Күні: 26.10.2015 ж.
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріппен танысайық
Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің
айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, әліппе-дәптер, жануарлардың суреті,
ойыншықтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жаттығу: «Көңілді балалар»
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан
- Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.
Жаттығу «Біз байсалдымыз»
Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!
Буын ұйқастар:
ра-ра-ра – ұшып жүр ара;
ар-ар-ар – дала толы қар;
ыр-ыр-ыр – үйдің сыртында қыр;
ры-ры-ры – жапырақтар сары;
ір-ір-ір – үсті – басы кір;
ІІ.Негізгі бөлім
1. - Балалар
- Төрт түлікке қандай мал жатады?
- Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
- Олардың төлдері қалай аталады?
- Түйенің төлі – бота, жылқының төлі – құлын, сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі – қозы, ешкінің төлі – лақ.
2. К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін оқып беру.
Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көкорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді.Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді.бір кезде қатты жел соқты.
Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.
- Қандай дыбыстар естіледі?
Тоғайда жүру өте қиын болды. Маса ызыңдап, мазасын алады.
Ескендір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді.
Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен.
Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар екен.
Ескендір ала бұзауын шақырады.
- Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші:
Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.
- Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз? Біз дыбысты естиміз.
3. Сергіту сәтін өткізу:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
Сонымен балалар, сөз дыбыстардан құралады, дыбыстарды айтамыз, естиміз. Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады, әріптерді көреміз, оқимыз, жазамыз.
4. Дәптермен жұмыс
А) «Қай дыбыстан басталады?» тапсырмасы. Шарты: суреттегі заттардың атын атап, олардың қай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу.
Мысалға қобыз қ дыбысынан басталады. 5 әріп, 5 дыбыстан тұрады.
Қобыз, шана, жұлдыз, кірпі, тақия, сандық, домбыра, парта, сағат, барабан, алмұрт, гүл.
жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Ә) Үзік сызықтарды қосып, таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу.
5. Кім жылдам? логикалық ойын
Мұзды қала неден жасалған? (Мұздан).
Кітап неден жасалған? (қағаздан)
Орманда не көп? (ағаш).
Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы)
ІІІ.Қорытынды:
«Өз көңіл –күйіңді сал» (балалардың бүгінгі сабақтан алған әсері)
Өтілген дыбыстарды қайталау
Балалардың жауаптарын ескерек отырып мадақтау
Рахмет айтып сіздерге, күлкімізді сыйлайық.
Көріскенше күн жақсы, аман-есен болайық!