Технологиялық карта
Өткізген: Дихамбаева А.М
Тақырыбы: «Көкөністер әлемі»
Мақсаты: Балаларға көкөністер жайлы айтып түсіндіру.
Билингвалдық компоненті: Көкөністер - овощи
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, бағалау, мадақтау
Көрнекілігі: көкөністер
Мотивациялық - қозғаушы
Балалармен амандасып, калдарын, көңіл-күйлерін сұрап, жылулық шеңберін орындап, бүгінгі оқу іс-әрекетімен таныстыру.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған Жер ана.
Сәлем саған Нұрлы күн
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.
Ұйымдастырушы - ізденуші
Балаларға шағын үш қапшықты көрсету.
-Балалар қапшықтың ішінде не бар екен? Кәне, ашып көрейік.
Бірінші қапшықты ашқанда – қиярлар, балалардан сұрақ қою арқылы ол жайлы не білетіндерін, дәмін сұрау.
Екінші қапшықты ашқанда – қызанақтар, ол жайлы не білетіндерін, дәмін сұрау.
Үшінші қапшықта – сәбіздер, тағы да ол жайлы не білетіндерін, дәмін сұрау.
Балаларға оларды қосып айтқанда көкөніс дейді деп үйретеді.
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз.
Денемізді тік ұстап,
Билеп-билеп аламыз.
Көкөністер – овощи
Көкөністер әлемі –мир овощей
Балалар қапшықтарға қызыға қарайды.
Оларды сипаттайды, білгендерін ортаға салады.
Іс-әрекетте ұнаған сәттерді әңгімелейді.
Сергіту сәтін іс-әрекетпен, іс-қимылмен орындайды.
Орысша атауын қайталайды
Рефлексивті – түзетушілік
Іс-әрекеттер соңында балаларды ортаға жинап, бүгінгі іс-әрекеттері жайлы сұрап, қорытындылау.
сұраққа толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:көкөніс түрлерін танып әңгімелейді
Түсінеді: көкөністерді сипаттауды, ауызша тапсырмаларды
Қолданады: өз бетінше көкөністерді әңгімелеуді