Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы№5
Технологическая карта организованной учебной деятельности№5
Күні/Дата: 5 .09.16
Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Оку іс- әрекеті/ Организованная учебная деятельность;
Бөлім/Раздел: Экология
Тақырыбы/Тема: «Ыдыстар әлемі»
Міндеттер /Задачи:
Ыдыстардың әртүрлі материалдардан жасалатыны туралы түсініктерін кеңейту, сапасымен таныстыру; ыдыстардың тікелей пайдасы мен қажеттілігі туралы білімдерін кеңейту;
Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;
Танымдылық қызығушылықтарын дамыту.
Полингвальды компонент/Полингвальный компонент: ыдыс-посуда-crockery, тәрелке-тарелка-plate, шанышқы- вилка-fork, пышақ-нож-knife.
Технологиялық қамтамасыз ету/Технологическое обеспечение: әдемі қорапша, кітап, ойыншық ыдыстар(кастрөл, қасық, тегеш, стақан).
Іс-әрекет сатылары
Этапы
деятельности
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Действия воспитателя
Балалардың іс-әрекеті
Действия детей
Мотивациялық -оятушылық
Мотивационно
побудительный
Тәрбиеші балаларға әдемі оралған қорапшаны көрсетіп, ішінен К.И.Чуковскийдің «Пұшайман Федора» кітабын алып шығады. Кітаптың суреттерін көрсетіп, оқиды:
Жүрдік өзі қанша күн?
Мен, Тасқұман, шаршадым!
Табақ айтты: «Гүл ұстап,
Үйге қайтқан дұрыс па?»
-Балалар, Федора апайдан ыдыстары неге қашты?
Балалардың жауабын тыңдап, толықтырады:
Ондықтан олар ренжіп, орманға қашып кетеді.
Федора қайғысын
Ұғады қай кісі!
Топқа Федора апай келеді, амандасып, өзін таныстырады. Балалардан көмек сұрайды.
Қорапшаны қызыға тамашалайды.
Өлеңді тыңдайды.
Өз ойларын айтады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Федора апайға көмектесуге қуана келіседі.
Ұйымдастырушылықізденушілік
организацинно-поисковый
«Заттарды топтастыр» дидактикалық ойыны
Тақтаға 3 қатар сөренің суретін іледі. Балаларға ыдыстардың, құралдардың, аяқкиімдердің суреттерін таратып береді.
Үстіңгі сөреге ыдыстарды, ортаңғы сөреге аяқкиімдерді қою керектігін түсіндіреді.Дұрыс орындауларын қадағалайды.
-Рахмет балалар, енді мен заттарды күтіп ұстаймын.
Тәрбиеші қорапшамен ыдыстарды алып кетеді.
Федора апай өз ыдыстарын танып қуанады.
Не болмаса түнімен, күнімен,
Ысқылайын қырдың қайрақ құмымен.
Тазалайын бәріңді де тегістей:
Жылтыраңдар алтын менен күмістей.
«Ыдыстар» дидактикалық ойыны
Тәрбиеші ыдыстарды үстел үстіне қойып, Федора апайдан сұрайды:
-Қонақты қарсы алу үшін қай ыдыста тамақ дайындайтыныңызды білесіз бе?
Федора апай бәрін ұмытып қалғанын айтады.
Федора апайға тамақ беру үшін балаларды үстел жасауға шақырады. Жетелеуші сұрақтар қоя отырып, ыдыстарды қойғызып шығады:
-Түскі тамаққа үстел үстіне қандай ыдыс қоямыз?
-Тәрелке (шанышқы, пышақ) не үшін қажет?
-Ал енді, Федора апайға шай берейік.
-Шай ішуге қандай ыдыстар керек?
Өлең тыңдаймыз
Қолымызда тостаған,
Қонаққа құр тоспаған.
Ішіне ас салайық,
Қане, дәмін қарайық.
Қара қазан-тайқазан,
Емес сірә жай қазан.
Әжем асар қой етін,
Кейде дәмді дәу сазан.
«Неден жасалған?» дидактикалық ойыны
Балаларға ойыншық ыдыстарды таратады. Оны атап, неден жасалғанын, не үшін керектігін айтуды ұсынады.
Кастрөл...
Қасық.....
Тегеш...
Стақан...
Сергіту сәті
«Тоқаш» өлеңін оқып,сергіту сәтін жасайды.
Дәптермен жұмыс
«Не артық?»
Ыдыстарды салыстырып, артық затты сызып тастауға тапсырма береді.
Топтастырады, айтылған орынға қояды, дәлелдейді.
Федора апай тыңдайды.
Өлеңді тыңдайды.
Ойынды қызыға ойнайды.
Үстел үстіне қажетті ыдыстарды қояды.
Сұрақтарға жауап береді.
Шай ішуге керек ыдыстарды үстел үстіне жалпақ табаққа салып әкеледі атайды.
Өлеңді тыңдайды.
Ойыншық ыдыстарды атап, не үшін керектігін, неден жасалғанын айтады.
Жұмбақ шешеді.
Дәптердегі тапсырманы орындайды, түсіндіреді.
Релектік-түзеу
Рфлексивно-коррегирующий
Қорыту
- Федора апай, айтыңызшы, ыдыстар қандай болу керек?
-Олар неден жасалған?
Федора апай балаларға рахметін айтып, ыдыстарын алып, қайтады.
Тәрбиеші балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін аяқтайды.
Федораның ыдыстарын беріп, оны шығарып салады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат
Білу керек/Знать: ыдыстардың әртүрлі материалдардан жасалатынын.
Болу керек/Иметь: ыдыстардың әртүрлі тағамдарға арналатынын
Үйрену керек/Уметь: ыдыстардың пайдасы мен қажеттігін және оны күтіп ұстауды.