетеу)
 

Дүкеннен көп сабын алдым,
 
Оның және қабын алдым.
 
Екі дептер бір қарындаш,
 
Тіс ысқышты тағы алдым.
 
Есептеші сонда бәрі
 
Қанша болды қолда бәрі?
 
(Алтау)
 

Туысқан бес кісі,
 
Бірінен-бірі кіші
 
Бәрінің аты бір
 
Ең кішісі шеткісі
 
(бес саусақ)
 

Бес балада бір бешпет,
 
Бір киініп, бір шешпек.
 
Оң жағымда бес сарбаз,
 
Сол жағымда бес сарбаз.
 
(он саусақ)
 

Табақта бес алма,
 
Қолымда екі алма.
 
Қосқанда барлығы
 
Болады неше алма?
 
Бір алма апама,
 
Бір алма атама.
 
Екі алма беремін
 
Мамам мен папама.
 
Нешеуі қалады табақта?
 
(үшеу)
 

Бір үйде біз нешеуміз
 
Кел санайық екеуміз:
 
Бас бармағым–папам,
 
Балаң үйрек- апам,
 
Ортан терек- ағам,
 
Шылдыр шүмек,
 
Титтей бөбек сен
 
Бір үйде біз нешеуміз?
 

V. Бой сергіту сәтінде пайдаланатын математикалық тақпақтар
 

1.Оңға, оңға түзу тұр,
 
Солға, солға түзу тұр.
 
Алға қарай бір адым
 
Жоғары, төмен қарайық,
 
Орнымызды табайық.
 

2.Сағаттың тіліндей,
 
Иіліп оңға бір.
 
Сағаттың тіліндей
 
Иіліп солға бір
 
Сағатқа қарап ап
 
Жаттығу оңай-ақ.
 

3.Қақпаға туралап,
 
Теп допты, оң аяқ
 
Қақпаға туралап,
 
Теп допты сол аяқ,
 
Оң аяқ, сол аяқ
 
Жаттығу оңай-ақ.
 

4.Доп безек қағады,
 
Секіріп еденде
 
Біресе жоғары
 
Біресе төменге
 
Жаттығу оңай-ақ.
 

5.Қарлығашқа ұқсайық
 
Қане қанат жасайық
 
Қарлығаш боп ұшайық,
 
Ұшып-ұшып алайық..
 

6. 1, 2, 3
 
Дем аламыз жинап күш.
 
«5»- тік баға аламыз
 
Қуанып үйге барамыз.
 

7. Ал балалар тұрмайық,
 
Алақанды ұрайық.
 
Бір отырып, бр тұрып
 
Біз тынығып алайық.
 

8. Тік ұста бойыңды
 
Жоғары соз қолыңды.
 
Соз қолыңды тағы да,
 
Жеткіз жираф мойнына.
 

9. Оң қолымда бес саусақ,
 
Сол қолымда бес саусақ.
 
Алақанды ашамыз
 
Бесті беске қосамыз.
 
Кел санайық ал мұны,
 
Нешеу болды барлығы?
 
Оң қолымда бес саусақ,
 
Сол қолымда бес саусақ.
 
Жасырып ем бесеуін,
 
Қалды мұнда нешеуі?
 
Бесеу екен қалдығы,
 
Нешеу еді барлығы?
 

10.Сол аяқ, оң аяқ,
 
Кезек оны тебеді.
 
Ол тынымсыз домалап,
 
Зыр жүгіре береді.
 

Математикадан дидактикалық ойындар

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.


«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 3
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны №4
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

«Біреуі артық» дидактикалық ойын № 5
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
2-нұсқа.
Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.
3-нұсқа.
Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады

«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны.
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны.
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.
- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:
- Қонжықтар нешеу?

«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10
Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.
2-нұсқа.
1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.
- Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).
3-нұсқа.
2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.
- Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.
Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12
- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.
- Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.
- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).
- Сендер оларды таба аласыңдар ма?

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13
(2-сабақтың нұсқасын қараңыз).
- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?
- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?
- Кім Буратинодан алыс отыр?
- Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр?
- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?

«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.
Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.
- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.
Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.

«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.
- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.
- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
- Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.

«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны № 17
Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.
Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.
Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды.
- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).
- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.
- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.
Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады.
-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?

«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18
Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.
Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.
- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?
- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.

«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.
Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.
- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?
- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?
- Қане, тексеріп көрейік (санайды).
- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).
- Кім бірінші? Кім екінші?
- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...)
- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер.
- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.
- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?
Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді

«Не өзгерді» ойыны №20
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.

«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.
1-нұсқа.
Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.
Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.
2-нұсқа.
Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.
- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).

«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23
Қапшықта геометриялық пішіндер:
Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.
4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.
«Жеті» - көсеу баяғы,
Жалғыз оның аяғы.
7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.

«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.

Сөздік ойыны № 25
1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш...(биік).
Бұлақ тар, өзен...(кең).
Тәулік бөліктері туралы.
- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.
- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.
- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.
- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.
- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.

«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.

«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27
Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.

«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.
Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29
Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка.
- Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады).
- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?
- Оларды өз орындарына қойыңдар.
Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.
Түнде аяз күшейіп,
Күндіз тамшы тамады.
Күн білінбей ұзару,
Бұл қай кезде болады?
(Ақпан)
- Ақпан айы қай айдан кейін болады?
- Қыс айларын атаңдар.
Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30
Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды.

[pic] [pic]

[pic]