Шығыс Қазақстан Облысы
Ұлан ауданы
Герасимовка ауылы
Герасимовка орта мектебінің
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Муздапарова Райгуль Адиковна
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық түсініктермен таныстыру
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балалардың алған білімдерін бекіту.
Тез ойлауға баулу, сөздік қорын дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің түрі: Аралас сабақ
Оқу іс-әрекетінің әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, қайталау, бекіту.
Көрнекіліктер: пойыз суреті, слайд, сандар, геометриялық фигуралар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын амандасып алайық.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын!
Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Балалар, қазір қай мезгіл?
Қыстың қай айы?
Аптаның қай күні?
Қыс мезгілі көңілді ме?
Балалар, бүгінгі біздің сабағымызда көңілді өтеді деген ойдамын. Бүгін біз қазына аралына саяхатқа барамыз.
Алыс жолға немен шығуға болады?
Ұшақ, көлік, пойызбен.
Біз сендер айтқандай, пойызбен саяхатқа шығамыз.
(Пойыздың суретін көрсету)
Балаларды түстер арқылы екі топқа бөлу.
«Тапқырлар» мен «Зеректер»
Балаларға оқу – білім туралы мақал-мәтел айтуды ұсыну.
Кәне, кімнің бойы ұзын?
Паравозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да
Пш-пш-пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
(Балалар хормен қайталап, пойыз қозғалысын бейнелейтін қимылмен бір орнында жүрісті бейнелейді)
Станция тапсырмасы
«Сандар»
Сан санайық мүдірмей,
Онға дейін кідірмей.
«Тапқырлар» тобы 10-ға дейін тура, «Зеректер» тобы 10-ға дейін кері санайды.
ші станция тапсырмасы
«Санамақтар» айту. 1- ден 10-ға дейін жеке-жеке балалардан сұрау.
3-ші станция тапсырмасы.
«Көршісін тап»
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта.
Тұрушы еді қасымда,
Қайда кеткен жан-жаққа.
2, 5, 7, 9 сандарының көршісін табу.
4-ші станция тапсырмасы.
«Кім тез есептейді?» (логикалық есептер)
Аулада 5 үйрек,
Қорада 2 үйрек.
Болады барлығы неше үйрек? (7)
5 алманың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4)
Сергіту сәтін өткізу.
5-ші станцияның тапсырмасы.
«Құрастыру станциясы»
Фигураларды көрсету.
Осы фигуралардан бейне құрастыруымыз керек.
Біздің ауылда қандай өзен бар?
Сендер жаз мезгілінде шомылуға барғанда нені судан нені көресіңдер?
Балық, бақа.
Ал бақа балық сияқты тек қана суда тіршілік ете ме?
Балалардың жауабын толықтыру.
Бақа құрлықта да тіршілік етеді. Сондықтан оны қосмекенді дейміз.
Балалар бақаның бейнесін құрастырады. Денесінің қай бөлігіне қандай фигура қойғандарын әр топтан бір бала түсіндіреді.
2 топта бір баладан шығып, диалог түрінде айтады.
-Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
-Темір терсек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
-Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ?
-Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
-Бақа, бақа, балпақ,
Бұтың неге талтақ?
-Су ішінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
Қазына аралының суретін слайдтан көрсету.
(Сандықшаның ішінен кәмпиттер алып тарату)
Қорытындылау.
Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.