Ашық сабақ Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бескөл ауылы.Қызылжар ауданы.СҚО

«Мирас» бөбекжай-балабақшасы МКҚК

тәрбиеші Шнетова Гульнар Игликовна

Қызметі: тәрбиеші

Еңбек өтілі: 5 жыл


Ашық сабақ


Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»



Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік»

Білім беру бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет, жапсыру.

Мақсаты: Балалардың отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсініктерін тиянақтау. Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету. Олардың ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу, өз ойын, пікірін жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік мәні: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлылыққа үйрету, әдептілік ережелерін баулу.

Дамытушылық: Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту.

Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Отбасылық суреттер, киіз үй және шаңырақтың макеті, балалардың өз жанұясы туралы суреттері.


Мотивациялық


Қозғаушы







































































































































Қауіпсіздік ережесі















































Қорытынды


























Балалар әсем әуенмен топқа кіреді.


«Ән ұран» орындалады


Қайырлы күн менің сүйікті балаларым. Бүгін біз үшін өте ерекше күн әрі әсерлі іс-әрекетіміз бүгін бізге қонақтар келіп отыр.


Балалар қонақтармен сәлемдесіп алайық.


Шаттық шеңбері

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Тәрбиеші апайларға

Сәлем бердік бәріміз

Оқу білім егіз деп

Тәрбиелеп қараған

Армысыздар қонақтар!


Талдың басында,

Жемі бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.

Құстардың дауысы естіледі.

- Ой балалар қараңдаршы сендер ненің даусын естіп тұрсыңдар?

- Балалар жылы жақтан құстардың барлығы біздің өлкемізге ұшып келіп жатыр.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде табиғат құбылыстарында қандай өзгерістер болады?





Балалар көктем мезгілі туралы тақпақты кім айтады?

І бала

Дала гүлге толыпты

Аққу көлге қоныпты

Алақай ау алақай

Көктем қандай көрікті.


ІІ бала

Тырулап тырналар

Шыншуды білмейді

Көк қуып қырды мал

Байласаң тұрмайды.


Жұмбақ шешу

Ата-ананы тыңдайық,

Айтқанынан шықпайық,

Ал, достарды қолдайық,

Қиын шақта қорғайық.


Дұрыс айтасыңдар балалар! Бүгінгі біздің іс-әрекетіміздің тақырыбы отбасы туралы. Балалар барлығымыздың өз отбасымыз бар. Бүгін отбасы туралы әңгімелейміз.


Балалар мына суретке назар салыңдаршы!

- Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп аталады?

- Бұл суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

Ия, дұрыс айтасыңдар, ал балалар өз отбасыларың туралы кім әңгімелеп береді?

І – бала

ІІ – бала

ІІІ – бала


Бұлар кімдер саған?

Жарайсыңдар балалар қанекей кім енді отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтады екен?


І – бала

Атам айтса ұлым деп

Әжем айтар күнім деп

Екеуінен қаймығып

Айтады әкем інім деп


ІІ – бала

Әжемдей данадан

Ертекке қанамын

Шақырса даладан

Жүгіріп барамын


ІІІ – бала

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

IVбала

Атаңның баласы,

Кей кезде таласып

Қаласың әкеге таласып

Жаарйсыңдар балалар жайғаса қойыңдар.

Ал енді балалар кім отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады екен?

Отан отбасынан басталады

Өз үйім өлең төсегім

Отан оттанда ыстық


Ойын: «Шаңырақ»

Ортаға төрт бала шығады.

Ортада шаңырақтың макеті тұрады. Қасында мата болады. Әсем әуен ойналып турады. Балалар айналып билеп жүреді. Әсем әуен тоқтап қалған кезде балалар матаны алып толқындатып көтереді сол кезде шаңырақ шығады.


Балалар көрдіңдер ме біз бір шаңырақтың астындамыз. Біз бақытты отбасымыз.


Ойын екі қайтара ойнатылады.


Ал, балалар барлығымыз дос болып бір бірімізге көмек беріп шығармашылық орталығына барайық.


Балалар қазір біз ІІІ – топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.


Балалар біз іс-әрекетімізге кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік. Алдымызда тұрған желімді, қыл қаламды бір-бірімізге шашпай, жақпай, мұқият жасаймыз. Ал сендер түрлі-түсті қаламды бір біріміздің көзімізге тығып алмай абайлап жұмыс жасаймыз.


І-топ. Ас бөлмеде тұратын ыдыстарды түрлі-түсті бояулармен бойаймыз. Қолымызға қыл қаламды алып бояуға батырып дайын салынған ыдыстарды бойаймыз. Қолымызды қол сүлгімен сүртеміз.


ІІ-топ. Қыл қаламмен желімді жағып қиылған үй жиһаздардың суреттерін құрастырып жапсырамыз. Қыл қаламды қолып қолымызды қол сүлгімен сүртеміз.


ІІІ-топ. Дайын салынған киіз үйдің үстіне желімді жағамыз, есіктерін оюлармен әсемдеп жапсырамыз. Қолымызды сүлгімен сүртеміз.


Сергіту сәті

Қанекей балалар, біз қолымызды жаттықтырып алайық.

Мынау менің атамның қолы

Мынау менің әжемнің қолы

Мынау менің атамның аяғы

Мынау менің әжемнің аяғы

Ал мынау менмін.


Жарайсыңдар балалар! Бір сергіп қалдық. Ары қарай шығармашылық жұмысымызды жалғастырайық.


Балаларды мақтап, мадақтау арқылы жұмыстарын сөреге ілеміз.


- Балалар бүгін біз кімдер жайлы айттық?

- Сендер отбасыларыңда неше адамсыңдар?

- Біз қандай тапсырмалар орындадық?

- Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма

Балалар бір-бірінің қоларынан ұстап әсем әуенмен топқа кіреді.

Балалар ән ұранды орындайды.











Балалар қимыл қозғалыс арқылы орындайды.











(Құстар)

- Құстардың даусын естідік.




Көктем мезгілі

Күн жылы болады, құстар жылы жаққа келеді. Жаңбыр жауады, гүл, бәйшешектер өседі, талдар бүршік жарады. Айналаның барлығы жасыл түске енеді.



















Отбасы


Балалар отбасы деп айтады.






Балалар суреттен өздерінің отбасы жайында әңгімелеп береді.



Отбасы деп аталады.


Ата, әже, әке, ана.

Отбасының суреттері


Балалар суреттен өздерінің отбасы жайында әңгімелеп береді.


Ата, әже, әке, ана.



















Балалар отбасы туралы тақпақтар айтады.







Балалар мақал-мәтелдер айтады.



Балалар қимыл қозғалыс арқылы ойынды қызыға, белсене ойнайды.













Балалар шығармашылық орталыққа келіп отырады.






















Балалар мұхият тыңдайды.
















Балалар қимыл қозғалыс арқылы дене қимылы арқылы жасайды.














  • Отбасы туралы


  • Әр бала өз отбасы туралы айтып береді.


  • Ыдыстарды бояу, жиһаздарды жапсыру, оюларды жапсырдық.


  • Ұнады



Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:


Білу/Знать:Өз отбасының мүшелерін.Олар бір-біріне кім болатынын.


Болу/Иметь: Өз жақындарына қамқорлық, мейірімділік білдіру дағдылары.


Істей білу/Уметь: Педагог қойған сұрақтарға толық жауап беруді.