Бағдарлама Мектепке дейінгі мекемеде қарапайым математиканы қалыптастыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




















Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бастапқы математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша вариативтік оқу бағдарламасы.





Дайындағандар:

Абенова Гульнара Абаевна

Жоғары біліктілік санатты

КМҚК «Ақерке» бөбекжайының меңгерушісі

Сыздыкова Гульсара Садыковна

Бірінші біліктілік санатты

КМҚК «Ақерке» бөбекжайының әдіскері

Рахметова Жаңагуль Жарылгаповна

Бірінші біліктілік санатты

КМҚК «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі



2016 жыл.Жаңаарқа.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында және «Нақты 100 қадам» ұлт жоспарында білім беру жүйесінде білім, білік, дағды жиынтығын меңгерту ғана емес, білімгерлердің ақпаратты өздігімен табу, талдау, оларды жүйелеу және орынды да тиімді пайдалану біліктілігін бойына сіңіру, дүниежүзілік ақпараттық ағымдарды түсіну мен түрлендіру арқылы мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінген.

ҚР үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесі балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған» деп көрсетілген [1]. Осыған орай, балалардың ұйымдастырылған оқу және ойын әрекеті арқылы оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру мектепке дейінгі білім берудің басты бағыттарының бірі болып саналады.

Балалардың тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуда оқыту мен дамытудың арақатынасы жөнінде мәселені зерттеуші ғалымдар түрлі тәсілдермен іздестіреді.Оқытудың дамытушылық қызметін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнын өзгертуден іздестіру керек деп есептесе,Н.А.Менчинская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгертудің тиімділігін ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп есептеді [2].

Балалар психологиясын зерттеген А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерін жетілдіру арқылы оқытудың дамытушылық қызметін арттыруға ерекше мән береді. Ал Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту үдерістің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды.Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана жүзеге асады деп есептейді [3].

Демек, осы зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйеніп, анықтағанымыз, мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асыру баланың қажеттіліктерін қанағаттандырумен, таным немесе психикалық үдерістерін қалыптастырумен өзара тығыз байланыста жүргізілетініне көзіміз жетті. Олай болса, мектепке дейінгі баланы оқытудың дамытушылық қызметі өзінің мақсатымен, қызығушылығымен және орындалу тәсілдерімен ерекшеленеді. Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптас-тыру оқытудың дамытушылық қызметінің мазмұнына, ұйымдастыру әдістеріне және мотивтеріне тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой-өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.

Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.

Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.

Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.


Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, метепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалап отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.

Үшіншіден, қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру барысында баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, өмірге дайындау мақсатында білім берудің дамытушылық қызметі жүзеге асырылуы қажет.Бағдарлама әр түрлі ұйымдастырылған оқу қызметінің қарым-қатынасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: құрастыру, музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, дене шынықтыру. Негізгі міндет дамытушы ойындарды қолдана отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ыңғайлы жағдай жасау. Бұл бағдарламада Б.Н.Никитинің,В.В.Воскобовичтің ,Овид Декорлидің ,Золтон Дьенештің дамытушы ойындарын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспары берілген, бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп септігін тигізеді.

Мақсаты :

Дамытушы ойындарды пайдаланып балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы түсініктерін және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • Математикалық ойлауды және шапшаңдықты дамыту;

  • Жұмбақтарды шешу арқылы бақылау қасиетін дамыту;

  • Көзбен бақылауды дамыту;

  • Сызу негіздерімен таныстыру;

  • Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту.






Екінші кіші топта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

бағдарламасы

Мақсаты:

Балалардың интеллектуалдық қабілеттерін,логикалық ойлауын дамыту,қарапайым математикалық ұғымдарының қалыптасуына көмектесу.

Міндеттері:

«Көп», «Біреу», «Бір-бірден», «Ешбір» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дағдыларды қалыптастыру:

-біртектес заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;

-топтық бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

-заттарды салыстыру;

-заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен біріктіру және қосу;

-заттардың бір қатарға,реті бойынша,бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру;

-ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

-заттардың көлемін салыстыру түсініктерін қалыптастыру.

Геометриялық пішіндер:

-геометриялық пішіндерді тану жәнеатау дағдыларын қалыптастыру;

-өзіне тікелей жақындықтағы (оң жақта-сол жақта,алда-артта)кеңістіктік бағыттарды анықтау,оң қолымен сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

-өз денесінің бөліктерін атау және олардың қызметін бағдарлау;

-тәулік бөліктерін-таңертеңгілік,күндіз,кеш,түнді атау және тану дағдыларын қалыптастыру.

Көлем:

-Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы,ені,биіктігі мен жуандығы бойынша біріктіру және үстемелеу жолымен салыстыру,заттарды шамасы бойынша салыстыру,беттестіру және қондыру дағдыларын бекіту.

Күтілетін нәтижелер:

-заттарды сол жақтан оң жаққа қарай оң қолмен орналастырады;

-екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы,ені ,шамасы бойынша салыстырады,салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;

-дөңгелек,төртбұрыш,үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді таниды;

-заттарды түсі,өлшемі,пішіні бойынша топтастырады;

-қоршаған маңайдағы бір немесе бірдей бірнеше заттарды табады;

-«таңертең», «кеш», « күн», «түн» сөздерінің мәнін түсінеді;

-заттарды салыстыру кезінде беттестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;


-дөңгелекті,төртбұрышты,үшбұрышты ,бұрыштары мен ірі пішіні бар заттарды ажыратады,мына белгілердің мәнін ұғынады:жоғарыға-төменге,алға-артқа,сол жақтан-оң жақтан,үстінде,астында,жоғары-төменгі;

-тәулік бөліктерін дұрыс атайды.

Жиын.«Бір,аз,көп»

ұғымдарымен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды топтардан жеке заттарды ажыратып алуға, «біреу», «көп», «аз» ұғымдары арасындағы қарым-қатынасты орнату.

«Көп», « біреу», «аз» , «бір-бірден» сөздерін сабақта қолдану.


Көрнекі құралдар: Ойыншық құстар топтамасы (ойыншық бала санына қарай), салфетка, 4 карточка,карточканың біреуінде 1 жалау,екіншісінде 3-жалау, үшіншісінде 8- жалау,төртіншісінде ешетеңе бейнеленбеген.


2

Жиын.Бір-көп.

Заттарды ортақ қасиетіне қарай біріктіру.

Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыруға үйрету.. Заттар арасында бір-біріне ұқсайтын жерлерін көрсету.

Көп, біреу,бір бірден ұғымдарын сабақ барысында қолдану.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар (шыршалар,қояндар мен машиналар бала санына байланысты)


3














Жиын.

«Көп,біреу және бір-бірден»










Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыру жұмыстарын бекіту.

Осы топтағы заттардың сәйкестіктерін табу, сол топтытағыны бірнеше топтарға бөлу,балалардың сөздік қорын көп,біреу, бір бірден ,біреу де емес сөздерімен толықтыру.

Көрнекі құралдар: Екі құмыра,біреуінің ішінде сары және жасыл жапырақтардан құралған гүл шоғы ал екіншсіі бос.

















4


Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:оң жағында-сол жағында.


Мақсаты: Балаларды әр түрлі түсті екі жолақшаға көп және аз заттарды орналастыруға жаттықтыру.Ол заттарды жай ғана орналастыра салмай белгілі бір тәртіппен орналаструға үйрету. Жолақшалармен жұмыс істегенде оң қолмен солдан оңға қарай бағыттап қоюды үйрету.Жолақшалардың түстерін ажыратып неше ойыншық екенін санауға үйрету.Педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, берілген тапсырманы қатесіз орындауға үйрету.

.


.

Сабаққа алдын ала дайындық: Сабақ басталмас бұрын балалардың әр қайсысының үстеліне әр түрлі тастар салынған қорапшалар қойылады.

Қызыл және сары түсті жолақшаны бір-біріне қарма-қарсы қояды. Барлық балада жолақшалар біркелкі орналасуы керек.


5


Кеңістікте бағдарлау:

«Оң жақ және

сол жақ»

Мақсаты: Балаларды екі түсті сызықшаға берілген заттарды саны бойынша орналастыруға әрі қарай жаттықтыру. Берілген заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай орналастыруға үйрету. Жолақтардың түстерін атай білу, сол жолақшада орналасқан ойыншықтар санын атай білу,педагогтың нұсқауын орындауға үйрету,тек қана өз ойыншықтарын ғана қолдануға,басқа балалардың ойыншықтарын

рұқсатсыз алуға болмайтынын қалыптастыру.



Сабаққа алдын ала дайындық: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы алдыңғы сабақтікіне тән,тек қана ойыншықтар түрі басқа.

Саңырауқұлақтар, шыршалар, үйректер.



6


«Бір және көп»ұғымдарын бекіту.


Мақсаты: Балаларды көп заттарды тауып алуға , сол топ заттардың ішінене бір затты бөліп алуға үйрету. «Бір»сөзін қолдану.

Мысалы: «Бір тауық, қояндар көп» немесе «Қоян біреу, тауықтар көп». Көп,біреу,бір бірден,біреуі де емес барлық заттардың ішінен белгілері бірдей заттарды ажыратып алу.



Сабаққа алдын ала дайындық:

Сабаққа дейін тәрбиеші ойыншықтарды орналастырады.Бір үстелге әр түрлі ойыншықтарды біреуден ғана қойса,екінші үстелге сол ойыншықтардың бірнешеуін қояды.Барлығы 4-5 түрлі ойыншық қойылады. Ойыншықтар көлемі бойынша үлкен болмауы тиіс,бала барлық ойыншықтарды қолына сидырта ұстай алуы керек. Терезе алдына екі құмыра қояды. Бір құмырада қызыл және ақ гүлдер болса екіншісі бос болады.Балаларды жартылай шеңбер етіп ойыншық қоятын үстелге қарма-қарсы отырғызады

7
















Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:

үстінде-астында











Мақсаты:Балаларды екі түсті жолақшаларға бірінің астына бірін берілген мөлшерде заттарды орналастыруға жаттықтыру.(көп және аз)

Жолақшалардың

түстерін,ойыншықтар санын және олардың орналасқан орнын

( астында немесе

үстінде )үйрету.Заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай қоюды үйретуді жалғастыру.

Көрнекі құралдар: Фланелеграф, оған қатты қағаздан қиылған әр түрлі түсті құстар мен жапырақтар суреті.Петрушка (қуыршақ театрының кеиіпкері)

Үлестірмелі құралдар: Әр балада ұсақ ойыншық салынған қорапшалар, қағаздан кесілген екі түсті жолақшалар..





Қай жерде тұр?

Кеңістікте бағдарлау:

«Астында-үстінде,

алдында-артында »

Мақсаты: Балаларды әрі қарай бір топ заттардың ішінен бір затты бөліп алуға үйрету.Балаларды үстелде неше зат бар, және олардың атауын атауды үйрету.Балаларға астында-үстінде,

алдында-артында бағыттарын бағыттауды үйрету.


Сабаққа алдын ала дайындық: Сабаққа деиін педагог ойыншықтарды орындарына орналастырып қояды.Бір үстелге екі түрлі ойыншық қояды. Мысалға: Бір қоян және көп мысықтар немесе бір мысық көп қояндар.

Көрнекі құралдар:

Әр түрліойыншықтар (6-7 түрлі) 4-5 данадан.Петрушка, әр түрлі- түсті жалаулар

( балалар санына байланысты)


9





Геометриялық. фигуралар

«Шеңбер»

Мақсаты: Балаларға шеңбер жайлы мағлұмат беру, шеңбердің мөлшері әр-түрлі болатынын үйрету.Балаларды пішіндерді қимыл әрекеті арқылы танып білуге үйрету.Балаларды топтастырылған көп заттың ішінен бір затты тауып алуға әрі қарай үйрету.


Көрнекі құралдар: Үлкен көк және кішкентай қызыл шеңбер,фланелеграф.

Таратылатын материалдар:Әр балада бір конверттен, конверттің ішінде үлкен қызыл және кішкентай көк шеңберлер.


10

Геометриялық фигуралар

«Шеңбер мен шаршы»

Мақсаты: Балаларды шаршымен шеңберді дұрыс атап оларды

ажырата білуге үйрету. Саусақтың ұшымен берілген пішіндірді көрсету арқылы оларды әрі қарай зерттеу. Арнайы дайындалған ортада бір немесе біренше заттарды тауып алуға дағдыландыру.

Күрделі сөз тіркестерін пайдалана отырып,неше және қандай заттарды алғандарын айтып беруге үйрету.

Көрнекі құралдар: Фланелеграф,көк шеңбер және сары шаршы, ойыншықтар жйынтығыжәне тағыда басқа заттар.


11

Жаңа Жылға аңдар қалай дайындалады.


Мақсаты. Заттарды берілген классификация бойынша топтастыру(өлшемі, түсі, пішіні), арнайы белгілермен қолдану (қолдануға болатын және болмайтын), ереже бойынша заттың оймен таңдап алу.

Құрал-жабдықтар:. Шырша және шардың 3-өлшемді суреттері, әртүрлі пішінді сыйлық қорапшалары(3-түрлі)-қолдануға болатын белгісі бар 24 карточка,ойын персонаждары(кірпі, қоян, түлкі).


12

Тосапты(варенье) кім ұрлап алды?


Мақсаты. Ақпаратты алу үшін салыстыру қабілетін қолдануды үйрету. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуды үйрену, бақылау, айқындауды дамыту.

Құрал-жабдықтар: Еденге қойылған іздер(картоннан), жұмсақ ойыншықтар(Карлсон,

Винни-пух,Дымбілмес, Шапокляк,Чебурашка, Үкі). Шабадан, кілт, горшоктың суреті салынған карточка

13

Дидактикалық ойын:

«Буратино кілемшесін құрастыруға көмектес»


Мақсаты:

балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін бекіту. Бөлшектерді біріктіре отырып, тұтас бір фигураны құрастыра алу қабілетін дамыту. Буратиноның кілемшесіндегі саңылауларды ақ түсті әртүрлі фигуралармен жапсыру.

Балаларға алдын ала қиылған, бірнеше бөліктерге бөлінген матадан жасалынған ақ түсті, әртүрлі пішіндер мен желім беріледі

Құрал-жабдықтар:

Балаларға алдын ала қиылған, бірнеше бөліктерге бөлінген матадан жасалынған ақ түсті, әртүрлі пішіндер мен желім беріледі.

14

Дидактикалық ойын:

«Менің суретімде не бейнеленген?»

Мақсаты:

Балалардың геометриялық

фигуралар туралы түсініктерін толықтыру.Тәжірибе барысында балалар геометриялық фигураларды құрастырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


Құрал-жабдықтар:

Геометриялық фигуралар.

15

«Кім күшті?» Геометриялық фигуралар туралы ертегі -әңгіме.


Мақсаты: Геометриялық фигуралар туралы ұғымдарын кеңейту.

Айналадағы қоршаған ортада оларға ұқсас заттарды табу, жасалу жолдары мен құрылысына мәнберу,айырмашылық-

тары мен ұқсастықтарын ажырату. Денелердің өлшемі туралы ұғым беру. Сол өлшемдер арқылы дененің көлемін анықтауға болатынын түсініп, тәжірибе арқылы көрсету жәнедәлелдеу түсініктерін қалыптастыру.


Құрал-жабдықтар:

Геометриялық фигуралар



1 Қосымша

Екініші кіші топ


Ұйымдастырылған оқу қызметін

ұйымдастырудың ерекшеліктері.



Екінші кіші топта қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру үшін арнайы жұмыс іске асырылады,балаларда математикалық негіздерді дамытуды қалайды.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін қыркүйек айынан бастап, аптаның белгіленген бір күнінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өтеді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 15 -20

минуттан аспауы қажет.Балалардың қабілетіне байланысты, математика

ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша,жаңа білімді балаға біртіндеп түсіндіреді.Берілген тапсырма балалардың жас ерекшелігіне сай болуы тиіс, сонымен қатар балалардың білім деңгейін ескеру қажет.

Бұл жастағы балалардың есте сақтау қабілеті тұрақсыз болып келеді.Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын әрдайым арттырып отыру қажет және дидактикалық ойындар кең түрде пайдаланылуы тиіс. Ойын барысында барлық балалар белсене қатысуы тиіс.Педагог ойынды ұйымдастырғанда басты назарды балалардың барлығы ойынға белсене қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Мысалға; ең бірінші мақсат педагог балалардың назарын өзіне аударып

алуы қажет.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған көрнекі құралдар баланың назарын өзіне аударатындай тартымды болуы қажет,сонымен қатар эстетикалық талғамға сай , артық көзге көрінер бөлшектер болмауы тиіс.

Мысалға:ұзын және қысқа ұғымын балаларға түсіндіргенде бір түсті, ұзындықтағы әр түрлі таяқшалар қолдану керек.

Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында тез шаршап жалығып кетпес үшін педагог жүйелі түрде өткізу қажет. Мысалға: әртүрлі ойын түрлері,сергіту сәті, топпен жұмыс.

Қарапайым математикалық ұғымда дидактикалық ойындардың үлесі өте зор. Балалар өте күрделі іс- әрекетті белгілі бір ретпен орындауға қабілетті.

Егер баланың ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне деген қызығушылығы болмаса ол баланың ойы бөлініп,тез шаршағыш болады. Педагог осы жағдайы ескере отырып, оқу қызметі барысында балаларға тапсырманы орындатпас бұрын өзі мұқият әрі анық балаларға түсіндіріп алуы қажет.Тақырыпты түсіндіргенде балалардың назарын өзіне аударту үшін педагогтің дауыс ырғағы анық, түсінікті болу керек. Егер тақырып күрделі болған болса педагог балаларға 2 немсе3 рет қайталап түсіндіру керек. Балаларға бірнеше рет көрнекі құралдарды пайдалана отырып түсіндіргенде ғана бала берілген тақырыпты тез ұғып қамтып алады.

Жұмыс барысында балаларға өз қателерін көрсетіп қана қоймай, сол қатемен жұмыс істеу керек. Жасалған қателікті тек дидактикалық материалдар пайдалану арқылы ғана түзете аламыз. Педагог баланың қатесін өзіне түсіндіргенде бала жалығып кетпейтіндей етіп жеткізу қажет.

Егер балалар берілген тақырыпты тез ұғып,түсініп алған болса ,оны қайтадан қайталаудын еш қажеті жоқ. Енді осы тапсырманы балалар ауызша орндауы қажет. Ауызша орындағанның өзінде балалар берілген материалды тез ұғып әрі жалығып кетпес үшін әрдайым жаңа көрнекі материалдар қоладну керек. Бір сабақта 2 ден 4 ке деиін тапсырмалар берілуі керек. Сол берілген тапсырмаларды 2 немесе 3 рет қайталау қажет.

Балада қалыптасқан білім деңгеиіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге болады, сонын арқасында бала алдында өткен тақырыптарды қайталап қортынды жасап бекітеді.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында қолданылған әр жаңа тәсілді бала тез қабылдап алу үшін нақты сол тақырпты түсіндіру керек. Әр жаңа сөзді педагог асықпай анық, дауыс ырғағымен айтуы тиіс.Бірінші жаңа сөзді балалар жеке-жеке қайталаса артынша бәрі хормен айтуы тиіс.Берілген тапсырмамен онын орындауын жүйелі түрде қадағалап отырса ғана балаларға жаңа сөзді тез жаттап алу оңайға соғады. Балалар берілген тапсырмаға жауапты хормен әрі жеке қайталау керек.

Екінші кіші топтың балалары үшін математикалық ұғымдарды пайдалана отырып сөздік қорларына енгізіп сөйлемді ретімен құрастыру қиынға соғатын болады. Алғашқы кезеде балаларға оңай болуы үшін қосымша сұрақтар қойып отыру қажет болады. Мысалы: «Қызыл жолақта неше түйме орналсқан? Көк сызықта неше түйме?» Осы қойылған сұрақтарға жауап қайтару арқылы балалар сөздік қорын молайтады. «Қызыл жолақта бір түйме ал көк жолақта көп түйме» Педагог балаларға жауаптың үлгісін көрсетеді немесе басын өзі бастап ал балалар аяқтайды.

Балалардың сөздік қорын дамытудың тағы бір жолы ол жұмыс барысында балалар не істеп жатқандарын айтып отыру керек, кейін бала қалыптсақаннан кейін не істейтінін алдын ала айтуы тиіс. «Тақтайшаның қайсысы жалпақ екенін білу үшін не істеу керек?» «Барлық балаға қарындаш жете ме?

Оны қалай білуге болады?» Балаларды ынталандыру мақсатында педагог ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балаларды әрдайым мақтап отыруы керек. Сабақты қорытындылау үшін педагог балаларға бірігіп ойын ойнауды ұсыну керек сонда келесі жолы балалар сабаққа қызыға қатысатын болады.

Екінші сәбилер тобында балалар математикадан қандай білім алса әр қарай солай қалыптасып кетеді. Сондықтанда педагог әрдайым балаларды ынталандырып, қызығушылықтарын арттырып отыры керек.


2 қосымша


Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің үлгісі.

1.

Мақсаты: Балаларды топтардан жеке заттарды ажыратып алуға, «біреу», «көп», «аз» ұғымдары арасындағы қарым-қатынасты орнату. «Көп», « біреу», «аз» , «бір-бірден» сөздерін сабақта қолдану.

Көрнекі құралдар: Ойыншық құстар топтасмасы (неше бала болса сонша ойыншық болуы қажет), салфетка, 4 карточка,карточканын біреуінде 1 жалау,екіншісінде 3-жалау, үшіншісінде 8- жалау,төртіншісінде ешетене бейнеленбеген.

Сабақ барысы:

1-ші бөлім.

Балалар үстелге қарама-қарсы жартылай шеңбер құрып отырады. Үстел үстінде табақшаның ішінде ойыншық құстар орналасқан.

шиқ-шиқ, шиқ-шиқ! – деп дыбыстап балаларға сұрақ қояды: Балалар бұл не дыбыс шығып жатқан? Салфетканың бетін ашады. Бұл не? Неше құс көріп отырсыңдар? Құстар көп екен.

Педагог балаларды кезек-кезек үстелге шақырып бір құстан алуға ұсынады. 3-4 баладан құсты қалай алғандарын сұрайды? Балалар бір құстан алу керек екенін түсіндіреді. Балалар құсты алған сайын табақ босай бастайды.

Бір- бірден, біреу ғана емес сөздерін дауыс ырғағымен айтады.

Педагог балаларға құстарды мұқият қарап шығуға ұсыныс жасайды. Әр қайсысында неше құстан ?-деп тәрбиеші балаларға сұрақ қояды. Бұл сұраққа 3-4 бала жауап қайтарады. Артынша осы сұраққа тәрбиеші өзі жауап қайтарады. «Кәусарда бір құс,Еркеназда бір құс,Дінмұхаммедте біреу,бәрінде бір –бір құстан. Ал табақшада бір де бір құс қалмады.

Бәріміз хормен : «Табақшада бір де бір құс қалмады»деп айтайық. Әрі қарай тәрбиеші құстарды тамақтандыруға ұсыныс жасайды. Қазір мен құстарға жем салып беремін. Құстар жемді көріп оны шұқып жейді. Балаларды тағы да үстел басына шақырып кім неше құс әкелгенін сұрайды. Артынша өзі де қоса айтып отырады. Аружанда бір құс,Еркеаянда да бір құс, үстелде құстар саны көбеюде. Барлық құстарды қайтадан табақшаға салғаннан кейін , тәрбиеші тағы да бір рет балалардан табақта неше құс бар екенін сұрайды. «Табаққа барлық құстар ұшып келді, құстар көп.» «Балалар ал сендерде неше құс бар?» (Мүлдем жоқ, біреу де жоқ) Өте дұрыс балалар сендерде бірде- бір құс қалмады.Ал табақшада құс көп. Содан кейін тәрбиеші 2-3 баланы шақырып ,бір-бір құстан алуды ұсынады,балаларға көрсетіп қолдарында неше құс бар екенін айтуды сұрайды. («бір құс») Қалған балаларға келесі сұраққа жауап беруді ұсынады : Гүлім,Ернұр және Еркебұлан неше құстан алды?( «бір құстан алды») Ал табақта неше құс қалды? («Көп құс») «Бір құстан,бір құс қалмады,көп құс» сөздерін балалар хормен жауап береді.

Тәрбиеші қорытындылайды: «Дұрыс айтасыңдар балалар бізде бірде- бір құс қалмады,ал Әсел,Аниса, Арманда бір-бір құстан бар».

2-ші бөлім. Педагог бір қатарға 4 карточка қояды. Балаларды біртіндеп тақтаға шақырып қай карточкада көп жалау, қай карточкада аз жалау ал қай карточкада мүлдем жалау жоқ екенін көрсетуді сұрайды. Одан кейін карточканы көрсете отырып неше жалау бар екенін сұрайды? Т.б.

2

Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыру. Заттар арасында бір-біріне ұқсайтын жерлерін көрсету. Көп, біреу,бір- бірден ұғымдарын сабақ барысында қолдану.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар (шыршалар,қояндар мен машиналар бала санына байланысты)

Сабақ барысы: Балалар үстелге қарма-қарсы жартылай шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші машинаға салып шыршаларды алып келеді.Балалардың назарын машинада қанша шырша бар екендігіне аударады.Қолына шыршаны алып балаларға сұрақ қояды: «менде неше шырша бар? Ал көлікте неше шырша бар?»Балаларға бір-бір шыршадан алуға ұсыныс жасайды. Балаларды біртіндеп өзіне шақырып әр қайсысы неше шыршадан алғанын сұрайды және бір бала бір шыршадан алу керек екендігін айтып өтеді. Ал көлікте шыршаның азайып бара жатқанын айтады,сонында машинада бірде- бір шырша қалмай қалғанын айтады.

Бұның қалай болғанын анықтау үшін балаларға сұрақ қояды:Шыршаның түсі қандай? Айнұрда неше шырша? Әр сұраққа 2-3 баладан жауап қайтарады. Тәрбиеші балалардың сұрағын қортындылау үшін өзі жауап қайтарады: «Барлық балада бір шыршадан,ал көлікте неше шырша калды?» «Ал үстелде бірде- бір шырша жоқ». Енді үстелде көп шырша болу үшін не істеу керек ?-деп балалардан сұрайды. (Егер балалар бір- бір шыршадан үстелге әкеліп қоятын болса, үстел шыршаға толады) Әрі қарай кезекпен балаларды үстелге шақырады. Балалардан әр қайсысы неше шыршадан үстелге қойғаны туралы сұрайды. Мақсат бір шырша қойды, Арман мен Әйгерім де бір шыршадан үстел үстіне қойды. Шыршалар көбеюде.Балалар барлық шыршаларды үстел үстіне қойып болғаннан кейін педагог балаларға сұрақ қояды: «Үстелде қанша шырша бар?» «Иә үстелде шырша көп» «Біз бұл көп шыршаны қалай жинадық?»

Әрі қарай табақшада салфетканың астына жасырып қойған қояндармен жұмыс жасалынады. Тәрбиеші екі рет қояндарды таратып қайта жинап алады.Екінші рет жинағанда балалар қояндарды орманға жібереді.Балалар үстелді жағалай жүріп ойнайды. Педагог балаларға сұрақ қояды: « Орманда неше қоян бар? Ал шырша нешеу?». Соңында педагог қорытындылайды орманда қояндар мен шыршалар көп.



3.

Мақсаты: Балаларды топтың ішінен бір затты бөліп көрсету және сол бөліп алған заттардан бөлек бір топ құрастыру жұмыстарын бекіту.Осы топтағы заттардың сәйкестіктерін табу, сол топты тағыда бірнеше топтарға бөлу,балалардың сөздік қорына көп,біреу, бір- бірден ,біреу де емес сөздерін жандандыру.

Көрнекі құралдар: Екі құмыра,біреуінің ішінде сары және жасыл жапырақтардан құралған гүл шоғы, ал екінші бос.

Сабақ барысы

Балалар жартылай шеңбер құрып үстелді жағалай отырады. Педагог үстел үстіне гүл жапырақтары толы құмыраны қойып,балалардың назарын соған аударады.Қолынажапырақты алып,балаларға сұрақ қояды: «Мен қолыма неше жапырақ алдым?Ал гүл шоғында неше жапырақ?» Балаларға тапсырманы түсіндіреді: «Сендер қазір бәрін бір жапырақтан аласыңдар,сосын құмыраны қайтадан жапырақтан жасалған гүл шоғына толтыру үшін, не істеу керек екенімізді ойластырамыз .» Әрі қарай балаларды бір- бірден шақырып бір жапырақтан алуға ұсыныс жасайды,балалардың назарын құмырадағы жапырақтардың азайып бара жатқанына аударады.Соңында құмырада бірде- бір жапырақ қалмайды.

«Бұл қалай болғаны?» - деп педагог балалардан сұрайды.Балалардың жауабын нақтылау үшін «Бәрін бір жапырақтан алғанда құмырада

бірде-бір жапырақ қалмады» деп жауап қайтарады. «Балалар Айнұрдың қолындағы жапырақтың түсі қандай? Медеттің қолындағы жапырақтың түсі ше? Ал Алинұрдың қолындағы жапырақтың түсі қандай? Мерекенің қолындағы жапырақтың түсі ше? Әр баланың қолында неше жапырақтан бар? Дұрыс айтасыңдар балалар бәріне бір-бір жапырақтан бар.

Ал құмырада бірде- бір жапырақ қалған жоқ. Балалар құмыраға жапырақтарды қайтадан толтыру үшін не істеу керек?

(балалар жауап қайтарады) «Дұрыс айтасыңдар балалар егер әр қайсысымыз қолымыздағы жапырақты қайтадан құмыраға салып құмыра гүл шоғына толады. Балалар қолдарындағы жапырақтарды қайтадан құмыраға біртіндеп барып салады. Сонымен қатар педагог құмырадағы гүлдің көбейіп жатқанын атап өтеді.Гүл шоғы толығымен жиналғаннан кейін педагог қайтадан балаларға сұрақ қояды; «Қазір құмырада қанша жапырақ бар?Дұрыс айтасындар балалар құмырада жапырақ көп! Ал бұл жапырақтардың түстері қандай? Дұрыс айтасыңдар балалар бұл жапрықтардың түстері жасыл әрі сары. Сары және жасыл түсті жапырақтар көп» Содан кейін педагог балаларға қайтадан жапырақтарды бір-бірден алуға ұсыныс жасайды.

Алған жапырақтардың түстерін атауды сұрайды. Содан кейін бірінші сары түсті жапырақтарды,жоғары көтеруді сұрайды одан кейін жасыл түсті жапрырақтарды көтеріп оларды сермеуді сұрайды.Жапырақтарды көтерген сайын жасыл жапырақ пен сары жапырақтың көп екендігін педагог айтып отырады.

Педагог үстелге тағы да бір құмыраны қояды.Сары жапырақтарды бір құмыраға ал жасыл жапырақтарды бір құмыраға топтастырып қоюды шешеді. Балалар барып екі құмыраға кезек- кезек жапырақтарын салып қандай түсті жапырақ салғандарын атап өтеді. Педагог қорытындылау үшін балаларға бір құмырада сары жапырақ, ал екінші құмырада жасыл жапырақтар салынғанын көрсетіп, олардың көп екендігін атап өтеді.


4.

Мақсаты: Балаларды әр түрлі- түсті екі сызыққа көп және аз заттарды орналастыруға жаттықтыру.Ол заттарды жай ғана орналастыра салмай белгілі бір тәртіппен орналасытруға үйрету. Жолақшалармен жұмыс істегенде оң қолмен солдан оңға қарай бағытта қоюды үйрету.

Жолақшалардың түстерін ажыратып неше ойыншық екенін санауға үйрету.Педагогтың айтқанын мұқият тыңдап, берілген тапсырманы қатесіз орындауға үйрету.

Сабаққа алдын ала дайындық: Сабақ басталмас бұрын балалардың әр қайсысының үстеліне әр түрлі тастар салынған қорапшалар қойылады.

Қызыл және сары түсті сызықшаны бір-біріне қарма-қарсы қояды. Барлық балада сызықшалар біркелкі орналасуы керек.

Сабақ барысы

Балалар үстел үстінде жұмыс жасайды.Әр үстелде 4 баладан аспауы керек.Педагог: «Балалар үстел үстінде қорапшада түрлі -түсті тастар

жатыр, біреуін алып қараңдар қандай әдемі! Алмас, Аман және Гүлнар

неше тастан алды балалар? Дұрыс айтасыңдар бір тастан алды.Тасты

қайтадан қорапшаға салып қойыңдар. Балалар оң қолдарында көтеріңдерші. Егер де балалар оң қолмен сол қолды шатастыратын болса, мынау оң қол

ал мынау сол қол деп балаларды түзетеді. Балалар сол қолдарыңды көк жолақшаға ал,оң қолдарыңды қызыл жолақшаға қойындар.Көк жолақша

сол қолдарыңның жанында ,ал қызыл жолақша оң қолдарыңның жанында орналасқан. Көк жолақшаға бір тас ал қызыл жолақшаға көп тасттар қойыңдар.Тастарды қойғанда оң қолмен алып сол жағынан бастап қоясыңдар.Сол қолмен жолақшаларды басып ұстап тұрыңдар.

Жұмыс барысында педагог балаларға көмектесіп жүреді. Балалар тастарды орналастырып болғаннан кейін, педагог 3-4 баладан көк жолақшаға неше тас, қызыл жолақшаға неше тас қойғандарын сұрайды.

Одан кейін балаларға сызықшаларды ауыстырып қоюға нұсқау беріледі. Қызылды сол жаққа, ал көкті оң жаққа қою керек.Қызыл жолақшаға көп тас ал көк жолақшаға бір тас қою керек екендігін атап өтеді.

Соңында сабақты қорытындылау үшін педагог балаларға бірнеше сұрақтар қояды: « Қызыл жолақшада неше тас, көк жолақшада неше тас орналасқан? (көп,аз,мүлдем жоқ)


5.

Мақсаты: Балаларды екі түсті жолақшаға берілген заттарды саны бойынша орналастыруға әрі қарай жаттықтыру. Берілген заттарды оң қолмен алып сол жақтан оң жаққа қарай орналастыруға үйрету. Жолақшалардың түстерін атай білу, сол жолақшада орналасқан ойыншықтар санын атай білу,педагогтің нұсқауын орындауға үйрету,тек қана өз ойыншықтарын ғана қолдануға,басқа балалардың ойыншықтарын рұқсатынсыз алуға болмайтынын қалыптастыру.

Сабаққа алдын ала дайындық: Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы алдыңғы сабақтағыдай ,тек қана ойыншықтардың түрі басқа.

Саңырауқұлақтар, шыршалар, үйректер.

Сабақ барысы

Сабақтың ұйымдастырылуы алдыңғы сабақтан еш айырмашылығы жоқ. Педагог балалардан әр жолақшада неше ойыншықтан орналасқаны жайлы сұрайды. Педагог сұрақ қою арқылы жауап бере алмайтын балаларға көмектеседі.

Осы сабақта тек 2-3тапсырма ғана беріліп сол тапсырмалармен жұмыс істелінеді.

6.

Мақсаты: Балаларды көп заттарды тауып алуға , сол топ заттардың ішіне бір затты бөліп алуға үйрету. «Бір»сөзін қолдану. Мысалы: «Бір тауық, көп қояндар» немесе «Қоян біреу, көп тауықтар». Көп,біреу,бір бірден,біреуі де емес барлық заттардың ішінен белгілері бірдей заттарды ажыратып алу.

Сабаққа алдын ала дайындық:Сабаққа дейін тәрбиеші ойыншықтарды орналастырады.Бір үстелге әр түрлі ойыншықтарды біреуден ғана қойса,екінші үстелге сол ойыншықтардың бірнешеуін қояды.Барлығы 4-5 түрлі ойыншық қойылады. Ойыншықтар көлемі бойынша үлкен болмауы тиіс,бала барлық ойыншықтарды қолына сидырта ұстай алуы керек. Терезе алдына екі құмыра қояды. Бір құмырада қызыл және ақ гүлдер болса екіншісі бос болады.Балаларды жартылай шеңбер етіп ойыншық қоятын үстелге қарма-қарсы отырғызады.

Сабақ барысы:

І-ші бөлім. Тәрбиеші балалардың назарын үстел мен орындықтарда тұрған ойыншықтарға аударады. Тұрған ойыншықтарға нұсқап қандай ойыншық екенін айтып берулерін сұрайды. Балалар жауап береді. Педагог балаларға әрі қарай қандай тапсырама орындайтыны жайлы және ол үшін не істеу керектігін түсіндіреді. «Бүгін сендер мен қанша ойыншық әкел десем соншасын әкеліп үйренесіңдер. Егер мен сендерге бір қоян әкеліп беріңдер десем,сендер қоян тұрған орындыққа барып маған сол қоянды әкеліп бересіңдер»- деп тәрбиеші іс- қимылмен балаларға мысал ретінде көрсетіп өтеді. «Мен бір қоян әкелдім» ал егер мен сендерге көп тышқан әкеліп беріңдер десем сендер маған тышқан тұрған орындықтан алып, әкеліп бересіңдер.Балалар қандай және қанша ойыншық әкелгендерін айтып береді. Егер бала қойылған сұраққа жауап беруден қиналаса,педагог қосымша сұрақ қою арқылы, жауап алады.Мысалы: «Сен не әкелдің? Неше қоян әкелдің?»

ІІ-ші бөлім: Педагог балаларға қызыл және ақ гүлдерден құралған гүл шоғын әкеліп көрсетеді. Балалардың назарын гүл шоғында гүлдер көп екеніне аударады. Педагогтің айтуы бойынша балалар бір-бір гүлден алады.

«Гүлдің түсі қандай? Әр балада неше гүлден?»- деп педагог балаларға сұрақ қояды. Кызыл гүл де, ақ гүл де көп екенін айтып өтеді.

Балалар ақ гүлдерді бір құмыраға, қызыл гүлдерді бір құмыраға кезектесіп апарып салады. Әр құмырада неше гүлден болды және олардың түстері қандай екенін атап өтеді. Гүл шоқтары өте әдемі болып шыққанын айтады.


7

Жаңа Жылға аңдар қалай дайындалады.

Мақсаты. Заттарды берілген классификация бойынша топтастыру(өлшемі, түсі, пішіні), арнайы белгілермен қолдану (қолдануға болатын және болмайтын), ереже бойынша заттың оймен таңдап алу.

Құрал-жабдық. Шырша және шардың 3-өлшемді суреттері, әртүрлі пішінді сыйлық қорапшалары(3-түрлі)-қолдануға болатын белгісі бар 24 карточка,ойын персонаждары(кірпі, қоян, түлкі).

Сюжетті дамыту.

Педагог:

Бір күні Кірпі, Қоян,Түлкі жаңа жылдың алдында орманнан шырша алып келуге барады. Оларға үш бірдей шырша ұнап қалды.

Балаларға үш өлшемі әр түрлі шырша беріледі.

Педагог:

-.Биіктігі бойынша бұлар бірдей ма әлде әртүрлі ме?

Олардың жауабын тыңдау:биік, төмен және кішкентай.

Педагог:

-Кірпі ұзын шыршаны шауып ала алмаймын,ал қысқаны алсам, үйге дейін апара алмаймын ,деп ойлайды. Кірпі қандай шыршаны таңдады?

Балалар мұны карточканың көмегімен көрсетеді.

Педагог:Қоянға қандай шырша болса да бәрібір болды, тек ол түлкімен ренжісіп қалмасам болды -деп ойлап отырды.Егер Қоян таңдағысы келсе, онда неше шырша қалар еді?

Балалар карточка арқылы көрсетеді.

Педагог:

-Түлкі әрдайым ең үлкенін таңдайтын, себебі үлкенірек болса, жақсы болады -деп ойлайтын. Ол ойланбастан қай шыршаны таңдады? Ал қоянға биіктігі бойынша қандай шырша тиесілі болды?

Балалар шыршаны карточка арқылы таңдайды.

Педагог:

-Әрбір аңның шыршаны қалай таңдағаны туралы айтап беріңдерші «ұзын...», «қысқа...».

Жауаптың нұсқасы: «Қоянның шыршасы Кірпіге қарағанда биік», «Кірпінің шыршасы Түлкі мен Қояндыкіне қарағанда төмен», «Түлкінің шыршасы Қоян мен Кірпінікінен биік», Қоянның шыршасы кірпінікінен биік, Түлкінікіне қарағанда аласа», «Ең биік шырша Түлкінікі, төмендеуі Қоянда, ал ең төмені Кірпіде».

Педагог. Достар шыршаны түрлі түсті шарлармен безендіруді ойлады. Кірпі сары түсті таңдады, себебі оған күзгі сары жапырақтар ұнайды. Қоян ештеңе таңдамады. Түлкі көк түсті шарлар оған ұнамайтынын айтты. Әрбіреуі қандай шардан таңдап алды?

Балалар карточкаларды қолданады.

Педагог. Достардың қолында 5 әдемі шар бар екен. Олар оны бірдей етіп бөліп алғысы келді. Ал қу Түлкі өзіне көп алғысы келіп, Қоян мен Кірпіге бірдей бөліп берем, деп ойлады. Қу Түлкі шарларды қалай бөлді?(балалардың жауабы).

Балалар ойланып (Түлкіге көп шар, Қоян мен Кірпіге 1шардан келеді)

Педагог. Осылай бөлгеннен кейін Түлкі, Қоян және Кірпі жақсы көңіл күйде болады деп ойлайсыңдар ма?

Содан кейін балалар өз жауаптарын айтады: «Кірпі ең төмен шыршаны таңдап алды, себебі оның ініне биік шырша сыймайды, ол шыршасын сары түсті шармен безендірді» дейді.


Тапсырманы күрделендіру мысалы.

Көп заттың ішінен қасиеті бірдей екі зат таңдап алу. Мысалы: өлшемі, мен түсі, түсі мен пішіні, өлшемі мен пішіні.

Қоян мен Кірпіге бірдей етіп затты бөліп беру.

8

Тосапты кім ұрлап алды?

Мақсаты. Ақпаратты алу үшін салыстыру қабілетін қолдануды үйрету. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуды үйрену, бақылау, айқындауды дамыту.

Құрал-жабдық. Еденге қойылған іздер(картоннан), жұмсақ ойыншықтар(Карлсон,

Винни-пух,Дым білмес, Шапокляк,Чебурашка, Үкі). Шабадан, кілт, құмыраның суреті салынған карточка.

Сюжетті дамыту.

Педагог:

-Балалар сендер далада серуендеп жүрген кезде балабақшада бір жағдай болып қалды. Ас бөлмесінде барлық тосап жоғалып кетті. Енді балаларға шәй ішуге ештеңе жоқ. Маған зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды, бірақ мен өзім жалғыз жүргізе алмайтын сияқтымын. Маған сендердің көмектерің қажет.Сендерге менің көмекшілерің болуды сұраймын. Сендер келісесіңдер ме?

Зерттеуді бастаймыз! Мынау менің сиқырлы шабаданым, осының ішіне зерттеуге қажет заттың барлығы бар. Бірақ, ол жабық тұр! Осы шабаданның ішінде құралсыз біз зерттеуді жүргізе алмаймыз. Мен кілтімді таба алмай отырмын, мүмкін мен оны тосапқа арналған құмыраны жасайтын досымда тастап кеткен болармын.

Балалар құмыраның суреті бар карточканы алып, ішінен ұқсасын тауып алады.

Педагог. Бәрекелді, балалар сендер сондай ақылды көмекшісіңдер!

Бұл мен іздеп жүрген құмыра ғой, міне ішінде менің кілтім де бар екен.Енді біз ұрыларды тауып алып, балаларға тосапты қайтарамыз.

Іздеуші кілтті қарап шығады.

Педагог. Мына кілттер өте көп екен.Мен құлыпқа сәйкес келетінін таба алмай отырмын. Мүмкін, менің көмекшілерім, сендер көмектесесіңдер?

Балалар шабадан мен кілттің суреті бар карточкаларды алып, сәйкес келетінін іздейді. Екі кілтті тауып алып, олардың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.

Педагог. Мен не көріп тұрмын? Менің ақылды, тапқыр балаларым маған шабаданды ашуға көмектесті. Оның ішінде хат бар екен. Хатта: «Ұрылар болған жерде көптеген іздер қалдырады». Енді ізді қайдан іздейміз? Сендер біртүрлі күдікті ештеңені байқамадыңдар ма?

Балалардың біреуі жерде жатқан іздерді көреді.

Педагог. Міне нағыз керегі осы еді ғой! Кеттік кәне, менің ақылды тапқыр көмекшілерім, тезірек осы ізбен жүрейік, ұры біздің тосабымызды жеп қоймас үшін тезірек жүрейік балалар!

Іздер балалардың қуыршақ бұрышына алып келеді, ол жерде Карлсон, Винни-пух, Дымбілмес, Шапокляк және Чебурашка болады.

Педагог. Осыларды біреуі ұрлаған ба сонда? Ұрыны қалай іздейміз?

Балалардың көбісі Карлсон -деп болжайды:бірақ оған дәлел керек. Балалар жерде жатқан іздерді осы тұрған кейіпкерлердің аяқ киімдерімен салыстыру қажет, сонда кімнің ұры екендігін білетін боламыз дейді.Салыстырудан кейін, Карлсонның аяқ киімі іздермен сәйкес келетінін білді.

Қорытынды. Балалар Карлсон туралы ,оның шатыр астында тұратынын және оның тәттіні жақсы көретінін еске түсіріп, оны кешіреді.

Танымдық міндеттерді күрделендіру нұсқалары.

Балалар Үкінің моншағын жөндеп, оның зерттеуге қатысуын ұйымдастырады. Іздеу кезінде егер екі аяқ киімнің іздері бірдей болып сәйкес болса, онда басқа әдісті қолдануға болады:

Жерде қалған іздің ара қашықытығын өлшеуге болады. Оны баудың көмегімен өлшеуге болады.



9

«Буратино кілемшесін құрастыруға көмектес» ойыны.

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін бекіту. Бөлшектерді біріктіре отырып, тұтас бір фигураны құрастыра алу қабілетін дамыту. Буратиноның кілемшесіндегі саңылауларды ақ түсті әртүрлі фигуралармен жапсыру.

Балаларға алдын ала қиылған, бірнеше бөліктерге бөлінген матадан жасалынған ақ түсті, әртүрлі пішіндер мен желім беріледі. Балалар бөліктерге бөлінген ақ түсті пішіндерді бақылап, анықтай отырып, Буратиноның қызыл кілемшесіне желіммен жапсырады. Педагог-тәрбиеші балалардың санына қарай топқа бөліп, не болмаса біріктіріп жасатуға болады.

[link] .