Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Көпұлтты Қазақстан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы 9.05.16

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Көпұлтты Қазақстан»

Мақсаты: Еліміздің көпұлтты республика және жергілікті ұлт-қазақ халқы екенін түсіндіру, әр ұлттың ерекшелігі , өздерінің салт-дәстүрлері бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін саналарына жеткізу. Ұлтаралық татулыққа достыққа сыйластыққа баулу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Әр түрлі ұлттар туралы мәлімет беру.

Қостілдік құрамы: халық-народ, ұлт-нация, Отан-родина.

Шаттық шеңбері:
  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қай елде тұрамыз?

  • Елордамыз қай қала?

  • Ұлтымыз қандай?

  • Қай тілде сөйлейміз?


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

  • Қазақстан Республикасы

  • Қазақстанда

  • Астана қаласы

  • Қазақ

  • Қазақ тілінде сөйлейміз.

Ұйымдасты-рушылық- ізденушілік

  • Балалар, міне біз үлкен,

зайырлы, әдемі елде тұрамыз. Біздің еліміз Қазақстанда әр түрлі ұлттар көп. Міне, бүгін біз көптеген ұлттар мен олардың салт-дәстүрлерімен танысамыз.

Суретке назар аударайық.

  • Балалар, бұл суретте не көріп тұрсыңдар?

Бұл адамдар әр түрлі ұлттардың өкілдері. Бұл жерде – қазақ, орыс, тәжік, өзбек, неміс ұлттарының суреттері бар. Қазақтардың салт-дәстүріне келетін болсақ, олар өте көп. Мысалы: тұсаукесер, бесікке салу, беташар, тоқымқағар. Ал басқа ұлттарда өздерінің салт- дәстүрлері бар, бірақ олар Қазақстанда тұратындықтан көпшілігі қазақтардың салтын ұстанады.

Қазақстанда барлық ұлттардың достығы мен татулығы күні – 1 мамыр.

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Дидактикалық ойын:

«Бұл қандай ұлт?»

Мақсаты: әр түрлі ұлттарды ажыратып, атауға үйрету.

Шарты: Суреттегі ұлттарды көрсетіп атау.

Балалар сендер қандай ұлттарды білесіңдер?

Қостілдік құрам: халық-народ, ұлт-нация, Отан-Родина.

Енді, балалар, мен сендерге қазақтың салт-дәстүрінің бірі бесікке салуды көрсетейін.

Алдымен бесікті аластау керек. Содан кейін баланың төсегін салып, көпшіктің астына пышақ, айна,тарақ салады. Пышақ жын-шайтандардан сақтау үшін, айна мен тарақты бала сұлу, көрікті болуы үшін салады. Баланың ұйқысы қап-қап болсын деп бесіктің үстіне қапшық жабады. Осыдан кейін баланы бөлеп бесік жырын айтып тербетеді.






Әртүрлі ұлттармен танысады.


Суретке назар аударады.


-адамдар





Балалар мұқият тыңдайды.











Сергіту сәтін қимылмен орындайды.



Дидактикалық ойынды ойнап, ұлттарды ажыратады.




-қазақ, орыс, өзбек, татар, неміс



халық-народ, ұлт-нация, Отан- Родина.




Балалар «Бесікке салу» салтын қызыға қарайды.


Рефлексифті – түзетушілік

Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан қандай мемлекет?

Ал жергілікті ұлт калай аталады?

-Жарайсыңдар.

-Қазақстан

-көпұлтты


-қазақтар.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстанның көпұлтты ел екенін біледі;

Үйренеді: Еліміздің салт-дәстүрлерін;

Меңгереді: Ұлттардың бір-бірімен достық, татулық қарым қатынаста екендігін меңгереді.