Мектепке дейінгі балаларға арналған «Табақтағы жемістер»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Қарашоқат бекеті «Бәйшешек» балабақшасы Айгөлек аралас тобының тәрбиешісі Ниязова Гүлнара Маратқызы

Күні: 16.10.2012
Тақырыбы: «
Табақтағы жемістер»
Білім беру саласы
,Таным, денсаулық,шығармашылық.
Мақсаты:Балалардың зейінін, тілін дамыту. Қимыл қозғалыс,бағыт – бағдар іс-әрекетін қалыптастыру. Берілген тапсырманы қызыға орындауға тәрбиелеу, балаларға қуаныш сыйлау.
Көрнекілік: Жеміс ағаштары суреттері,аңдар суреті,себет,көкөніс пен жемістер, қасқыр, қоян,түлкі, аю, сиыр, қой, ит,мысық суреті , желім.
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар:
Сәлеметсіздер ме!
Армысың, алтын күн!
Армысың ,Жер-Ана!
Армысыздар,қонақтар!
Армысыңдар, достарым.

Тәрбиеші
: Балалар бүгін біз баққа барып күзде пісетін жеміс-жидектермен танысатын боламыз. Келіңдер шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын,мен де
Қуанасың, сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Тәрбиеші: Рахмет балалар орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз табақтағы жемістер деген тақырыпта әңгімелесеміз. Балалар жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдасы көп. Жеміс-жидектерде А,С,В,Д,Е, дәрумендер бар. Жемес бұрын жақсылап жуып жеуіміз керек.
Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Төрт мезгіл бар. Қыс ,көктем, жаз, күз.
Тәрбиеші: Жеміс жидектер қай мезгілде піседі ?
Балалар: Күз мезгілінде піседі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс жауап бердіңдер.
Тәрбиеші: Балалар бері қарай келіңдер.
Балалар мына тұрған жеміс суреттерін қайсысы қай ағашта өсетінін біліп жапсырамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар дұрыс жапсырды.
Тәрбиеші: Балалар енді мына аңдардың қайсысы сәбіз жеиді?
Балалар: Қоян сәбіз жеиді.Қоянның қасына сәбіз жапсырады.
Тәрбиеші: Сергіту сәтін жасаймыз.
Секіреиік, секіреиік
Ұзын құлақ қоянша
Шаршағанды кетірейік
Болар сонда тамаша.
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, мына жерде жабайы аңдар мен үй жануарлары бірге жүр екен, ал соларды өз орындарына жеткізіп салу керекпіз. Үй жануарлары қайда тұрады?
Балалар: Үйде тұрады.
Тәрбиеші: Үй жануарларын атап көрсетіңдерші.
Балалар: Сиыр,қой,ит,мысық.
Тәрбиеші: Олар қалай дыбыстайды?
Балалар: мө-ө,мә-ә,ав-ав,мяу-мяу.
Тәрбиеші:
Жабыйы аңдар қайда тұрады?
Балалар: орманда тұрады.
Тәрбиеші:
Жабайы аңдарды атап көрсетіңдерші.
Балалар: Қимыл-қозғалыстарын салады.
Тәрбиеші:
Ал енді үй жануарларын өз орнына , жабайы аңдарды өз орнына апарып қояйық. Өте жақсы тапқыр балалар екенсіңдер.
Балалар: Дайындалған қора мен ормандарға орналастырады.
Тәрбиеші:
Онда біз көкөністі көк себетке, жемісті қызыл себетке орналастырайық.(Балалар бірінің соңынан бірі секіріп өтеді)
Тәрбиеші:
Мына көкөністі атаңдаршы.
Балалар: сәбіз
Тәрбиеші:
Біз сәбізді қандай түсті себетке жинадық?
Балалар: Көк түсті.
Тәрбиеші:
Алманы қандай түсті себетке жинадық? Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Балалар бүгін біз қайда бардық?
Балалар:
«Баққа» бардық.
Тәрбиеші:
Біз бүгін көп жерлерге бардық, көп заттарды көрдік,көп ойын ойнадық, тапсырмалардың бәрін дұрыс орындап шықтыңдар. Ал енді бақтан жинаған жеміс жидектерден дәм татайық.
Тәрбиеші:
Жер -Анаға не айтамыз?
Балалар: Рахмет
Тәрбиеші:
Ал, енді қонақтарымызбен қоштасып, тобымызғы барып ойыншықтармен ойнайық.
Балалар: Сау болыңыздар.