Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Қайырлы күн!
Қайырлы тан!.
Балалар,осындай жақсы көңіл- күйімізбен орнымызға отырайық.
Қане, балалар есімізге түсірейікші қазір жылдың қай мезгілі? Жыл мезгілі жайлы балаларға сурет бойынша әңгіме құру.
Балалар, қазір жылдың күз
мезгілі күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі. Күзде жаңбыр көп жауады. Балалардың назарын тақтадағы көрнекі суреттерге аударып, оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырады. Балалар бүгінгі өтетін оқу іс-әрекетіміз көркем әдебиет. Балалар бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұр. Олай болса, бәріміз шеңбер бойымен айналап тұрамыз.
«Күз жомарт» әнін орындайық:
Тоңазып атырап.
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ.
Саудырап түседі.
«Күз-жомарт»-дейміз біз.
Жемісін жейміз біз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып бірігіп айтады. .
Балалар жауабы.
Күз.
Балалар бірігіп қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
-Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?
-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?
-Қандай жемістер білесіңдер?
-Ал енді, балалар, мына өлең шумағын тыңдайық.
Алма:
Қарттай қызыл алма бар,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Өрік:
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулақ жүр»-деймін.
Уылжыған өрікпін,
Мен баубаққа көрікпін.
Қара өрік:
Қара өрік деген атым бар,
Меннен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүруге
Кейде менің хақым бар.
Алыңдар баққа ектіріп,
Сақтаңдар ұзақ кептіріп,
Шаймен ішкен сусындар «Па, шіркін-ай!» деп тұрып.
Оқылған өлен шумақтарын, балаларға толығымен түсіндіріп,. Әңгімелеп беру.
Сергіту сәті:
Алма, алма, көп алма.
Қызыл жасыл көк алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Күз, күз мезгілі.
Алма, шие
өрік.
Сергіту сөзіне қимыл-қозғалыс жасайды.
Қортындылау
Балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетімізден алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрап оқу іс-әрекетін аяқтайды
Балалар жауабы.