Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Қараша айы 04 күні 2014 жыл
Білім беру саласы: Таным
Бөлім: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: «3 санымен таныстыру ». Цифрды заттың санымен салыстыру. «Кеше», «Бүгін», «Ертең».
Мақсаты: 3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру. 3 санын өзге цифрлардың арасынан табу. «Кеше», «Бүгін», «Ертең» ұғымдарын айыруға үйрету. Балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.
Сөздік жұмысы: Сандар қатарың үшінші саны. Үш-три, сан-цифр.
Қолданылатын көрнекіліктер: 2 бос жолағы бар карточка мен үшбұрыштары бар 2 түсті тәрелкелер, балалардың әрқайсысына әр түстен 4 үшбұрыштан.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Балаларға бос жолақтарға үшбұрыш салу қажеттігін түсіндіру.Қанша десе ,сонша үшбұрыш салынуы тиіс және олар қай жерде неше үбұрыш барын айтып беруі керек. Балаларға берілетін тапсырма: жоғарғы жолаққа 1 қызыл үшбұрыш , ал төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады.
Балалардан сұраймын:
-Сендер жоғарғы (төменгі) жолаққа неше үшбұрыш салдыңдар?
Содан соң 2-3 баланың қасына келіп, олар салған үшбұрыштарды санайды. Қайсы үшбұрыш артық (кем) екенін анықтайды: 1 немесе 2. Балалалардан әр жолақтағы үшбұрыш санын теңестіруді( яғни, 2-ден болуын) сұраймын.
Балалар үшбұрыштары бар жолақтармен жұмыс істейді.
Балалар жауап береді.
Балалар үшбұрыштар тең болуы үшін не істеу керектігін табады: теңдей( 2-ден болуы үшін) болуы үшін 1 үшбұрыш қосылады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
1-тапсырма.
Балаларға жұмбақ жасырамын:
Айгүл келді бірінші боп бақшаға,
Қосылады оған Бибігүл мен Марат та,
Балдырғандарды ойнап жүрген топтағы
Санап берші сен бізге бір ойлан да.
Суретте қанша бала болса, жолақтың ішіне сонша дөңгелек салуға тапсырма беремін.
Содан соң өлең оқып беремін:
Үш дегенің екі ілмек,
Тұратын қармағын сермеп,
Үшінші боп тұратын,
Мұны әркім білмек.
3цифрының баспаша жазылуымен таныстырамын.
2-тапсырма.
Балалардан 3цифрының сандар қатарындағы орнын табуды және оны бояуды сұраймын. Көп моншақтың ішінен тек 3 моншақты ғана санап бояйды.
«Үйеңкі». Сергіту минуты.
Желменен ағаштар,
Тербеледі әрдайым.
Бір иілді,екі иілді,
Сыңғырлады жапырақтар.
3-тапсырма.
Балаларға сұрақ қоямын. :
-Қазір жылдың қай мезгілі? (күз). Балалар күз туралы білетін тақпақтарын айтады. Жылдың 4 мезгілі(күз,қыс,көктем,жаз) суреттелген суреттерді ілемін. Балалармен бірге сол суреттерді талқылаймыз, кейін күзді тауып, бояуды тапсырамын.
4-тапсырма.
Балаларға бүгін немен айналысатынын түсіндіремін. Олардан кеше не істегенін сұрайды.
Содан соң ертең не істейтіндерін сұраймын.
-Дәптердегі суретке қараңдар.Суретші ағаштың суретін бірнеше күнде салып шықты. Қайсысын қай күні салғанын суретшінің мына әңгімесіне қарап өздерің табасыңдар:
«Күзде ағаштардың жапырақтары тез түсіп қалады.Сондықтан суретті әр күні салатын болған соң оны бірдей етіп салу мүмкін емес. Мен мына ағаштың суретін кеше және бүгін салдым.Енді суреттің қайсысын кеше,қайсысын бүгін салғанымды табыңдар».
Балаларға тапсырма беремін:
-Ағашта ертең қанша жапырақ қалатын болса, сонша жапырақ салыңдар. Қанша жапырақ саласыңдар?
Балалар жұмбақты шешеді.
3дөңгелек салады.
Балалар өлеңді бірге қайталайды, жаттап алады.
Сандар қатарындағы 3 цифры мен 3 моншатқты бояйды. Тапсырманы дәптерге орындайды.
Балалар қолдарын жоғары көтеріп, өлеңнің мәтініне сай қозғалады. Өлең 2-3 рет қайталанады.
Балалар суреттермен танысқаннан кейін, жыл мезгілдерін атап көрсетеді. Суреттерді бояйды.
Сабақ оқу, серуендеу,түскі ас ішу,ұйықтау және т.б. Театрға бардық, сурет салдық, ойнадық, серуендедік,теледидар қарадық. Балабақшаға барамыз, қонаққа барамыз, театрға барамыз.
Балалар суретшінің кеше және бүгін салған суреттерін санайды. Күнде екі жапыраққа кеміп отырғанын аңғарады. Олай болса,ертең салатын суретте ағаштың жапырағы тағы екіге кемиді. Кеше салған ағашта 6 жапырақ болды. Бүгін салған ағашта 4 жапырақ қалды, олай болса, ертең салатын ағашта 2 жапырақ болады. Балалар үшінші ағашқа 2 жапырақтың суретін салады.
Рефлексиялық- түзетушілік
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
-Балалар енді 3 саны туралы тақпақ айтып беріңдер.
Оларды атқарған жұмыстары үшін мадақтаймын.
Балалар өз жұмысын менің қолымдағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтижелер:
Қолдана алады:.3 цифрын «кеше, бүгін, ертең» деген ұғымдарды дұрыс қолдана білуді, жыл мезгілдерін (күз) білу;
Түсінеді: сандар қатарынан 3 цифрының орнын табуды;
Жаңғырта алады: «кеше, бүгін, ертең» ұғымдарымен сөйлем құрастыра білуді.