Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ертегілер елі – балалар театрында»
Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту. Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтары: «Шалқан» ертегісіне арналған қол қуыршақ театры. «Шалқан» ертегі мазмұнына сәйкес сурет-таблицалар. Шұбар тауық муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет-таблицалар. «Үйшік» ертегісінің мазмұнына сәйкес үстел-үсті театры. Аю костюмы, магнитті тақта, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: ертегі айту, сахналау, сұрақ-жауап.
Билингвалды компонент: ертегі-сказка, аю-медведь, тауық-курица
Ұйымдастырушылық-оятушылық
Балаларды ынталандырып, сезімдерін ояту мақсатында
Оқу-іс әрекеті шаттық шеңберінен басталады:
-Достығымыз жарассын,-деп келген қонақтармен амандасайық. (Балалар өлең жолдарын қайталап, келген қонақтармен амандасады.)
Күн шығыпты алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіз бе?
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз тату болайық!
-Бүгін бізде өзгеше оқу-іс әрекеті болады,қане бәріміз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне аттанайық.
Шаттық шеңберін жасайды. Келген қонақтармен амандасады.
Сиқырлы пойызға отырып, ертегілер еліне баруға дайынд. Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, А.Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер әнінің ырғағымен пойыз болып қозғалады.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
1-аялдамаға келдік, қане, мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші?
Қане, балалар, біз «Шалқан» ертегісін есімізге түсірейік.
-Ал енді саяхатымызды жалғастырайық.
2-аялдама мына жерде қызық суреттер ілініп тұр, балалар. Қане, қарайықшы, бұл қандай ертегі? Суретте не бейнеленген? Қабырғадағы суреттерге қарап балалар бұл «Үйшік» ертегісі екенін айтады. Балалар «Үйшік» ертегісін үстел үсті театры арқылы сахналайды. Соңынан кім Үйшікке бірінші болып кім келді? Тағы кімдер келді? 4-болып кім келді? Аю не деді?
Ғажайып сәт. Есік қағылып, аю келеді, жылап тұр.
Балалар суреттерге назар аударады. «Шалқан» ертегісі деп жауап береді.
Балалар жарты шеңбер құрып отырады. Ертегі кейіпкерлерін қол қуыршақ театрын пайдалана отырып балалар ертегіні сахналайды.
Қабырғадағы суреттерге қарап «Үйшік» ертегісі деп жауап береді.
Балалар аюды көріп таң қалады.
Рефлекстік түзету
-Аю саған не болды? Неге жылап тұрсың? Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып, балалардан үйшікті құрастыруды сұрайды.
-Аюға көмектесеміз бе, балалар? Олай болса, алдымен аюды көңілдендіріп алайық, балалар?
Сергіту сәті:
-Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
3-аялдама: Магнитті тақта бұрышында орналасқан Шұбар тауықтың муляжі, тақтада сурет-таблицалар.
-Балалар, мұнау не?
-Тауық.
-Қандай тауық?
-Шұбар тауық.
-Олай болса, бұл қандай ертегі?
«Шұбар тауық» ертегісі
Үнтаспадан шұбар тауық дауысы:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар? Сендер мына суреттерге қарап ертегіні айтып бере аласыңдар ма?
Енді сендерге өтініш,менің балапандарымның қарны ашып қалыпты ,соларға арнап тары
дайындап бересіңдер ме?
-Қане, балалар бәріміз бірігіп аюға
үйшік құрастырайық.Шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектесейін бе?
-Балалар біз қайда бардық? Не істедік? Не көрдік?
-Саяхатымыз ұнады ма?
Балалар аюға көмектесуге тырысады.
Балалар, «иә» деп жауап береді.
Біз сиқырлы поездға мініп ертегілер еліне бардық еліне бардық. «Шалқан», «Үйшік», «Шұбар тауық»ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп,ертегілерді
еске түсірдік. Аюға,шұбартауыққа көмектестік деп жауап береді.Балалар ұнағанын айтып,жарыса жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Суретке қарап мазмұнын айта білу.
Түсінеді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін,қимыл-қозғалысын ойнап келтіру.Ермексазбен,конструктордан еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.
Істей алу: Сөздерді анық айтып есте сақтау қабылеттерін дамытты.Ертегіге еніп қиялдауды үйренеді.